Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Тәрбие сағаты "Наурыз аруы - 2015"
[ Скачать с сервера (70.5 Kb) ] 2015-03-26, 9:40 PM
«Наурыз аруы – 2015» Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар, бүгін біздер 4 «Ғ» сыныбында болғалы жатқан үлкен мерекеге жиналып отырмыз. Қош келдіңіздер! Бұл – көктем мерекесі. Наурыз айы – ұлы мерекелер айы. Наурыз айы – асыл аналар мен ару қыздар мерекесі және Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі болады. Осы мерекелі айға біздің сынып оқушылары да, өз үлестерін қосып жатыр. Ол бүгінгі «Наурыз аруы – 2015» байқауы. Бұл байқау 2 бөлімнен тұрады. 1-бөлім 4 «ғ» сынып оқушыларының құттықтауы: Ән «Апа, туған күніңмен!» 1Әміржан 2Бақтияр 3Рамазан 4Али 5Мейрамбек Әлпештеген аялаған Ақ сүт берген апатайым. Салем жазып, бүгін саған, Мейрамыңмен құттықтаймын! Хормен: Ән «Наурыз» 2-бөлім «Өнер» байқауы Байқаудың негізгі шарттарымен таныстырып өтейін. 1. «Мен – қазақ қызымын» (өзін жан-жақты таныстыру) 2. Өнері (ән, би, сықақ оқу, т.б.) 3. Зерде сыны (ұлттық салт-дәстүрге байланысты сұрақтар) 4. Менің сүйікті тағамым (ұлттық тағам, оның дайындалуы) 5. Сән мен сымбат (туған күнге, қонаққа киетін сәнді көйлегі) Байқаудың бағалануы 5 баллдық жүйе. Байқау талаптары: өзін-өзі ұстауы, сөйлеу мәдениеті, жүріс-тұрысы, киімнің үйлесімділігі, эстетикалық талапқа сай болуы. Байқаудың жүрісі: 1. Гүлжайна. Армысыздар қадірменді асыл халқым Арта берсін абырой атақ даңқың Қарсы алайық, құрметтеп аруларды Ұстаған қазағымның ата-салтын. 2. Байғабыл. Ассалаумағалейкум, халқым менің Алдыменен сәлем беру – салтым менің Шығады көркем, сұлу аруларың Қарсы алып, құрметтейік асыл халқым. Олай болса, «іске сәт» дей келе аруларды ортаға шақырамыз. Байқауды бастамас бұрын қыздардың өнерін, еңбегін бағалайтын қазылар алқасымен таныстырып өтейін. 1. _________________________ 2. ________________________ 3. _________________________ Қыздарымыз әділ қазылардың алдынан өз реттік нөмірлерін алуға рұқсат. Гүлжайна. Екі шектің бірін қатты, Бірін сәл-сәл кем бұра. Нағыз қазақ, қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра, - дей отырып, арулар байқауын қасиетті қара домбырадан төгілген күймен ашайық. Әбдімомын Желдібаевтың күйі: «Еркесылқым» Күйді орындайтын мектебіміздің жанынан ашылған «Өркен» аула клубының домбыра үйірмесінің оқушылары: Байғабыл. Гүл көңілің қуаныштан өрілді, Жанарыңнан жалын нұры төгілді. Жыр ұшқындап тұр гой әне үніңнен, Көпшілікке таныстыршы өзіңді. Ортаға №1 аруымызды шақырамыз. Бірінші бөлім бойынша арулардың алған ұпай сандарын әділ қазылардан бағасын беруді сұраймыз. Гүлжайна Біздің халық өнерге мол, бай тегі Әнші деп те, күйші деп те айт оны Әнге сенің қанша икемің бар екен, Аспапты алып, жалғастырсаң қайтеді? Байғабыл Ат өнері білінбес, Бәйгеге түсіп жарыспай. Арулар төмен көрінбес Сайыста жүрсе қалыспай. Ортаға өнерін көрсетуге №1 аруымызды шақырамыз... 2-ші бөлім бойынша арулардың алған ұпай сандарының бағасын сұраймыз. Гүлжайна Қайсысы білгір, білімді, Талабына қарайық. Кімдер зерек, кім жылдам, Таланттарын табайық. Байғабыл Жас ару, жас ғұмырдың талғамасың, Қуантқан әрбір үйдің арманысың. Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда, Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын, - дей отыра, «Зерде сыны» сұрақ-жауап бөліміне шақырамыз. 1. Ұлттық тағамдарды ата 2. «Ағайын алтау, ана біреу » 1. Ұлттық аспаптарды ата. 2. «Ананың жақсылығын, ауырсаң білерсің» 1. Қазақ қыздарының ұлттық киімдері. 2. «Әкеден ақыл, анадан мейір» «Зерде сыны» бойынша арулардың ұпай сандарын беруді сұраймыз. Гүлжайна Наурыз – шыр айналған жылдың басы, Алда адамның өлшенеді өмір жасы. Қазақтың пейіліне жарасады, Әр үйде дастарханға толған асы. Байғабыл Ей, менің асқар тауым, Қазақы дастарханым. Өзіңсің бақ-берекем, Ақ қайнар бастауларым. Келесі кезекте әр ару өзінің дастархан мәзірімен таныстырады. №1 №2 №3 №4 №5 №6 №7 «Менің сүйікті тағамым» байқауының бағасы. 4-ші бөлім бойынша ұпай сандары. Арай Ал, халайық, ықыласпен демейік, Арулардың сән үлгісін көрейік. Сыры мен сымбатына қарап біз, Әділдікпен бағаларын берейік. Байғабыл Қазіргі тамашалайтындарыңыз «сән мен сымбат» өнері. Соңғы бөлім бойынша арулардың ұпай сандары. Құрметті достар, бәріміздің осы жерге жиналып отырған себебіміз, сыныптас достарымызға қолдау көрсету, бірге қуану. Мұндай қолдауды әрқашан достар көрсете біледі. Көрермендер мен жанкүйерлерге көп рахмет! Әділқазыларымыз қорытынды бағасын шығарғанша, кезекті бір әнге берейік. Ән ____________________________________ Гүлжайна Өнерменен өрге жүзіп шарықтадың, Мақсатыңды талаппен анықтадың. Сан қырлы таза гауһар секілденіп, Қуантады өзіңді танытқаның. – дей отыра, байқаудың қорытындысын айтуға сөз әділ қазы алқасы мүшелеріне беріледі. Байғабыл Қош дейміз, әлі талай сайыстар бар. Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар. Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге, Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар! – дей отырып, бүгінгі «Наурыз аруы – 2015» байқауын аяқтаймыз.
Категория: Начальная школа | Добавил: айгул7532 | Теги: Ақтау қаласы №23 орта мектеп
Просмотров: 1024 | Загрузок: 7 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 11:55 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru