Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

сынып сағаты "Елбасы және ел мұраты"
[ Скачать с сервера (20.8 Kb) ] 2015-03-26, 10:12 PM
Сабақтың тақырыбы: Елбасы және ел мұраты.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Елбасы - ел мұраты туралы оқушыларға түсінік беру.Оқушылар бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін,елге деген құрмет сезімін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:Суреттер,тарихи кезеңдерді бейнелейтін кітаптар,шарлар,буклет,мақал-мәтелдер,Астана қаласын бейнелейтін суреттер,Қазақстан картасы,Аңыз адам тақырыбы бойынша суреттер,киіз үй,ғарышкерлер суреттері.
Тақтаға суреттер ілемін,ол үшін сендердің көмектерің қажет.
Сендер сұрақтарға жауап берулерің керек.
1.Біздің Отанымыз.Қазақстан Республикасы.
2.Қазақстан Республикасының Президенті кім?. Н.Ә.Назарбаев.
3.Қазақстан Республикасының Туының түсі қандай?. көгілдір.
Туда қандай құс бейнеленген?. қыран құсы.
4.Біз қандай тілде оқимыз?. Қазақ тілінде
Міне балалар сендер сұрақтарға жауап бердіңдер.Сендер өте ақылдысыңдар.Тақтаға күннің суреті,гүлдер,бәйтерек,қарлығаш
тар ойнап жүрген балалар суреттері.Бұл бейбітшілік,бақытты өмірді бейнелейді.
Міне балалар өздерің көріп тұрғандай біз бейбіт,бақытты Отанда өмір сүріп келеміз.Біз бақытты балалармыз!.
Шаттық шеңберін құрайық.
Сары,ақпыз,қарамыз,
Бәріміз де баламыз
Бір қалада тұрамыз,
Бір мекепке барамыз.
Ақ қара деп бөлмейміз,
Бір жыл туған төлдейміз.
Туысқанбыз,татумыз,
Биіктерге өрлейміз.
Біз тату,бақытты балалармыз.

Осы бақытты өмір бізге оңайлықпен келген жоқ.Мына тарихи кезеңдерді бейнелейтін суреттерде көріп тұрғандай ата-бабаларымыз осы жерімізді қорғап келген.Талай жаугершіліктен елімізді қорғаған батырларымыз Бөгенбай,
Қабанбай,Наурызбай,Райымбек батырлар.Исатай мен Маханбет
Абылай хандар тағы басқа батырлар.
Ата бабаларымыз аңсаған күн туды.Қазақстан Республикасы
Тәуелсіз ел болды.Азаттық үшін болған екі жарым ғасырдан астам уақыт күрестен кейін қазақ халқы тәуелсіздікке 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол жеткізді.
Ән.»Үшқоңыр» әнді балалармен бірге есту.Әнде не туралы айтылады?.Әңгімелеу.
Әнді бұрын естігендерің бар ма?.
Білесіңдерме балалар бұл әннің авторы біздің елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев.
«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы,Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында
дүниеге келген.
Елбасымыз өз еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастаған.Нұрсұлтан Назарбаев жақсы оқуға,білімді болуға
ұмтылған.Үлкендерді құрметтеп,өте белсенді іздемпаз болған
Осындай екбекқорлығымен көптеген қиындықтарды жеңіп,
мемлекетіміздің басшысына дейін көтерілді.
Н.Ә.Назарбаев біздің көпұлтты тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Президенті болып табылады.
Ал балалар кімнің Президент болғысы келеді?.Балалар өз ойларын армандарын айтады.
Олай болса Президент болу үшін қандай қасиетке ие болу керек,Президент қандай болған екен?.
Нұрсұлтан Әбішұлы кішкентайынан спортты,белсенді демалысты жақсы көрді,сол себепті республикадағы барлық тұрғындары спортпен айналысып,дені сау және бақытты өмір сүргендерін армандайды.
Біздің Елбасымыз кітап оқығанды өте жақсы көреді,тіпті бірнеше кіттаптар авторы.Домбыра шертіп,ән айтқанды ұнатады.Өлең жазып, ән шығарады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұран авторының
бірі болып саналады.
Әнұранның сөзін жазғандар:Жұмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан
Назарбаев.
Әуенін жазған:Шәмші Қалдыаяқов.
Қазақстан Республикасының Әнұраны қойылады.Балалар тыңдап қосылып айтады.
Балалар есте сақтап қалуы үшін суреттерін көрсетемін.
Ән айтамыз:»Отаным»
Отаным – тірегім,
Оаным – жүрегім.
Отаным – жігерім,
Отаным – білерім.
Отаным – күндерім,
Отаным – үндерім.
Отаным – гүлдерім,
Ән.Қазақстан жалауы.
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен тек,
Елдің ашық қабағы.
Қайырмасы:
Ақ ниетті алтын күн
Ақақ арман қыраны
Жалауы бұл халқымның,
Мәртебесі Ту, ары.
Бұлт баспасын күнімді,
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау Туымды –
Қасиетті борышым.
Туды сыныпқа алып кіреміз.Ту туралы балалар ойын кеңейту үшін әңгімелеу.
Мемекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков.
Тудың көгілдір түсті болуы – ашық аспанның белгісі.
Тудың ортасында шұғылалы алтын күн – Тыныштық пен байлықтың белгісі.
Бүркіт – еркіндіктің,бірліктің үлкен арманның белгісі.
Ұлттық ою – қазақ халқының тарихына,мәдениетіне және ұлттық салт – дәстүрге деген құрметті білдіреді.
Ән: Елтаңбасы елімнің.
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт,әдемі!
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
Қайырмасы:
Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында
Талай – талай тер тамған.
Билігім өз қолымда.
Еркіндігім – Елтаңбам!
Елтаңба туралы балалармен әңгімелеу.
Балалар тақтада күн сәулесінің астында ненің суреті тұр?
Бәйтерек әсем қала Астанада орналасқан. Астана туралы әңгімелеу.
Тақпақтар айтамыз.
Астана суреттерін көрсетіп,балалармен бірге әңгімелеу.
Тарихи кезеңдерге тоқталамыз.
1991 ж қазан айында Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.
1992 ж 4 маусымда Мемлекеттік рәміздері Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.
1993 ж Төл теңгеміз дүниеге келді. Теңге түрлерін көрсетемін.
2006 ж Жаңа Ән ұран қабылданды.
Елорда Алматыдан Астанаға көшірілді.
Астана туралы тақпақтар:
Елорда.
Астана қала – құтты төр,
Киелі дала,құтты жер.
Ақиқат етіп аңсарды,
Арманы асқақ ұтты ел.
Астана қала - шат қала,
Танылған алыс,жатқа да.
Жүрегі ол Ұлы Отанның
Соға бер мәңгі, тоқтама!.
Міне балалар адам сенгісіз уақытта Астана қаласы көркем қала болды.Бұл елбасымыздың көрегендігінің арқасында.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел мұраты үшін тарихқа енетін көптеген жұмыстар атқарды.
Еліміздің өсіп – өнуі үшін,жастардың білім алуы үшін сансыз жұмыстар атқарды.Мұның барлығы ел мұраты, мақсаты үшін.
Елбасымыз аңыз адам – тарих бойы арман еткен заманға,Егеменді ел болып еңсемізді көтердік.Елбасымыздың
көрегендігі , болашақты көре білгендігі арқасында Қазақ елін дүние жүзі таныды.
Бұл бейбіт,бай,сауатты,күшті ел сендердің елдерің балалар!
Еліңді,халқыңды сүй!
Ал енді мынандай сұрақтарға жауап берсеңдер кішкене шаңырағымызды тұрғызамыз.
1.Елбасымыз кім ?
2.Қазақстан Рәміздерін ата.
3.Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл?
Міне балалар қазақ үйімізді құрып алдық.»Отан отбасынан басталады» - деген халқымыз.Ата – анамызды,бауырларымызды
сыйлай біліңдер.
Сабақты былай қортындылаймын:
Қыран құсым көк аспанда самғасын.
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас ұландар берік ұста туыңды!
Жарқыратып туған елдің таңбасын!
Бақыт құсы әр адамға қонып бір.
О,Тәңірім бізді баққа жолықтыр.
Отан туралы мақал – мәтелдер.
Отан туралы өзімнің шығарған өлеңімді оқып таныстырайын.
Отан.
Қасиетті домбыраға әуен болған,бұл Отан!
Батырлар мен хандарға,Ұлы болған бұл Отан!
Бейбарысты аңсаттырып,диуана қылған бұл Отан,
Қаны қазақ жұртына қасиетті бұл Отан!
Құдіретіңнен айналдым,қасиетті ұлы Отан!
От шашқан соғыста,күш болған бұл Отан,
Ажалды ұмыттырып,қуат болған – бұл Отан.
Тарыдай шашылған қазағыма, арман болған бұл Отан!
Желтоқсан мұзында,жалын болған,бұл Отан.
Талай ақын – жыршыға шабыт болған,бұл Отан.
Көрдің бе? қасиетін Отанның
Отан – ол қаның,жаның,шаңырағың,кеудеңдегі жаның.
Отанның қасиетін,құдіретін,біл балам!
Гүлденген Отанымыздың иесі,келешегі сендерсіңдер балалар.
Сол үшін жақсы оқып,білім алу керек.
Сонда сендер де елбасымыз сияқты Президент боласыңдар.
Би : Қаражорға.
Ән:Ақ көгершін.
Сабақты қортындылай келе Аңыз адам тақырыбындағы суреттермен таныстырамын.Суретте Н.Ә.Назарбаевтың еңбек жолындағы түскен суреттерімен таныстырамын.
Балалар адам қашанда жақсы нәрсеге қарай талпыну
керек.Сендерге Н.Ә.Назарбаевтың өмірі,атқарған істері
сендерге үлгі болсын.Еліміз үшін еңбек ету әр қайсымыздың парызымыз.
Сабаққа жақсы қатысқандарың үшін барлығыңа рахмет.
Категория: Начальная школа | Добавил: Гуля9473 | Теги: сынып сағаты
Просмотров: 1116 | Загрузок: 16 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 9:09 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru