Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

[С] дыбысы және С с әріптері
[ Скачать с сервера (17.0 Kb) ] 2015-04-04, 7:35 AM
[С] Сабақтың тақырыбы: [С] дыбысы және С с әріптері.
Сабақтың мақсаты: [С ] дыбысы және әрпімен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
1.Білімділік: [С] дыбысын анық айтуға тілді машықтандыра отырып, буында, сөздің құрамында бекіту. Дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру.
2.Түзету – дамытушылық: Баланың тіліндегі [С] дыбысын айтудағы ақаулықтарын түзету, сөз қорын, сөйлем құрау қабілетін дамыту, тілін ұстарту, ойлау, есте сақтау, тұжырымдау, математикалық есептеу қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Сауаттылыққа, дербестікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Таратылым материал, көрсетілім материалы, әріптер.
Сабақтың тегі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың түрі: бекіту сабақ.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Суретпен жұмыс, жұмбақ шешу, ойын ойнау, тыныс алу, артикуляциялық жаттығулар жасау, буынға бөліп оқу.
Пәнаралық байланыс: Сауат ашу,тіл дамыту
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу.
Наргиздің өзінің жақсы көретін сәлемдесуі :
Амансың ба, Алтын күн
Амансың ба, жер ана
Амансың ба, ұстазым
Сізді көрсем қуанам.

Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.
! Бүгін біз [С] дыбысы және әрпімен танысамыз. Сабақтың барысында ойын ойнаймыз, жұмбақ шешеміз, жаттығулар жасаймыз.
2.Негізгі бөлім:
І Ұйымдастыру бөлімі:
Артикуляцияны дамыту жаттығулары
1. Ұртын үрлеу.
2. Ернін созу "у", "о"
3. Жымияды " и"
4. Қасын көтеру "Ой" (таң қалу)
5. Көзін қатты жұму
6. Дем алу және тыныс шығару: са – со – су - сы.
ІІ Негізгі бөлім
Наргиз алдымен сабағымызды бастамай тұрып мен саған жұмбақ жасырамын соны шеш , мұқият тыңдап отыр
Сауысқанды, сәбізді
Сарымсақты, сағызды
Бастап тұрған қай әріп? «С»
Қыста бар,
Жазда жоқ
Түсте бар,
Кеште жоқ «С»
Сарада бар,
Шарада жоқ
«С дыбысының артикуляциясы»
• Ерін жымиып тұрады;
• Тістердің арасы шамамен 1 мм ашық;
• Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады;
• Тілдің ортасы көтеріңкі, ортасында
жырашық болады, сонымен ауа жолы шығады.
• Тілдің бүйір жақтаулары жоғарғы азу
тістерге тиіп тұрады;
• Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады, дыбыс перделері ашылады;
Артикуляциялық жаттығулар
«Кесе», «Сағат», «Саңырау құлақтарды», «Тәтті шырын»,
«Ат шауып келеді»
«С» дыбысын дұрыс айт, анық айт.
Дұрыс. Ал енді буынға бөлейік: Ма-са. Бала алақанын соғады.
-Неше буын бар?
-2 буын.
-[С] дыбысы сөздің қай жерінде естіледі?
- Сөздің ортасында естіледі.(Барлық сөз жоғарыда мысалға келтірілгендей буынға бөлінеді, буындар саналады.) Ал енді сөздің басында келетін сөздерді буынға бөлейік, ал буынға бөлейік.
Са – сал
Со – сол, Со-на
«С» дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру. -
Жұмбақ шешеміз
Сыртылдайды күнімен,
Сыртылдайды түнімен.
Білгің келсе уақытты,
Көрсетеді тілімен. (Сағат)
Мұрны пұшық,
Көзі қысық,
Өзі пысық
Бұл не? Мысық
«С» дыбысы бар аңдар: қасқыр, арыстан, жолбарыс.
Дәптермен жұмыс
Қол саусақтарына арналған жаттығулар:
«Көзілдірік», «Қайшы», «Қоян» - тақпақты бірге қайталау.
Ауада «С» әрпін жазу.
Наргизге көмектесе отыра , яғни қолынан ұстап жазғызу.
«С», «с» әріптері, Са-ра, А-нау – со-на.
Қорытынды: Бүгінгі өткен сабағымызды қорытындылаймыз.
Есіңе сақта!
Апта деген ағайдың
Жеті бірдей ұлы бар:
Бірінші – Дүйсенбі,
Екінші – Сейсенбі,
Үшінші – Сәрсенбі,
Төртінші – Бейсенбі,
Жұма деген бесінші ұл
Алтыншы ұл - ол Сенбі
Жетінші – Жексенбі.
[С] дыбысы бар жануарларды көрсет (сурет бойынша жұмыс)
С] дыбысы бар ыдыстарды көрсет (сурет бойынша)
Суреттерді ата
Үйге тапсырма.
Жаңылтпаш жаттау
1. Асан массаж жасар,
Массаж жасап шаршар.
2. Биыл жазда маса аз,
Маса азда,
Маза аз.
-Наргиз бүгін біз сабақта не істедік?
- Қандай ойындар ойнадық?
-Тағы не істедік? Оқыдық, жұмбақ шештік.
4.Сабақты аяқтау: Баланы мадақтау, бағалау.мадақтау.

дыбысы және С с әріптері
Категория: Начальная школа | Добавил: aldan_07_14_96
Просмотров: 1261 | Загрузок: 10 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-03-19, 11:20 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru