Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Өткенді пысықтау
[ Скачать с сервера (26.3 Kb) ] 2015-04-25, 9:30 AM
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Жазбаша бөлу тәсілдерін қайталау, алған білімдерін пысықтау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, танымдық қабілеттерін, белсенділігін арттыру, есептеу дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік: шапшандыққа, өз бетімен жұмыс істеуге, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ертегі сабақ
Сабақтың типі: өткенді пысықтау.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой қозғау, сұрақ-жауап, жеке, өзіндік жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:
1-слайд.
Ғажайып сәлемдесу

Мұғалім: Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық
Оқушылар: Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз

II. Психологиялық дайындық:
-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бізге қонақтар келді, сондықтан сабақта алаңдамай еркін еңбек етіңдер! Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар. Мен сендерге сәттілік тілеймін.

III. Үй тапсырмасын тексеру (ережелер)
2-слайд.
Жалғастыр:
1. Көп таңбалы санға көбейтуді орындау кезінде дәптердің немесе дәптер сызығының шетінен...
(2-ші көбейткіште неше сан болса, сонша торкөз және оған қосымша бір торкөз қалдыру керек)

2. Нөлмен аяқталатын сандарды бөлгенде...
(ең алдымен нөлдерін қысқартып аламыз)

IV. Өткенді пысықтау
-Балалар, бүгін сабақта жазбаша бөлу тәсілдерін қайталаймыз.
3-слайд.
Ертегі кітабы
Ертегіні жақсы көресіңдер ме? Олай болса, емен ағашы туралы ертегі тыңдаймыз және оған көмектесеміз. Оған қалай көмектесеміз? Әрине білімімізбен. Ертегіні тыңдайық.
4-слайд.
орман
Ерте, ерте, ертеде достарына өкпелеген жалғыз емен өмір сүріпті. Ол 20 жасында ер жетіп, 50-ден асқан соң, қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, құрт түсіпті.
5-слайд.
емен
-Ух, жаным-ай, құрт ауруына шалдықтым. Жәрдем ете көріңдер деп, күні-түні зарлай береді. Оның даусын естіген ақ көгершін ұшып келеді.
6-слайд
ақ көгершін
-Емен ата, ауруыңыз жаман екен, мен дәрігердің кім екенін білмеймін. Дегенмен, іздеп көрейік. Балалар, не істейміз, көмектесеміз бе?
Көгершіннің тапсырмасы: Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді, 966 санын көркем жазу ...

7-слайд
......................
Сынып жұмысы
Біз еменді емдейтін дәрігерді іздеп келе жатырмыз, алғашқы тапсырманы орындадық. Енді ақ көгершінмен ары қарай аттанайық.
Ақ көгершін ұшып келе жатып, хат тауып алыпты. Хатты оқимыз ба?
8-слайд
Жалғасын тап:
Отансыз адам -
Ормансыз ..
-Қай құстың аты шықты?
9-слайд
бұлбұл
Ақ көгершін бұлбұлға болған жайды баяндайды. «Еменге жақсылық жасай көр» - деп өтінеді. Әркімнің өз жұмысы бар ғой, менің көмектесуге уақытым жоқ, - дейді. Оның уақыты жоқ болса, біз көмектесіп, мына тапсырманы орындайық.
10-слайд
Ауызша есеп
23*30 27*20
30*2 30*-30
32*10 10*12
43*30 22*20
Ақ көгершін одан әрі ұшып кетіпті. Ең биікте қалықтап ұшып жүрген қыран құсты көріпті.
11-слайд
бүркіт
Қай құс деп ойлайсыңдар?...
Оған да мән-жайды хабарлайды. Ол бірақ өзінің көмектесе алмайтынын айтады. Бүркіт үшін біз көмектесіп жіберейік.
12-слайд
Өздік жұмыс
2 5 10
70 145 975 480 370
300 232 984 321 339
1-ші қатар 2-ге бөлінетін сандарды табады
2-ші қатар 5-ке бөлінетін сандарды
3-ші қатар 10-ға бөлінетін сандарды
-Тексерейік...
Ақ көгершін одан әрі ұшып келе жатып, бір құсты көріпті. Құйрығы айыр қай құс?
13-слайд
қарлығаш
Бірақ қарлығаш өзінің көмектесе алмайтынын айтады. Онда біз көмектесейік, келесі тапсырманы орындайық.
14-слайд
оқулықпен жұмыс

V. Оқулықпен жұмыс
24 бет №2
Оқушылар екеуден шығып тақтада орындайды, қалғандары дәптерде...
-Шаршадыңдар ма? Олай болса, орнымыздан тұрып, сергіту сәтін өткізейік...

VI. Сергіту сәті «Қызыл өрік»
15-слайд
Сергіту сәті
Ақ көгершін одан әрі ұшып келе жатып, ол тағы да хат тауып алыпты. Оқимыз ба?
16-слайд
Ұйқасын тап:
Екі көзі домалақ,
Оның аты ...

17-слайд
жапалақ

«Менің күндіз көзім көрмейді, маған ренжіме мен көмектесе алмаймын», - дейді жапалақ. Олай болса, біз көмектесейік.

VII. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау»
(тақтаға оқушылар жауабын жазады)
18-слайд
Қашықтықты қалай табамыз?
Жылдамдықты қалай табамыз?
Уақытты қалай табамыз?

Сөзді есептерді оқып, тақтада шығару. 24бет №6
-Есепте не белгілі? Не белгісіз? Нені табу керек?...

Ақ қөгершін одан әрі емшіні іздеп келе жатып, тағы хат тауып алады. Аты-жөні жазылмаған. «Жоғалған сөзді тауып оқысаңдар, менің қандай құс екенімді табасыңдар» - деп жазыпты
19-слайд
Жоғалған сөзді тап:
...атпа,
Досыңды сатпа
Сөйтіп, аққуға кездесіпті.
20-слайд
аққу
Мән-жайды айтады. Аққу: осы тоғайда үйсіз-күйсіз, жұмыссыз құстар бар, солардың біреуі емдеп қалар, - дейді. Ал, енді аққудың орнына көмектесейік.
21-слайд
Бөлінгішті тап:
... : 80 = 60 (53қ) ... : 50 = 29 (15қ)
-Бөлінгішті табу үшін не істейміз?
(бөліндінің мәніне көбейтеміз бөлгішті, қосамыз қалдықты)
(кезекпен оқушылар тақтада шығарады)

Ақ көгершін ақылын тыңдап, ормандағы сенделіп жүрген бір құсқа кез болады. Ол құс көгершіннің тілегін тыңдап, менің балаларға тапсырмаларым бар, егер соны шешсе, мен олардың тілегін орындаймын дейді. Тапсырмаларын орындаймыз ба?
22-слайд
Логикалық есептер
1. Су жағасына тауықтың, үйректің 7 балапаны келді. Суда бірақ 5 балапан жүзіп жүр. Сонда 2 балапан қайда?
2. Суретші қорабынан 6 бояу алғаннан кейін, онда 4 бояу қалды. Суретшіде қанша бояу болды?
3. Атасы мен әжесінің екеуінің туған күндері бір күнде. Бірақ олар құрдас емес. Неге?
Ол құс еменге келіп, оның құрт ауруын жазған екен. Бұл қандай құс?
23-слайд
тоқылдақ
Олай болса, бүгінгі ертегімізге қандай ат қоюға болады?...
Содан бері емен жайқалып, өсіп тұр екен. Тоқылдақтарды ағаштарды құрттардан, шіруден сақтайды екен.
24-слайд
тоқылдақ ағашта
Ал жасыл өсімдіктерді, ағаштарды күтсек, біздің денсаулығымызға пайдалы екенін білесіңдер. Біз табиғатымызды аялауымыз керек!

VIII. Сабақты қорытындылау
-Ертегіміз ұнады ма? Сабақта біз қандай тақырыпты қайталадық? Қандай тапсырмалар орындадық?
25-слайд
Жарайсыңдар!

IX. Бағалау.

X. Үйге тапсырма: 24 бет №3, №4
Категория: Начальная школа | Добавил: onurkamal
Просмотров: 820 | Загрузок: 6 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 3:29 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru