Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Диалог арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін білімдерін дамыту.
[ Скачать с сервера (18.2 Kb) ] 2015-12-23, 9:24 PM
Диалог арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін білімдерін дамыту.
«Сабақ беру – жай ғана үйреншікті нәрсе емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деп Жүсіпбек Аймауытов атап көрсеткендей, оқу үрдісі үздіксіз даму үстіндегі құбылыс. Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру деңгейін ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс – тәжірибесінің қалыптасып, шыңдалуына байланысты. Сондықтан мұғалімдер қауымы еліміздің білім жүйесіне жаңа технологиялар мен заманауи әдістемелерді енгізіп, теорияларын іс-тәжірибемен ұштастыра еңбек етуде.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын Мерсер мен Литлтан өз еңбектерінде 2007 жылы атап көрсеткен. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған.
Оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады. Оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине бұл рөлдерде сыныптастарымен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ.
Мерсер зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар.
 Әңгіме – дебат;
 Топтық әңгіме;
 Зерттеушілік әңгіме;
Әңгіме – дебат барысында: ой пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады; Қарым-қатынас көбінесе «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады; орта бөлісуден гөрі бәсекелестікке бағытталған.
Топтық әңгіме барысында: айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі; Әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы; идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді;
Зерттеушілік әңгіме барысынды: әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады; әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі; қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды; қатысушалыр сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме көрінеді; Топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін, ең бастысы – келісімге ұмтылу).
Көптеген талылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түіну мен білім беруге қол жеткізу аясында табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие.
Барнс (1971ж) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлеу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Мысалы:
- Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
- Басқа адамдарда түрлі идеялар болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
- Оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
- Мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.
Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, оқушының дұрыстап және орнымен нені қашан және қалай айту қажеттігі сипатында болады. көптеген сыныптарды оқушылардың әңгімеге қатысуға құқықтары шамалы. Мәселен: мұғалімге : «Бұл көзқарас қызықты екен» деп айтуға көптеген оқушылардың дәттері бармайды. Зерттеуде тоқталғандай, мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамытпайды.
Оқушылар диалог құру арқылы өзара пікір алмасып, қарым-қатынасқа түсіп өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді; ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда оқушылар бірге ойланады, өз ойларын дауыстап айтады; болжамдарды ұсынып, талқылайды.
Осындай сценарий бойынша оқушылардың бірін-бірі тыңдап, өз жауаптарын талдайды. Бұл жұмыс істеген оқушылардың дәлелдері пікір алмасудың яғни диалог құрудың нәтижесі болып шығады. Алайда бұл пікір алмасу олар үшін қалыптағы дүние емес, сол себепті мұғалімдермен бірігіп істеген жұмыстың құндылығын түсінулеріне көмектесу керек. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы өзіндік ой пікірін жүйелеуі мен дамуына көмектесетін амал екенін меңзейді.
Диалогтік әдіс сабақта тиімді екеніне көзім жетті. Диалогтік әдісті қолданғанда бала өз ойын біреуге жетік жеткізе алады. Бұл әдіс материалды есте сақтауына себін тигізеді, баланың сөздік қорын дамытады. Мұғалім баланың алған білімі жөнінде тереңірек мәлімет алады. Диалогтік әдісті жұппен жүргізген тиімдірек пе деп ойлаймын. Жақсы оқитын оқушылар мен үлгерімі төмен оқушылар бір жұпта жұмыс жасауда үлгерімі төмен оқушылар жақсы жауап береді. Оқушылар бір-бірін білім алуға жетелейді.
Диалог- адамгершілікке үйренудің негізгі құралы болып отыр. Оқыту- оқу дегеніміз диалог, ал диалог адамгершілікке үйренудің ең тиімді тәсілі. Білім мазмұны үйретушінің талаптарымен айқындалмай, үйренушінің мұқтаждары мен мүдделерінен туындайды. Қоғамға қызмет жасау идеясы арқылы жүзеге асырылады. Әрбір сабақта оқушы тұлғасында конструктивизм, оптимизм, позитивизм, секілді жағымды қасиеттердің дамуына ықпал жасауды қажет етеді.
«Тіл –оқытуда және оқып - білуде негізгі рөл атқарады». Себебі негізгі білім алу диалог арқылы беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келіспеушілікті қабылдау деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. мұғалім сабақтарда суреттерді, әртүрлі диалогтік әдіс –тәсілдерді қолдану барысында зияткерлік дамуына әсер етеді. Бала диалог құра отырып дамиды және мұғалімімен, сыныптас достарымен қарым-қатынас орнатады. Мұғалімімен және басқа оқушылармен әңгімелесу-оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және түсінігін дамытатын маңызды құрал. Александр диалог түрінде білім беріп оқушыларды анталандыру, дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Оның пайымдауынша диалог арқылы мұғалімдер күнделікті ой - талқыларда «салауатты» келешек мүмкіндіктерін анықтап, оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Адамдар диалог әдісін қолдана отырып, талқылау, дебат, ынтымақтастық , білімді бірлесіп құру және түсінік пен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады.
Диалогтік оқыту арқылы күтілетін нәтиже: оқушының тілі, қабілеті, қарым-қатынасы, мәдениеті, достарымен бірлікте шешім қабылдауы, тыңдауы, өздері көрген жасаған дүниелерінің өмірлік есте қалуы қалыптасатынын түсінеді.
Қорыта келе, оқушылардың білетін, білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-қатынас, тілдік дағдыларының болуын талап етеді.
Әңгімелесу пәрменді құрал болып табылады, оның көмегімен мұғалім оқушылардың оқу үдерісін қолдай және дамыта алады. Сыныпта диалогті пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың білім сапасына ерекше оң әсер ете алады. Оқушылардың білімі мен ойлау қабілетін зерттеуге шынайы ұмтылу оқу үдерісіне барынша қызықтыру үшін ынталандыру болып табылады.
Бүгінгі жас ұрпақты елдің экононмикасын өркендететін,білім алуда өз бетінше әрекет ете алатын, қоршаған және өз ортасын құрметтейтін тұлға етіп қалыптасыру болашақтың талабы болып отыр. Сондықтан да білім берудегі бүгінгі бетбұрыстың үлкен мәні бар. Олай болса, жаңарған Қазақстанға–жаңаша білім беру үрдісін жетілдіретін, қиындығы мен қызығы мол жұмыста барша қазақстандық ұстаздарға табыстар тілеймін!
Категория: Начальная школа | Добавил: amangeldievashynar
Просмотров: 2993 | Загрузок: 19 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 9:13 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru