Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Қош бол, сүйікті Әліппем!
2015-12-25, 8:30 PM
ШҚО
Семей қаласы
«№25 ЖОББМ»КММ
Атамбаева Назгүл Социалқызы

Тақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппем!»
Мақсаты:
Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;
Көрнекілігі: нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», «Математика» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар, слайд.
Мұғалім сөзі: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бүгін бізде үлкен мереке, зор қуаныш. Алдарыңыздағы кішкентай бүлдіршіндер осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қуанышпен әрі жүрексіне аттап келгенде, алғаш қолдарына ұстаған оқулығы «Әліппе» болса, бүгінгі күн сол әліппені аяқтап, білім асуының алғашқы белесінен асып отыр. Әрине, бұл балалар үшін жетістік, жеңіс! Әліппе – бұл бүкіл ғылымның алғашқы есігі, білім шыңына бастайтын алғашқы соқпақ. Ендеше, сіздерді осы асуды, осы белесті бағындырған шәкірттерімнің білімін, өнерін тамашалауға шақырамын.

Сахна төріне 1 «а» сынып оқушыларын қошеметтеп қарсы алайық(екеуі бірге).
Айнұр:Ертеде шал мен кемпір болыпты. Шал кемпірге: Кемпір, менің қарным ашты, бауырсақ пісірші! – депті. Кемпірі үйде ұн жоқ дейді. Қаптың түбін қырып ал!- дейді шал.
Кемпір бауырсақ пісіріп, шалға алып келеді. Шал: терезені ашып қоя тұр, ыстық екен, суысын дейді. Терезені ашып, бауырсақты суытып қояды. Бауырсақ домалап жерге түсіп, қашып кетеді.
Әмина:Атамнан да құтылдым
Апамнан да құтылдым – деп әндетіп келе жатып, балаларға кездеседі.
- Ой мына жерде той болып жатыр екен ғой? Бұл не той?- деп сұрайды.
Балалар: әліппемен қоштасу тойы - жеп жауап береді.
Сол кезде алдынан Қасқыр шығады.
Еркебұлан:Бауырсақ, бауырсақ - мен сені жеймін дейді.
Бауырсақ балалардың артына тығыла қашып, балалар көмектесіңдерші!- деп көмек сұрайды. Балалар, әрине көмектесеміз дейді.

Әмина:Бауырсақ: Жемеші, жемеші, біз сізге тақпақ айтып, ән де шырқап береміз.- дейді.
Гулнур:Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар!
Әліппемен қоштасу тойымызға.
Мұстафа:Өтті оқу сан сабақ
Бүгінгі үлкен салтанат
Оқулықпен достассаң
Әліппемен қоштассаң
Өсті білім бойымыз
Құтты болсын тойымыз!
Наргиз
3 - оқушы: Армысыздар, аналар!
Бармысыздар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр әніміз!
«Қазақ биі»биі
Хор:Қасқыр кетіп қалады.
Осы кезде Әліппе ортаға келеді.
Азамат Серіков
Әліппе: Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол ашар,
Әліппе келді ортаға.
Білім деген ғалымның,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Әліппе: Балалар сендер мені оқыдыңдар. Сонда сендер менен не үйрендіңдер?
Оқушы: Жұмбақ, жаңылтпаш, өлең үйрендік. Жазуды үйрендік. Енді кез - келген кітапты өзіміз оқи аламыз.
Азамат Серіков
Әліппе: Олай болса, менің сендерге жасыратын жұмбақтарым бар. Кәне, соны шешіп көрейік.
Қабат қабат қаптама
Ақылын болса аттама
«Білмесбек» көрнісі
Бауырсақ әндетіп жүреді, алдынан Аю шығады:
Санжар:Бауырсақ, бауырсақ - мен сені жеймін дейді.
Әмина:Бауырсақ балалардың артына тығыла қашып, балалар көмектесіңдерші!- деп көмек сұрайды. Балалар, әрине көмектесеміз дейді.
Бауырсақ: Жемеші, жемеші, біз саған мақал - мәтел жалғастырып, ән айтып береміз - дейді.
1. Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
2. Оқу - білім бұлағы,
Білім өмір шырағы
3. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
4. Ақыл тозбайтын тон
Білім таусылмайтын кен.
«Қошақаным» күйі (Гулнур, Айғаным ,Назерке,Наргиз,Айнұр)
Әли:Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Нұртай:Білім алып мектепте
Талай пәнді оқимыз
Мұғалімнің айтқанын
Зердемізге тоқимыз.
Мәдина: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген
Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.
Айғаным:Әліппем, менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Серікжан:Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа
Еңіл емес, ауыр жол,
Тырмысып бақ намысқа
Нурдаулет: Оқуды көп ойладың
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық.
Жуманова Гулнур «Қошақаным »әні
Ақерке: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға «Ана тілін» аламыз
Ата - ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Азамат Серіков
Әліппе: Дұрыс, балалар сендер мені оқып бітірдіңдер, әріптерді жақсы меңгердіңдер. Енді сендерге ары қарай білім беретін мына Ана тілі болады.
Ендеше балалар барлығымыз ана тілін ортаға шақырайық.
Назерке
Ана тілі: Сәлеметсіздер ме, балалар.
Сәлем, достар, аман ба?
Аман болған әманда,
Ана тілін ардақтар,
Ата - бабам, анам да,
Туған тілдің тілімін,
Ақылы мен танымын
Таныстырар бәріне
Ан тілі пәнімін
Ана тілі ұраным
Ана тілім - құралым
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым
«Қайық» биі
Хор:Аю кетіп қалады.
Бауырсақ әндетіп жүреді, алдынан түлкі шығады
Әділет:Бауырсақ, бауырсақ - мен сені жеймін дейді.
Әмина: Бауырсақ балалардың артына тығыла қашып, балалар көмектесіңдерші!- деп көмек сұрайды. Балалар, әрине көмектесеміз дейді.
Бауырсақ: Жемеші, жемеші, біз саған ән айтып береміз – дейді.
Хор: Қош бол құтты әліппем.
Қорытынды Мұғалім:Әліппені жақсы меңгеріп, сауатты жазып оқуларыңа ата - аналардың қосқан үлесі мол. Сіздерге алғысымызды білдіре отырып, келесі құттықтау сөзді сіздерге беремін.
Категория: Начальная школа | Добавил: Яндекс | Теги: Назгүл, Атамбаева
Просмотров: 139 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2016-12-08, 3:13 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [165]
Педагогика [291]
Математика [778]
Физика [242]
История [335]
Классному руководителю [518]
Русский язык и литература [697]
Физическая культура [200]
Английский язык [409]
Искусство [181]
Родительский совет [14]
Биология [319]
Информатика [366]
Начальная школа [1873]
Мой Казахстан [238]
Технология [126]
Самопознание [171]
Технология труда [49]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [40]
Профессиональное образование [155]
Дошколенок [463]
География [129]
Школьная библиотека [48]
Казахский язык и литература [544]
Химия [33]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru