Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Сауат ашу "Жж дыбысы мен әрпі"
2016-01-22, 10:13 AM
1 сынып Сауат ашу
Тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты :
1. Ж дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
2. Оқушының логикалық ой-өрісін, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту.
3. Ынтымақтаса жұмыс жасай білуге, жақсыны үйреніп, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
4.Көру қабілетін сақтау
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: көрнекілік, түсіндіру, СТО стратегиялары.
Көрнекілігі: кеспе әріптер, буындар, сюжетті суреттер, суретті әліппе , жаңа әріптің баспа және жазба үлгісі.

Барысы: І Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
ІІ Өткен сабаққа шолу.
1.Дыбыс деген не? (Естиміз, айтамыз)
2. Әріп дегеніміз не? (Көреміз жазамыз, айтамыз)
3. Дыбыс нешеге бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз)
4. Дауысты дыбыстар қалай айтылады? (Созылып айтылады)
5. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? (Қысқа айтылады) 6.Сөз неден құралады?
7.Сөйлем неден құралады?
8.Өткен сабақта біз қандай дыбыс, қандай әріппен таныс болдық?
7. Ж дыбысы қандай дыбыс?
-Ж дыбысына байланысты қандай буындарды білеміз? (Ж әрпін көрету)
8.Бағандағы сөздерді оқыту.
- Балалар, біз бүгінгі күнге дейін бірнеше дыбыстармен таныстық.
- Олай болса мен бұрын танысқан дыбыстарды көрсетемін. Егер мен көрсеткен дыбыс дауысты дыбыс болса қызыл текшелерінді, дауыссыз дыбыс болса көк текшелерінді көтеріңдер.
-Ал, мен бүгін сабақты "Кім тапқыр?" деген ойынмен бастаймын. Дыбыстарды жеке-жеке көрсетемін, сендер атап, текшемен белгілейсіңдер.
Оның ішінде дауысты, дауыссыздарын ажыратады.
- Өте жақсы, балалар. Енді біз "Алма жинау" ойынын ойнайық. (Үлкен алма ағаштың суреті, жемісімен)
-—Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Мына алма ағашында, алмалар пісіп тұр екен. Әр алманың артында дыбыс таңбасы (әріп) жазылған, дыбысты атап, сол дыбысты атап , әліппе серігінен жаттаған тақпақтарымызды есімізге түсіреміз. Алманы мына себетке саламыз.

Сергіту сәті:
Toп-топ етіп басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса-жаса жарқын күн,
Жаса-жаса алтын күн.
Жаңа сабақ.
Ойын: "Ойлан тап" ойыны арқылы жұмбақ шештіру.
1. Төбеден төнеді,
Тамшысын төгеді. (Жаңбыр)
2. Ағайынды бәрі.
Шықса жасыл,
Түссе сары. (Жапырақ)
3. Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды,
Көзі шамға ұқсайды. (Жапалақ)
(суреттер)
- Осы біз шешіп тапқан сөздер, қай дыбыстан басталып айтылып тұр?
Қане, қайталап айтып, байқап көрелікші.
- Ж - дыбысынан.
- Дұрыс .
- Ж - дыбысы қандай дыбыс?
Қандай текшемен белгілейміз?
Ж дыбысының айтылу артикуляциясын түсіндіру, ұғындыру.
Бұдан кейін "Кім жылдам?" ойыны арқылы тақтаға ілінген суреттегі заттардын атауларын атату. Буынға бөлу. Дыбыстың сөз басында, ортасында, аяғында келетінін балаға өздеріне байқатып атату, аңғарту.
Суреттер: Жылқы, жапалақ, жүзім, жолбарыс, жұмыртқа, жалау.
- Енді, балалар, жалау сөзіне текшелеріңмен дыбыстық талдау жасап жіберелік.
Неше дауысты, неше дауыссыз екенін ажыратып анықтаңдаршы.
- Өте жақсы, балалар. Енді қолымызды шапалақтап осы сөздерді буынға бөліп жіберелік.
- Жақсы буынға да бөліп тастадық. Осы зеректігімізді дәлелдеу үшін "Біз зерекпіз" ойынын ойнайық. Мен сендерге алдымен дыбыстарды, сонан соң буынды, сөзді атаймын. Солардын ішінен Ж дыбысы бар дыбыс, буын, сөз кездескенде қолдарынды шапалақтайсыңдар.
Мысалы: 1. П, б, с, ж; л, ж, қ, о (дыбыс)
2. на, са, жа, ла, ба, жу (буын)
3. таға, саға, жаса, алға, жылға (сөз)
- Қай дыбысты атадық?
-Балалар, біздің апталығымыз Абай атамызға арналады. Суретке назар аударайық.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз Семей облысы, Абай ауданында туған.
-Ақын деген кім?
1. Кіріспе сұрақ қою.
- Ат жарысы деген сөзді естігенде ойларына не келеді ?
(Білгендерін айтқызу, елестету).
2. Мәтін «Жарыс».
3. Тізбектеп оқу.

Жарыс
Ауылда ат жарысы болды. Жарысқа Жомарт, Жақан, Олжастар барды. Олар тай жарысына қатысты. Жомарт сыйлық алды.
-Қандай дыбыс, қандай әріппен таныс болдық?
- Ж дыбысы. Мынау сол дыбыстың таңбасы - Жж әрпі. Көрсетіліп, тақтаға ілінеді.
Ж дауыссыз дыбыс екенін тағы да қайталап, анықтау.
Баспа түрін, жазба түрін салыстырып көрсету.
- Қане, балалар, енді осы әріпті ауаға әдемі етіп жазайық. Олармен бірге жазып көрсету. Дәптерлеріне үлгі бойынша жаздыру.
«Ж» әрпінің жазылуын көрсету.
Бірінші элементі - үлкен жолдың ортасынан сәл төмен қаламымызды қойып, солдан оңға қарай доға сызықты үлкен жол ортасынан айналдырып, төмен тартамызда, жазу жолының төменгі сызығына тигізе доға сызықты сәл көтереміз.
Екінші элементі – жазу жолының жоғары сызығының доға сызықпен қиылысқан тұсына қаламымызды қойып, оңға қарай үлкен жол ортасына дейін көлбеу сызық түсіреміз де, бұрыш жасай отырып, сызықты төмен қарай жазу жолының сызығына дейін жалғастырып, оңға қарай бұрыштап көлбеу сызықты жазу жолының үстіңгі сызығына дейін көтереміз.
Үшінші элементі – бастапқы нүктенің тұсынан екінші доға сызықты оңнан солға қарай жүргіземіз.
Кіші әрпінің жазылуы.
Бірінші элементі – жазу жолының ортасынан қаламыңды қой. Солдан оңға қарай жоғарғы сызыққа тигізе доға сыза отырып, төмен тартамыз да сызықты астыңғы сызыққа тигізе солға қарай иеміз.
Екінші элементі – доға сызықтың ортасына қаламыңды қойып, жоғары сызыққа дейін көлбеу сызық жүргіземіз. Сызықты төмен астыңғы сызыққа жеткіземіз де оңға қарай бұрыштап көлбеу сызықты жазу жолының ортасына дейін көтереміз.
Үшінші элементі – енді осы сызыққа қосылатындай етіп, солдан оңға қарай жолды толтыра тағы да доға сызық сызамыз.
ж ж ж ж ж ж ж ж ж
Көзге арналған жаттығулар
«Сөз ойла, көп ойла» ойыны
- Балалар, Ж дыбысы бар сөздерді атандаршы. (Ж дыбысынан басталатын).
- Жүзім, жүзік, жылан, жираф, т.б.

Тіл дамыту. Суретпен жұмыс.
«Жақсы деген немене ?», «Жаман деген немене ?» тақырыбында сюжетті суреттер көрсетіледі. Оқушыларға осы суреттер бойынша ой-пікірлерін айтқызу.
Суреттер мазмұны :
1. Ағашты күтіп-баптап жүрген бала.
2. Ағашты сындырып, қиратқан бала.
Қорытынды.
- Балалар, бүгін қандай дыбыспен таныстық?
- Ж дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
-Не үйрендің?
-Сабақ несімен ұнады?
- Өте жақсы, балалар. Олай болса, "Жау, жау жаңбыр" әнін айтып жіберейікші.
Жау, жау, жау, жаңбыр!
Жау, егіннің көгі өссін!
Сұлудай бұраң құрақты,
Айдын шалқар көл өссін!
Бағалау.
Категория: Начальная школа | Добавил: zhannakasenova1974
Просмотров: 1123 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 3:18 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru