Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Жүзден жүйрік
[ Скачать с сервера (65.4 Kb) ] 2016-02-05, 2:42 PM
«Жүзден жүйрік...» математикалық сайысы.
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру;
Дамытушылық: ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер, әр топқа даярланған үстел.
Түрі: топқа сайыс сағаты.
Типі: ойын түрінде.
Ұйымдастыру:
Математика елінде
Бәйгеге түсіп алысып
Көңілді сайыс жасайық
Біліммен шашу шашайық
Ал, сайыскер балалар,
Білімдеріңді сынайық

Жоспары:
1. Топқа бөліну.
2. Әділқазылар алқасын сайлау.
3. Тапқырлық сайысы.
4. Ойымды жалғастыр сайысы.
5. Қас қағым сәт сайысы.
6. Нақыл сөз шығару сайысы.

Қолданылған нақыл сөздер:
1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.
(К.Гаусс)
2. Ақыл-ойды тәртіпке келтірген математика.
(М.В.Ломоносов)
3. Математика-барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.

Оқушылар үшбұрыш және шаршы сызылған кеспелерді таңдай отырып екі топқа бөлінеді.
(Р.Бэкон)
Жүргізуші:
Білмеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді.
- дей отырып сайыскерлерімізді білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.
(Әділқазы алқасына бастауыш сынып мұғалімдері сайланды). Тақтадан бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.
Кезекте амандасу рәсімі.
I топ: «Үшбұрыш» тобы.
Ұраны:
Білікті бірден жығар,
Білімді мыңды жығар.

«Ұшбұрыш» тобынан қарсылас топқа сәлем.
Кезекте «Шаршы» тобы.
Ұраны:
Қандай сынақ болсадағы беріспе,
Әрқашан үміткерміз жеңіске.
«Шаршы» тобынан қарсыластарға сәлем.
Жүргізуші:
Мықты болсаң-алдағыны басып оз,
Мықты болсаң-арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң-тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң-бөгеттерді бұзып өт, -деп келесі сайысымыз «Тапқырлық» сайысына кезек береміз. (Бұл сайыста әр топқа логикалық есептер беріледі) Әр дұрыс 5ұпай санымен бағаланады Қай топ бірінші бастайтындығы анықталады «Үшбұрыштар» тобына және «Шаршы» тобына кезекпен сұрақтар қойылады.
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал егер екі аяғымен тұрса, оның салмағы қанша? (3кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
4. Егер үш пар ат 60 км шауып өтсе, онда бір ат неше км шауып өтеді?
5. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды? (10 торғай)
6. Ардақ, Кәрім, Айгүл үшеуі дойбы ойнады. Егер әрқайсысы екі партиядан ойнаса, барлығы неше партия ойнайды? (6 партия)

Жүргізуші:
Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы-деп кезекті сұрақтарымызды береміз.
1. Бір жанұяның бес ер баласы-деп кезекті сұрақтарымызды береміз.
Жанұяның қанша баласы бар. (6)
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі. (3 минутта)
3. Қайрат Жанардан кіші, бірақ Талғаттан үлкен. Ал Ажар Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсы. (Ажар)
4. 1т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма? (тең)
5. Асханаға 100 кг пияз және одан үш есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300кг)
6. Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?

Жүргізуші: Келесі кезекте «Ойымды жалғастыр...» сайысы:
(Әр команда шапшаң жауап беру керек)
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)
2. Білікті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға-(екі елі қақпақ)
6. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)
7. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады.)

Жүргізуші:
Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп-келесі сайыс кезегі «Қас қағым сәт» Яғни топ басшылар сайысы

Жүргізуші: Келесі кезекте «Қас қағым» сәт сайысы.

1. Үш биді ата (Төле би, Қызыбек би, Әйтеке би.)
2. Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
3. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)
4. Бір метрде неше сантиметр бар? (100)
5. Қазақша жаңа жыл қашан? (22наурыз)
6. 100:100 неше болады? (1)
7. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)
8. Көбейткіштердің орнын ауыстырғанмен... (Көбейтіндінің мәні өзгермейді)

1. Үш жүді ата (Ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз)
2. Ең үлкен үш таңбалы сан. (999)
3. Тіктөртбұрыш ауданының формуласы
4. Бір сағатта қанша минут бар? (60)
5. Бір ғасырда неше жыл бар? (100)
6. 1000-1000 қанша болады? (0)
7. Төрт қабырғасы тең қандай фигура? (шаршы)
8. Салмақтың өлшем бірліктері (мг, г, кг, ц, т.)
Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады) Музыкалық сәлем. Осымен кешіміз аяқталды, ат салысып қатысқандарыңыз көп рахмет.
Категория: Начальная школа | Добавил: akhalova1970 | Теги: Математика 3 класс
Просмотров: 543 | Загрузок: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 1:01 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru