Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Төрт түліктің кеңесі
[ Скачать с сервера (795.3 Kb) ] 2016-03-09, 4:14 AM
Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың өткен тақырыптардан алған білімдерін қайталау. Төрт түлік жайындағы білімдерін тереңдете түсу. «Төрт түліктің кеңесі» тақырыбымен таныстыру. Тақырыптың мазмұнын ашатын төрт түліктің маңызын, пайдасын, қасиетін түсіндіру. 2. Сөйлеу, әңгімелеп айта білу, өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту. 3. Бір-бірінің айтқанын тыңдап, сыйлай білуге, төрт түлікті құрметтеп, еңбектің қадірін білуге баулу. Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер, таратпа материалдар, суреттер Сабақтың түрі: интерактивті сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: кластер әдісі, сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын Сабақтың құрылымы: Кіріспе бөлім а) Ұйымдастыру кезеңі ә) Психологиялық дайындық б) Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру 2. Негізгі бөлім а) Үй тапсырмасын тексеру ә) Өткен тақырыптарды қайталау б) Жаңа тақырыппен таныстыру в) Бекіту ІІІ. Қорытынды бөлім а) Қорытындылау ә) Үйге тапсырма беру б) Бағалау Сабақтың барысы: Сынып оқушылары «Қошақаным», «Ботақаным», «Бұзауқан», «Құлыншағым» топтары болып бөлініп отырады. Оқушыларды тыныштыққа шақыру. Оқу құралдарын даярлау. Психологиялық дайындық жүргізу. Білімді ұрпақ – ел болашағы. (Екі рет қайталату) Бүгінгі сабақта біз төрт түлік жайындағы білімімізді тиянақтап, жинақтаймыз. Қазір әрбір топ өз ауылдарын таныстырады. Ауыл атауы ненің төлін білдіреді? Қошақан – қойдың төлі, ботақан – түйенің төлі, бұзауқан – сиырдың төлі, құлыншақ – жылқының төлі. Төрт түліктің атасын ата. Жылқы атасы – Қамбар ата, Сиыр атасы – Зеңгі баба, Түйе атасы – Ойсылқара, Қой атасы – Шопан ата, Ешкі атасы – Сексек ата. Әрбір топ өздеріне қатысты жаттаған тақпақтарын айтады. Үй тапсырмасын тексеру. Тапсырманы тақтада орындайды. Төрт түлікті қалай шақырамыз? Сиырды – аухау, аухау, қойды – пұшайт, пұшайт, ешкіні – шөре, шөре, түйені – көс, көс, жылқыны – құрау, құрау деп шақырамыз. Малдардың даусына қарап қалай атаймыз? Қой – маңырайды, жылқы – кісінейді, сиыр – мөңірейді, түйе – боздайды. Малдың төлдеуін қалай атайды? Бие – құлындайды, қой – қоздайды, ешкі – лақтайды, түйе – боталайды, сиыр – бұзаулайды. Төрт түлік нені қорек етеді? Түйе – алабота, теріскен, сиыр – жоңышқа, өлеңшөп, қой – жусан, ошаған ешкі – жантақ, ебелек, жылқы – қоға, жоңышқа, сұлы Төрт түліктің пайдасы. Әрбір топ өздерінің пайдасы туралы айтады. Кластер құрастыру. Өзім ұсынамын. Түйе – байлық, қой – мырзалық, ешкі – жеңілдік, жылқы –сәндік, сиыр – ақтық Жаңа тақырып. Төрт түліктің кеңесі. Мәтінді оқушыларға оқыту. Әрбір топ өз түлігіне қатысты өлең жолдарын оқиды. Түсіндіруге тырысады. Өзім де қосымша түсіндіремін. Оқушыларға оқыту. Мәтіннен сөздердің мағынасын ашатын тіркестерді теріп жазғызу. Берілген сөздер Мәтіндегі осы сөздердің мәні 1. Тұрмыс жағдайы төмен адам 2. Еңбекқор адам 3. Батыл, өжет адам 4. Шаруасы жақсы, бай адам Суретке қарап қай түлік қай жерді қалайтынын белгілеп, суретін қою. Төрт түлікті бағып-күтуге байланысты еңбек түрлерін ата. Малға жем-шөп, су береді. Қыста жылы қораға қамайды. Ауырса емдейді. Ұры, бөріден сақтау үшін күзет қояды. Сергіту сәті. «Қошақаным» әнін айтқызу. Дәптермен жұмыс Тыйым сөздерді жазғызу. Малды аяқпен теппе. Атты бастан ауыздықпен ұрма. Түйені таяқпен айдама. Мал әбзелдерін лас жерге, аяқ астына тастамайды. Мал ұстайтын құралдарды аттамайды. Малға ұрсуға, тіл тигізуге болмайды. Әрбір топқа жұмбақ жасыру Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. Осы төрт түлікке қатысты ою-өрнек түрлері де бар. Төрт түлікке байланысты ертегілер бар. Тағы қандай ертегінің түрлерін білесіңдер? Үйге тапсырма беру. Бағалау Айналайын, торпақ, Бола берме қорқақ. Айналайын, қозым, Малдан жуас бозым. Құлдырайды құлын, Желбірейді тұлым. Айналайын, ботам, Қандай күлте жотаң.
Категория: Начальная школа | Добавил: ai-ai19 | Теги: бастауыш, ана тілі, төрт түлік
Просмотров: 976 | Загрузок: 5 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 6:53 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru