Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

«Ұлы Жеңіс»
[ Скачать с сервера (19.8 Kb) ] 2016-05-10, 12:47 PM
Павлодар қаласы №7 ЖОББББММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Бердіхан Еркегүл
Сабақтың тақырыбы: «Ұлы Жеңіс»
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақ стандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту.
2.Дамытушылық: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.
3.Тәрбиелілік: Балаларды үлкен адамдарды сыйлауға, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар!
2-жүргізуші: Баршаңызды! Баршаңызды!
1-жүргізуші:7 -мамыр Отан қорғаушылар күнімен...
2-жүргізуші: 9-мамыр Ұлы жеңіс күні мерекесімен...
Екеуі қосылып: Шын жүректен құттықтаймыз!!!
1-жүргізуші: Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталған.
2-жүргізуші: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап – ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
Үнтаспадан тыңдау: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941жылы 22-маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын-қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

(Соғыс туралы өлең жолдары айтылады.) Слайд көрсету.
1-оқушы:
Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,
Жақсы үміттің шырағы жанды міне!
Аспан бетін қаптаған қара тұман,
Серпіліп зұлымдықпен сөнді түні.
2-оқушы: Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,
Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.
Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз.
Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.
3-оқушы:
Жеңіс күні ардагерлер әперген,
Желбіретіп қызыл туды көтерген.
Туған елін жау қолында қалдырмай,
Ерлікпенен ел парызын өтеген.
4-оқушы:
Он сегізде соғыс атты от кешкен,
Жараланып жас денесін оқ тескен,
Аталарым, ардагерлер, болшы аман,
Зейнетін көр бейнетіңнен мол кешкен.
5-оқушы:
Ардагерлер, ұзақ өмір сүріңдерші,
Арамызда ардақ болып жүріңдерші!
Құрметтейік жеңісті мамырдағы,
Бақыттан рахаттанып күліңдерші!
Ардагер аталарға мың алғыс!
Қызығын сыйлаған бұл дүниенің.
Келешек ұрпағының бақыты үшін,
Батырлықпен қорғаған жаудан жерін.
1-жүргізуші: Соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
2-жүргізуші: Қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді. Ол анасын, туған жерін қатты сағынғанда жазған сағыныш хаттарынан үзінді. Бұл 1942 жылдың 22-қыркүйегі еді.
Мәншүктің хатын оқу:
Қымбатты апатай! Сізді түсімде көрдім. Жалпы қазіргі өміріміз көңілді: фашистермен қару тілінде келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жеңіспен оралған соң айтатын нәрсе көп-ақ . Қолыңызды қытты қысып, құшып сүйемін. Қызыңыз Мәншүк. Менің майдандас жолдастарым сізге сәлем айтып жатыр!
Би. «Сарбаздар»
ЕШКІМ ДЕ, ЕШ НӘРСЕДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ.
ОТАН ҮШІН ЕРЛІКПЕН ҚАЗА ТАПҚАНДА
Көрініс:
(үнтаспадан Ұлы Отан соғыс туралы ән қойылады). Ж.Жабаев өз ұлын соғысқа аттандыру сәті, қоршаған халық.
1-Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқандар.
Екеуі кезекпен: Қасым Қайсенов, Талғат Бигельдинов, Нұркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова,Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазды.
2-жүргізуші: Мақал сөздің мәйегі, - дегендей..
1-жүргізуші: Батырлық пен батылдық ...
2-жүргізуші: Ерлік пен елдік ...
1-жүргізуші: Батыр мен қорқақтық...
2-жүргізуші: Ер жігіт туралы мақал-мәтел сайысына шақырамыз.
(Ортаға мақал-мәтел сайысына қатысушылар шығады.)
Сабақты қорыту.
- Жеңіс деген сөзді қалай түсіндіңдер?
- Батырлық, батылдық деген сөздер қандай ұғым береді?
- Бүгінгі тәрбие сағаты ұнады ма?
Мұғалім:
Балалар отандарыңды сүйіп, қастарлей біліңдер, ата – баба дәстүрін, әдет – ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болыңдар, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.
1-жүргізуші:
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
2-жүргізуші:
Соғыстың өрті жанбасын,
Сәбилер жетім қалмасын.
Есігінде әр үйдің,
Бесігінде сәбидің
Мәңгілік бақыт орнасын,
Екеуі қосылып: Болмасын, соғыс болмасын!
Хор: «Жойылсын соғыс» әні.
Категория: Начальная школа | Добавил: Толганай
Просмотров: 665 | Загрузок: 2 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 4:33 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru