Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

Б. Ысқақов «Отан»
[ Скачать с сервера (19.1 Kb) ] 2016-05-10, 12:50 PM
Павлодар қаласы №7 ЖОББББММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Бердіхан Еркегүл.
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы:Б. Ысқақов «Отан»

Сабақтың мақсаты:
1. «Отан» өлеңімен таныстыру. Жуан, жіңішке жұп дауыстыларды қайталау.2. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.
3. Отанын сүюге, өз Отанының патриоты болуға, оны қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сөзжұмбақ, слайд, суреттер.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық.
Әдепті елдің баласы,
Алдымен сәлем береді.
Күндей күлімдеп,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Балалар, сендер әріптердің бәрімен таныс болдыңдар. Енді осы дыбыстар нешеге бөлінеді? (2; дауысты, дауыссыз). Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? (жуан - жіңішке). Осы дауыстылардың ішінде жуан - жіңішке жұп дауыстылар қайсылар?
( а - ә, о - ө, ы - і, ұ - ү)
Онда мына сөздерді салыстырып жіберейік.
I – қатар II – қатар III - қатар
сан - сән бол - бөл тыс - тіс
бары - бәрі сұр - сүр ұн - үн
Не байқадық?
ІІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, біз қай тілде сөйлейміз? Қазақ тілінде.
- Дұрыс айтасыңдар. Яғни, біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі.
- Біз қай мемлекетте тұрамыз, біздің еліміз қалай аталады?

Олай болса балалар, біз бүгін «Отан» деген өлеңдермен танысамыз. Оқулыққа назар аударайық (49 бет).
Отанына жыр арнамаған, өлең жазбаған ақын жоқ. Суретші суретпен жеткізсе, сазгер әуенмен, әнші әнімен жеткізеді. Ендеше бүгінгі сабақта Бүркіт Ысқақовтың «Отан» атты өлеңдерімен таныс боласыңдар.
(Авторлар туралы мағлұмат) слайдта

I – ші өлеңді оқу.
Бұл өлеңде неше шумақ, неше тармақ бар?
Өлеңнің әр бөлігін шумақ дейміз. Шумақ - өлеңнің әр тақтасы аяқталған синтаксистік ой. Шумақтың әр жолын тармақ дейміз.

Өлеңді талдау.
1 - ші шумақта Отан деген ұғымға алдымен отбасың, ата - анаң, дос, бауырың, туған жерің, тұратын мекенің кіреді.
- Балалар, біздің қаламыз қалай аталады? Павлодар. Сендер үшін Отан деген ұғым осы Павлодар қаласынан басталады.
2 - ші шумақта Отан деген ұғымға – қазақ халқы, өлеңі, жыры, өткен тарихы кіреді екен.
Ал 3 - ші шумақта осының бәрін, Отанды сүюге шақырады.
- Отан дегеніміз не екен?
- Отан дегеніміз – жеріміз, суымыз, туымыз, ұранымыз, тарихымыз.
Сөздік жұмыс:
Қуат - күш, әл, дәрмен
Нәр – қорек, ас
Ұран – үндеу, шақыру, дабыл
Өлке – аймақ, өңір, атырап
Тарих – еліміздің дамуы жолындағы оқиғалар
Даңқ – абырой, атақ
Оқулықпен жұмыс:
Тармақтап оқу ( екінші өлеңді жалғастырып оқи береді).
Әр қатарға хормен шумақтап оқыту. 3 - 4 оқушыға мәнерлеп оқыту.

Дәптермен жұмыс:(Жазу дәптеріндегі жаттығуларды орындау). Ережені айтып өту.
Отан деген ұғымды қалай түсінесіңдер? Соны дәптерімізге жазып шығайық, бір - бір сөзбен (жеке сөздермен).

Венн диаграммасы.

Сергіту сәті.

Олай болса Бауыржан атамыздың өсиетін оқып жіберейік.
Ол үшін мен көрсеткен бағытпен жүріп отырып, оқимыз.
Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Тағы қандай Отан, туған ел, туған жер туралы мақал - мәтелдер білесіңдер?

Сабақты қорытындылау:
- Сонымен балалар бүгінгі сабақта қандай өлеңмен таныс болдыңдар?
- Отан дегеніміз не екен, топтастырайықшы.
өлең
ата - ана
ауыл
ел
аудан
ұран
дос
тіл
бауыр
тарих
қуат
жер
су
ту
- Балалар бүгінгі сабақты түсіндіңдер ме? (Бағдаршаммен жұмыс).

Бағалау: (Бағалау парақшасы арқылы балалар өздерін-өздері бағалайды.)
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау,ребус құрастыру, түсініп оқу.
Категория: Начальная школа | Добавил: Толганай
Просмотров: 1043 | Загрузок: 2 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 2:01 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru