Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Начальная школа

А.Құнанбайұлы «Әсемпаз болма әрнеге»
[ Скачать с сервера (183.1 Kb) ] 2017-01-05, 8:11 AM
Астана қаласы Ғафу Қайырбеков атындағы № 2 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қасымғалиқызы Лаура

Қысқа мерзімді жоспары

Күні:
Пән: қазақ әдебиеті
Сынып: 6«А»
Тақырыбы: А.Құнанбайұлы «Әсемпаз болма әрнеге»
Сабақтың мақсаты: Өлең туралы түсініктерін тереңдету, өлең мазмұнын ұғыну, өнерлі, білімді,ақылды болуға баулу.
Міндеттері: 1. оқушы белсенділігін арттыру
2. сабаққа деген қызығушылығын ояту.
3. Өлеңді түсінуде қолданылатын жұмыстар барысында ойландыру, топтық жұмыста еркіндік беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сілтеме: Қазақ әдебиеті. Авторлары:К.Ісләмжанұлы, Б.Әрінова, Р. Баттал, Е.Арын.Алматы, «Атамұра»-2015 ж. интербелсенді тақта, көрнекіліктер, тірек сөздер,постер.
Әдіс-тәсілдері: Жеке,жұптық, топтық
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, әдістемелік құралдар,бағалау критерийлері
Күтілетін нәтиже: 1. Жаңа сабақ материалын толық меңгереді.
2. Оқушылар бір-біріне сұрақ дұрыс қоя біледі.
3. Өзара пікір алмаса алады.
4. Ой қорытады.
5. Ұжыммен жұмыс жасауды үйренеді.
6. Жұппен жұмыс жасауды білетін болады.
7. Өз ойын еркін жеткізе алады.
Ұйымдастыру кезеңі:
Үй тапсырмасын тексеру(5 мин.)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1. Үй тапсырмасын тексеру Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кріп бойды алар..» өлеңін жаттап келу.
2. Ән,күй туралы өз пікрін білдіру. Екі топқа бөлініп, «Әйгерім»( қыздар) тобы ыңылдап әнмен сабақты бастайды. «Желсіз түнде жарық ай» (1 шумағы).
«Абай» тобы ( ұлдар) әнге деген әсерлерін, сүйіспеншілігін тамсанып, бір-бір ауызбен лебіздерін білдіреді. Мысалы:«Әннің құдіретін-ай!», «Қандай ғажап ән!», « Құлақ құрышын қандырады екен!» т.б.
Жаңа сабақ (28 минут)
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа тақырып:
«Ойлан,тап!» (5 минут)
1- топ - «Әсемпаз» деген сөздің мағынасын ашу.
2-топ - «Өнерпаз» деген сөздің мағынасын ашу.
3-топ - «Қайрат» сөзінің мағынасын ашу.
4-топ – «Ақыл» сөзінің мағынасын ашу.
5- топ – «Еңбек» сөзінің мағынасын ашу.
Әр топ берілген тірек сөздердің мағынасын ашып береді.
«Әсемпаз» сөзі –әсем деген сөзге - паз жұрнағының жалғану арқылы жасалған сын есім.
Мағынасы:
• Әсем киінетін адам
• Әр нәрсемен айналысып, істі аяқтамайтын адам.
• Әсемдікті жақсы көретін адам.
• Әсемдікті жасайтын адам.
• Әр нәрсеге қызығатын адам
«Өнерпаз» сөзі- өнер деген зат есімге –паз жұрнағының жалғану арқылы жасалған туынды сын есім.
Мағынасы:
• Өнері бойында тұнып тұрған адам
• Сегіз қырлы, бір сырлы
• Туа біткен дарындылық
«Қайрат» - сөзі күш, жігер деген сөздердің синонимі.
Мағынасы:
• Күш-жігер
• Дұрыс қолданса үлкен жетістікке жетелейді.

«Ақыл» - адамға қажет қасиет.
Мағынасы:
• Ақыл-дос

• Ақыл- көмекші

• Ақыл- жетістік
• Ақыл-адамның әрекет етуінің негізгі басшысы
«Еңбек» - адамға, жан-жануарға қажетті.
Мағынасы:
• Адамның өз қажетін қанағаттандыруға бағытталған қаракеті, жұмыс, іс;
• бас сүйегі қатаймаған жас сәбидің төбесіндегі былқылдап тұратын жері.
• «еңбекте» деген етістік : тізерлеп, етпеттей жүру; еңкейіп бой тасалай бұғып жүру; және ауыспалы түрі: жорғалау, өрмелеу, тырмысу.
• еңбек ету, әрекеттену .
Топтық жұмыс. (7минут) Әр топ өлең мазмұнымен танысады, тақырыпты қорғайды. Постер арқылы қорғау. Оқулықты ашып, «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінің мазмұнымен танысады, түсінеді, бір-бірімен ой бөліседі, түсініксіз сөздерді түсіндірме сөздіктен қарайды. Бірлесіп осы тақырыпты қорғап шығады.
Бекіту (5минут)
Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Жаңа тақырып бойынша сұрақтар беріледі:
1. Өлең тақырыбы.
2. Жанр түрі.
3. Идеясы.
4. Шумақ,тармақ бунақ,буын саны.
5. Ұйқас түрі Сұрақтарға жауап береді, ойланады.
 «Әсемпаз болма әрнеге».
 Философиялық лирика
 «Әсемпаз болма әрнеге»
 Шумақ -6, тармақ -24, бунақ -2, буын 7-8.
 абаб – шалыс ұйқас
Қорыту
Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Рефлексия. Стикерлерді таратып, оқушылардың бүгінгі сабақ туралы пікірлерін жазғызып, гүлге жапсырады (3минут) Стикерге өз ойларын жазып, гүлге жапсырады.
Бағалау
Мұғалімнің іс -әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Әр оқушыға таратылған бағалау критерийлерімен бағалайды (3минут) Бағалау критерийлері арқылы баға қойылады, оқушыларды топ басшысы бақылап отырады.
Тапсырма ретімен бағаланады.

Үй тапсырмасы (1 минут)
Мұғалімнің іс әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1. А.Құнанбайұлы «Әсемпаз болма әрнеге» мәнерлеп жаттау.
2. Ақыл, өнер, білім еңбек туралы нақыл сөздерді оқу. Үй тапсырмасын күнделікке жазады.Түсініксіз болса мұғалімнен сұрайды.
Категория: Начальная школа | Добавил: анарка
Просмотров: 1406 | Загрузок: 7 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 2:22 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru