Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан

«Нұрсұлтан-ел тірегі, ел намысы» атты Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиынның сценариі.
[ Скачать с сервера (40.4Kb) ] 2015-01-13, 2:26 PM
Ғалия Искакова
«Георгиевка орта мектебі»КММ-нің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Қалбатау ауылы
«Нұрсұлтан-ел тірегі, ел намысы» атты Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиынның сценариі.
1 жүргізуші.
Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
1 жүргізуші. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын (Әнұран қосылады
1 жүргізуші. Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін
1 желтоқсан – мемлекеттің тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш -рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс- шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
2-жүргізуші.
Наша страна, где солнце всходит,
Где Президент с народом за одно,
Где жизнь страны, народа, президента,
Цветет под солнцем золотым
Основная цель празднования - консолидация вокруг идей и политики Главы Государства, которая стала фундаментом стабильного развития страны за годы Независимости, в настоящее время и будущем.
(жүргізушілер кетеді.)
Тұңғыш Президентке арнау (Асғатбек Ұланбек)
1 жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз және марапаттаулар мектеп директоры Шаймуратов Қанат Рымханұлына беріледі.
1-жүргізуші
Елімнің атын айтсам - Қазақстан,
Жерімнің атын айтсам- Қазақстан!
Қойнауы қазынаға толған мекен,
Байлығым атын айтсам – Қазақстан!
Ел тарихы, жер тарихы – өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.

2-жүргізуші Празднование Дня Первого Президента Республики Казахстан не случайно. Нурсултан Абишевич Назарбаев внес неоценимый вклад в становление, развитие и процветание нашего государства.
1 декабря 1991 года первый раз в истории всенародно избрали Президента Казахстана. И сегодня, дальновидная политика Первого Президента – Лидера Нации Н.А. Назарбаева вывела Независимый Казахстан на передовые позиции в центрально-азиатском регионе, СНГ и получила признание на международной арене.

1 жүргізуші:
-Ән «Туған жер» орындайтын хор ансамблі
- «Атамекен», сөзін жазған Қ. Мырзалиев, әнін жазған Ескендір Хасангалиев
1-оқушы:Елдар
Ежелден еркіндік аңсаған ер қазақтың асыл мұраты еңселі ел болу еді.Елім деп еңіреп, « Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлап өтті ата-бабамыз.
1991 жылғы 16 желтоқсанда әлемнің саяси картасында жаңа мемлекет Қазақстан Республикасы пайда болды.
2-оқушы:Қазбек: Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым –қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы- біздің мемлекеттің Тәуелсіздігінде.
3-оқушы:Еркежан. Тәуелсіздік халқымыздың, талай ғасырлардан бері ата-бабаларымыздың ежелден көксеген арманы болғаны-тарихи шындық. Сондықтан бұл тарихи шындықты әрбір қазақ жүрегімен түсінетіні хақ. Тіпті өзімізді былай қойғанда әлемнің көптеген озық елдерінің басшылары тарихи шындықты мойындап, қазақ елін құрметтейтінін көріп отырмыз.
4-оқушы:Маржан Мемлекеттік тәуелсіздігімізді жария еткен алғашқы сәттен бастап бүгінгі күнге дейін көрген жақсылығымыз , дербес Қазақстан мемлекетінің қуаттануы мен абаттануы ең алдымен Елбасының еңбегімен және көрегендігімен тікелей байланысты.
5-оқушы: Балнұр О.: Елбасы қазақ елінің әлемдік бәсеке дәрежесіндегі даму жарысына батыл араласып, қиын да күрделі, ауыр да абыройлы жолын ғасырлар тоғысында бастады және мың салалы мемлекеттік істі адастырмай дұрыс жолға қоя білді.
Бұл- қазақ халқының маңдайына біткен бақыты мен мақтанышы, елдің бүгінгі жарқын өмір сүруіне жасалып отырған нақты кепілі.
6-оқушы Рауан .Ғасырлар тоғысында Елбасының арқасында мың құбылған, сан алуан толқындардың жетегіне ілеспей, ерекше дараланып алға оза шыққан бүгінгі қазақ елі өзіндік қалыптасқан сара жолы бар іргелі мемлекеттердің біріне айналып отыр.
Тәуелсіздік алғанымызға жиырма үш жыл толғалы отыр. Осы кезде өмірге келген өскелең ұрпақ азамат болды. Олар есейіп, егемен еліміздегі әр түрлі мемлекеттік құрылымдарда өз орнын тауып, бірі Назарбаев атындағы Зияткерлік мектептерде білім алып жатса,бірі президентіміздің «Болашақ» халықаралық степендиясына шет елде білім бұлағынан сусындап оқу оқыса, енді бірі еңбекке араласа бастады.
2 жүргізуші:
Ән«Бақытты балалық шақ»орындайтын Нұрай мен Арна
7-оқушы:Өміржан.
Ежелде елтұтқалар ел орнатқан,
Ұласқан ұрпағына олар мақтан.
Елбасы –қасиетті , аталы сөз,
Мазмұны , мағынасы терең жатқан.
Ту тіккен, еңсе тіктеп елдігің ғой,
Өзгемен терезесі теңдігің ғой.
Елетміш, Ататүрік даңқы менен
Елбасы ұғымының орны бірдей.

8-оқушы: Құндыз
Азаптың артта қалды сан ғасыры,
Қазақтың жетті әлемге алғаш үні.
Дүниенің төрт бұрышы түгел көрді,
Төрінде көш бастаған Елбасыны.
Бабасы көрмегенді көрді қазақ
Қанатын кең жаһанға керді қазақ.
Бұл әлем қашан тұтас біліп еді
Қазақтай жер бетінде халық барын ?!
9-оқушы: Сырым.
Берекелі болса ел-
Жағасы жайлау ол бір көл.
Жапырағы жайқалып,
Бұлғақтайды соқса жел
Жан-жағынан күркіреп
Құйып жатса аққан сел,
Оның малы өзгеден
Өзгеше боп өсер төл.
Берекесі кеткен ел-
Суы ашыған батпақ көл.
Құс қаңқылдап, жағалап,
Шулай алмас жазғы төл.
10-оқушы: Альмира
Әр сөздің астарында осы арада,
Ағайын ой жіберіп жете қара.
Көпұлтты Қазақстан ерді ұлыға,
Бір жерге барлық діннің басын қосып,
Әлемнің ықпал етті тағдырына.
Тәуелсіз Қазақстан тарихында
Тұлғасы Елбасының жеке дара!

11-оқушы: Сайраш.
Өмірдің судай ағып өзегімен,
Келеді президенттер кезегімен.
Елбасы Назарбаев-егіз ұғым,
Жасайды мәңгі бірге өз елімен.
Бетіне берекенің шаң жұқтырмай,
Көп болып қуанайық тарлық қылмай.
Болған жоқ бұрын-соңды ерлік мұндай.
Тудырған қайталанбас алып тұлға,
Қазақтай бақыты зор халықтың да.
Самғайды алтын топшы Самұрығы
Қанатын болашаққа қағып тұра.
12- оқушы: Ерсін.Ұшар басында алып самұрығы қанат қаққан «Қазақ елі» монументі- бабаларымыздың « Мәңгілік ел орнату» идеясына қойылған ескерткіш белгі. Халқымыздың өткені мен болашағын жалғап тұрған, оның мәңгілік мұраты мен асыл арманы бейнеленген бұл алаң-еліміздің басты алаңы. Тәуелсіздік-ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.
13-оқушы:Балнұр.А Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар: ол-бірлік. Елің қаншалықты қажет болса, Тәуелсіздік жемістерін,, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де сондай қажет.
14-оқушы:Қуаныш.Тәуелсіздіктің қайта оралғаны-біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі, Жаратқан иенің жасаған әділдігі, ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы. Мұндай жер болмаса, ел де болмас еді.
- )
15- оқушы: Асхат. Бүгінде Қазақстан-әлемдік қоғамдастықтағы жауапты да құрметті әріптесі, Орталық Азияның шешуші елі.
Алдымызда ЭКСПО- 2017. Көрмеге қатысуға 100-ден астам мемлекет өтініш берген,бес миллионға жуық адам келуі мүмкін.
Әйгілі әнші жерлесіміз Әміре Қашаубаевтың шетелде, оның ішінде Парижде ән салған тұңғыш қазақ екенін бәріміз білеміз. Ал оның 1925 жылы Парижде өткен дүниежүзілік «ЭКСПО» көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ екенін жұрттың бірі білсе, бірі білмеуі мүмкін.ЭКСПО көрмесі кезінде қазақтың бір емес бірнеше халық әндерін орындаған.
Ең алғашқы дүниежүзілік көрме 1851 жылы Лондон қаласында өткен. Содан бері бұл көрме алпыс бес рет ұйымдастырылған. Соңғы рет 2012 жылы Оңтүстік Кореяның Йосу қаласында өткен.
Енді міне ТМД кеңістігінде тұңғыш рет біздің елде өткелі отырғаны өзі қандай мақтаныш!
16-оқушы: Амантаева Б. Жақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты Жолдауы мемлекет дамуының жаңа бағыттарын айқындап берді. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемі
17-оқушы:Ербол.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын,- деп
Біз –жігерлі халықпыз. ХХІ ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыры болатынына сенімдеміз!

1 жүргізуші:
- Ән «Қазақстан»(Өмірзақов Өміржан, вокалды топ)
2 жүргізуші:

-«Томирис» қыздар вокалды тобының орындауында ән «Өз елім»
2 жүргізуші:
Друзья, мы живем в самой прекрасной Республике, в которой живут самые красивые, самые отзывчивые и умные люди. Казахстан – это загадочная пустыня и прекрасные леса, высокие горы и быстрые реки, изумрудные озера и бескрайние моря, нетронутые природные заповедники и национальные парки, удивительные традиции и незабываемая древняя архитектура.
Казахстан – единое многонациональное государство. Развитие и процветание Казахстана – это колоссальный труд Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева – политического деятеля мирового масштаба. Прогресс Казахстана за годы независимости стал возможен благодаря лидерству Президента. Республику отличают высокие темпы экономического роста, стабильность совершенно нового становления общества.

1жүргізуші:
-Мектебіміздің жұлдыздары Қарақат пен Айдардың орындауында ән «Туған жер»
2 жүргізуші:.Мы все знаем историю нашей страны, знаем, что 16 декабря 1991 года на политической карте мира появилось новое государство – Республика Казахстан. В тот далекий декабрьский день под руководством главы государства народ выбрал свободу и независимость, чтобы самостоятельно создавать свое будущее. Нурсултан Абишевич Назарбаев с раннего детства был целеустремленным. В 6 лет Нурсултан взобрался на огромный холм, чудо открылось его детскому взору: бескрайняя зеленая долина, пламенеющие очаги тюльпанов и чистое, без единого облачка небо.
Н.А. Назарбаев вспоминает: «Пожалуй. Это мое самое яркое детское впечатление». Это был первый осознанный поступок покорителя вершины и первая взрослая вспышка в мыслях: «Какая она большая и прекрасная, моя Родина!» В будущем Н.А. Назарбаев стал не только покорителем вершины, но и лидером нашего Казахстана.
1 жүргізуші:
- Рамазанов Ельнурдың орындауында ән «Үш қоңыр»
1 жүргізуші:
Кең далалы. Кең пейілді қазақпыз,
Құл еместіз, еркін жантыз, азатпыз.
Ел намысын ешбір жанға бермейміз.
Өмірді алға бастырамыз, ерлейміз.
Серттік осы, азат жігіт, азат қыз!
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дуние әлемін.

Ән «Қазағым-ай» орындайтын Кабдуллина Диана
2-жүргізуші .По инициативе нашего президента создан перспективный столичный город в сердце Казахстана – Астана. Значение Астаны для единения общества неоценимо. Астана превратилась в международный центр проведения крупных политико-экономических мероприятий, стала местом постоянных встреч государственных и политических лидеров, представителей мировых религий. Символично, что День Первого Президента совпал с 15-летием провозглашения Астана столицей независимого Казахстана.
1 жүргізуші:.Төріне туған жердің туын тігіп,
Ерекше ел еңсесі бүгін биік.
Астана – ақ ордасы қазағымның,
Алтын тәж ақ маңдайға қонған сүйіп.
Қазақтың соғып тұрған жүрегісің.
Алматыдай гүлденіп өсе берші,
Елімнің жас қыраны, түлегісің.
Астана- алтын қала, асыл ұғым,
Көркі бол алдағы ұлы ғасырымның.
Қайғыны қақ бөлетін ер қазақтың
Дәуірден дәуірлерге асыр үнін
18-оқушы: Қарақат
Астана –арман қала,
Сарыарқа төсінде,
Сән беріп Есілге.
Жас қала-бас қала
, Астана өсуде.
Күн болып қарайды
Шуақ боп тарайды
Әлемге нұр шашқан,
Астанам арайлы.
Туғандай қиялдан,
Үйлері бір арман.
Аспандап барады,
Шырайлы,шуақты,
Шұғыла шаша бер,
Алтын күн сияқты.
19-оқушы: Калелов Ералы.
Астанам- асқарымдай көрінесің,
Өлең боп көкірегімнен өрілесің.
Бойыма рух беріп тұрғаннан соң,
Анық-ау ұтылмасым ,жеңілмесім
Домалап қазағымның өрге тасы,
Думанмен дүрілдесін аспан асты.
Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп,
Асқақтай бер, елімнің Астанасы!
20-оқушы: Баян
Алатау ақ өткелім,
Махаббатым көктемім,
Қос қыранның тұрағы
Арманыңа жеткенің.
Шахаман, Ақсу-Аюлы,
Қарағанды, Қайыңды,
Атажұртым-Түркістан,
Пір тұт,Яссауиыңды.
Қызыл орда ,Ақ орда,
Өзге елде жоқ орда,
Көкке бойын тіреген,
Көңіл күйі тоқ орда.
Алматы- бал-анарым,
Ақжайығым, Аралым,
Қаратау, Хан тәңірі,
Астана-ақ жанарым.
Ел намысы-Нұр аға,
Жер ырысы-қыр дала.
Су шынысы-зер мұнай,
Тау тынысы-гүл лала.
Сарыарқа, кең дала,
Сенсіз жетім мен бала,
Самұрықтай киелі
Сен-Бәйтерек,Сен-Ана!

21-оқушы:Бауыржан
Бәрінен де ар құнды,
Өр биікке көтере бер халқыңды:
Сен болмасаң кім таниды затымды,
Елдігімді, атағым мен даңқымды.

Атырам деп бейбіт сенің таңыңды,
Ата-бабам қанға қанша шомылды.
Зиялылар, мәрт ұлдарын сен үшін,
Құрбан қылды жастық жылын жалынды.

Дәл осылай тауысқанда тағатты,
Төсінде бұл тәуелсіздік таңы атты.
Әлем жұрты мойындады өзіңді,
Мойындады ел екен деп қазақты.

Құс қанаты, тұлпар белі талғанда,
Қолың жетті сан ғасырғы арманға.
Енді, міне, адымымен алыптың,
Келесің сен өрлеп бүгін заңғарға.

Жайна, жасан, құлпыра бер, далам-ау,
Соны көріп, таң-тамаша қалам-ау!
Мүмкін емес сондықтан да өзіңді
Азияның барысына баламау!

1- жүргізуші Домбрашылар ансамблінің орындауында күй «Әуен»
2-жүргізуші:
Мы думаем, что каждый из нас согласится с тем, что в нашей стране происходят добрые перемены, вселяющие радость и надежду. Это принятие новой Конституции, Государственных символов РК, признание Казахстана более ста странами мира, достижение высокого темпа экономического роста, стабильность в обществе. .Процветание городов, улучшение благосостояния народа, развитие экономики, мир в нашей многонациональной державе еще раз доказывают, что все эти преобразования свершаются под руководством нашего Президента Н.А. Назарбаева.
2.Казахстан – страна моя! Родина любимая!
Горы, степи и озера – песня лебединая.
Города растут в степи, Юная столица.
Байтерек пронзает небо
И летит как птица.
Вместе со страной растем, дружим и мечтаем,
Языки народов мира
В школе изучаем.
Язык дружбы, язык мира
И истории язык.
Будущее Казахстана –
Мир, согласие, достык.
Ән«Болашағы елімнің»орындайтын Сарман Әлішер.
1жүргізуші
Елбасына арнап жазған өлеңдерін оқуға Жансая,Нұрсұлтан Мұстафаны шақырамыз

Ән «Қазақтың тұңғыш ел басы»

1 жүргізуші:
Міне, осындай шұғылалы елімнің,
Бірнеше ел сыйып кетер ұлан-байтақ жерімнің,
Толар шағы қазірден –ақ бар әлемғе паш бүгін,
Болашағы берік қолда Нұрсұлтандай ерімнің
2 жүргізуші:Мы желаем нашему Президенту и всему казахстанскому народу, чтобы звезда нашего государства светила ярко и высоко, чтобы каждый казахстанец верил в ее путеводную силу. Мы поддерживаем политику нашего Президента и в свою очередь приложим все усилия в развитие экономической и политической стабильности нашей страны, в укрепление гражданского патриотизма, добра и согласия, мира между народами Республики Казахстан на основе закона и справедливости.

Ән «Жетекшіміз - Нұр Отан!»орындайтын Еркежан Н.
.1 жүргізуші:
Наше праздничное мероприятие, посвященное Дню Первого Президента Республики Казахстан подошло к концу. Спасибо за внимание!
До свидания, всего доброго! Қош сау болыңыздар!
Категория: Мой Казахстан | Добавил: Меткуль
Просмотров: 1589 | Загрузок: 43 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2016-12-07, 0:49 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [165]
Педагогика [291]
Математика [776]
Физика [242]
История [335]
Классному руководителю [518]
Русский язык и литература [697]
Физическая культура [200]
Английский язык [409]
Искусство [181]
Родительский совет [14]
Биология [319]
Информатика [366]
Начальная школа [1871]
Мой Казахстан [238]
Технология [126]
Самопознание [171]
Технология труда [49]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [40]
Профессиональное образование [155]
Дошколенок [462]
География [129]
Школьная библиотека [48]
Казахский язык и литература [544]
Химия [33]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru