Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»
[ Скачать с сервера (1.18 Mb) ] 2015-03-25, 2:04 PM
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
ІІ сәбилер тобы «Айгөлек»
Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»

Тәрбиеші:
Рахматуллина Б.Т.

Білім беру салалары: « Қатынас», «Денсаулық», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».
Бөлімі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»
Мақсаты: Қазақстан Республикасы туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін толықтырып нақтылау. Балаларды өз Отанын, туған жерін, салт дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие.
Алдын ала жұмыс және сабаққа даярлық: (балалармен бәйтерек макетын жасау )
Сөздік жұмыс: тілші, сүхбат, рәміздер.
Құралдар: дайын қазақ үй (кереге) керекті заттар.
Билингвизм: Отан – Родина, Ту – Флаг, Елтанба – Герб, Әнұран – Гимн, Тілші – Журналист.
І. Жылулық шеңбері: Менің сүйікті Отаным. Балалар шеңбер бойына жиналады. Жұмсақ матадан тігілген жүректі әр бала өз кеудесіне төсей отырып. Отанға, туған жерге, отбасына деген сүйіспеншілігін білдіреді.
-Мен балабақшамды сүйемін!(1-бала)
-Мен тобымды сүйемін!(2-бала)
-Мен достарымды сүйемін!(3-бала)
-Мен елімді сүйемін! (4-бала)
Барлығы бірге: (бір бала ту алып кіреді)
Жас ұланымын елімнің,
Болам ұл-қыз зор әлі.
Қазақстан жалауын
Көтеремін жоғары.

ІІ. Тосын сәт: Қонаққа Тілші келеді
Тілші: -Сәлеметсіңдер ме, балалар.
Балалар амандасады: -Сәлеметсіз бе!
Тәрбиеші: Төрлетініз біздің топқа.
Тілші: -Мен ел жер аралап жүрген Ресей көрші мемлекеттен келген Тілшімін.
-Міне, сендердің елдерінеде келіп қалдым.
-Балалар мен сендердін Мемлекеттерін тұралы білгім келеді. Отандарын туралы айтып бересіңдер ме?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Бүгінгі сабақтын тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»
ІІІ. Қонақ құрметіне «Әнұран» айту.

Тәрбиеші: Балалардың Отан тұралы тақпақтарын тынданыз.
IV. Тақпақ ату:
1.Отан -жерім, Отан –суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан-ұран, Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
2.Алтын бесік, туған жер, далам менің,
Қанат қаққан ұяңнан балаң едім.
Сырлы сазын жүректің төгейін деп,
Сағынышты сан жылғы ала келдім.
3.Талайлы тағдыр, тәнтімін саған,
Осындай Отан сыйладың маған.
Осында туып, осында өскен
Әуеле әжем, баһадүр бабам.
4.Отан-сенің, ата-анаң,
Отан-досың, бауырың.
Отан-өлкең, Астанаң,
Отан-аудан, ауылың.
5.Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің-тірегім,
Құшағында гүл атам.
(Балалар орындыққа жайғасады, Тілшімен дөңгелек үстел ұйымдастыру)

Тәрбиеші: Тәуелсіз ел болған сон мемлекеттік рәміздер де бар.
V. Балалар атайды: Ту-Флаг, Елтаңба-Герб, Әнұран-Гимн.

VІ. Тақпақ:
Ту.
Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Көк аспанда қызыл күн.
Көк аспанда жас қыран!

VІІ. Ойын: «Өз мемлекетінің туынды тап» (үстел үстінде әр мемлекеттердін тулары суретте бейнеленген, балалар ішінен өз мемлекетінің туын табу керек)
VІІІ. Теледидар арқылы Елтанба мен Тудың суретін көрсету (әуен ойнайды «Тудың желбірегені»)
ІХ. Әңгімелесу:
1)Мемлекеттік туда не бейнеленген?
-Шұғылалы күн, қыран бүркіт, ою-өрнек
2)Туымыздың түсі қандай?
-Туымыздың түсі көгілдір.
Тәрбиеші: Бейбітшілік белгісі
3) Тудың ортасында жарқырап шыққан не?
-Ортасында жарқыраған күн. Ол домалақ, сары түсті.
4) Күннін астында қалықтап ұшқан не?
-Қыран құс бейнеленген.
5)Ою-өрнек нені білдіреді?
-Ою-өрнек қазақ халқының салт-дәстүрлерін, мәдениетін және ұлттық өнерін білдіреді.
Күн, қыран құс және ұлттық ою-өрнек алтын түспен белгіленген. Алтын түс молшылық белгісі.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, еліміздің ашық аспандай көгілдір туымыз, айбынды елтанбамыз, мағыналы әнұранымыз бар.
Тілші: Рахмет көп біліп қалдым. Ал елтанба туралы не білесіндер?
Х. Елтанба
Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әдемі!

ХІ. Әңгімелесу:
Тәрбиеші: Елтанбамызда не бейнеленген?
1 бала) Елтанбада домалақ пішінді шаңырақ бейнеленген.
2 бала) Екі жағында қанаты бар ат бейнеленген.
3 бала) Мандайында бес бұрышты жұлдыз бар.
4 бала) Төменгі жағында «Қазақстан»деген жазу бар.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.
Ту мен елтанбаны көзбен көрдініз, ал әнұранды тұрып тындап айтайық.

ХІІ. Сергіту сәт.
Тік ұста бойынды,
Жоғары соз қолынды.
Соз қолынды тағыда,
Жеткіз, кәне аспанға.

ХІІІ. Тәрбиеші: Балалар, ал енді біз теледидар арқылы Астана қаласына саяхат жасайық.
ХІV. Тілші балалардан сұхбат алады:
1. Балалар сендер тұратын Мемлекет қалай аталады ? (Мемлекетіміз Қазақстан деп аталады).
2. Қазақстан қандай Республика? (Тәуелсіз, Егеменді).
3. Қазақстан Республикасының бас қаласы қалай аталады? (Астана).
4. Ал, сендер тұратын қала қалай аталады? (Семей).
ХV. Тақпақ айту:
1.Жаса-жаса Астана,
Өркен жая бастаған.
Болашақтың есігін,
Өз қолыңмен аш маған.
2.Төкті нұрын дала,
Астана сұлу қала.
Біз оны анамыздай,
Сүйеміз шын жүрекпен.

3.Отанымның төрінде,
Сарыарқаның өрінде
Ту ұстаған Астанам,
Әсем қалам, бас қалам.

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі қонаққа келген Тілшімізге салт-дәстүріміз туралы айта кетейік. Сый құрметімізді көрсетейік.
ХVІ. Қазақ үйге бару. Ішіндегі заттармен таныстыру. Ұлттық киімдерді көрсету.
ХVІІ. Дастарханнан ауыз тиу.

ХVІІІ. Ойын: «Кім көп мақал-мәтелдер біледі?»

ХІХ. Тақпақ айту:
1. Отан – қуат,
Отбасы – шуақ.
2. Есің барда елің тап.
3.Туған жер – тұғырың,
Туған ел – қыдырың.
4.Туған – жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
5.Отан – елдің анасы
Ел- ердің анасы.
6.Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас,
7.Отанды сүю – от басынан басталады.
8.Отан үшін күрес,
Ерге тиген үлес.
9. Отансыз адам -
Ормансыз бұлбұл.
10.Туған жердің ауасы да шипа.

ХХ. Логикалық ойын: «Қазақстан Республикасының картасын құрау»

ХХІ. Балалар тілек айтады:
-Отанымыз тыныш болсын!
-Аспанымыз ашық болсын!
-Туымыз биікте желбіреп тұрсын!
-Қазақстан Республикасы жайнай берсін!
-Күніміз жарқырап тұрсын!
-Бейбітшілік болсын!
ХХІІ. Балалардың «Қара жорға» биін тамашалау.

Тілші: Өте жақсы балалар. Өз туған жерін, елін сүйетіндерің көрініп тұр. Отан туралы көп тақпақ, мақал-мәтелдер, рәміздерді білесіндер, би биледіндер. Салт-дәстүрлерінді, қонақ жайлықтарынды көрсеттіндер. Рахмет. Ал енді мен қоштасайын. Жол жүрейін басқа елге. Сау болындар!
ХХІІІ. Қорытындылау: Тәрбиеші: Балалар көп рахмет! Барлықтарын сабаққа белсенді қатыстындар.
ХХІV. Рефлексия: Балалар, үстел үстінде екі түсті гүлдер жатыр. Қызыл түсті гүлмен сабақ ұнағандығын білдіресіндер. Көк гүлмен – ұнамағанын. Алдарында тұрған суретке жабыстырындар.
Категория: Мой Казахстан | Добавил: bakyt1807
Просмотров: 4831 | Загрузок: 41 | Комментарии: 6 | Рейтинг: 3.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 1:01 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru