Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан

Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
2017-01-26, 9:56 PM
Сабақтың тақырыбы: Қазақстадағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру (қайталау).
Сабақтың мақсаты: -ұжымдастырудың барысы , зорлық-зомбылықтар мен асыра сілтеушіліктерге тоқталу.
-ұжымдастыру туралы тарихи зертеулер мен қазіргі тарихшылардың көзқарастары.
- оқушыларды ұлтжандылыққа, батырлыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: қазақстан картасы,ұжымдастыру туралы деректі фильм, ұжымдастыру туралы қазақ тарихшыларының берген сұхбаттары, ұжымдастыру туралы жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын талдау:
1. Ұжымдастыру туралы деректі фильмді көрсету. ойларын жинақтау. 5 мин.
2. Топқа бөлу: 1. Ұжымдастырудың барысы. қорғау.
2. Ұжымдастырудағы асыра сілтеушіліктер мен зорлық-зомбылықтар. қорғау.
3. Ұжымдастырудың қортындылары. қорғау.
1-топ: "Ұжымдастырудың барысы" туралы, -өз тақырыптарын 2-3 оқушы қорғайды.
Қорғап болғанан кейін мұғалімнің нақтылау сұрағы: 1. Ұжымдастыру сол кезде неге қажет болды. 1 топтан 1оқушы жауап береді, егер бере алмаса басқа топ оқушылары жауап беруге болады.
2-топ: "Ұжымдастырудағы асыра сілтеушіліктер мен зорлық-зомбылықтар "-өз тақырыптарын 2-3 оқушы қорғайды.
Қорғап болғанан кейін мұғалімнің нақтылау сұрағы: 1.Осыншама бұрмалаушылықтар мен зорлық-зомбылықтар не үшін қажет болды, деп ойлайсыңдар, мақсат не. 2 топтан 1 оқушы жауап береді, егер бере алмаса, басқа топ оқушылары жауап береді.
3-топ. "Ұжымдастырудың қортындылары"-туралы өз тақырыптарын 2-3 оқушы қорғайды.
Қорғап болғанан кейін мұғалімнің нақтылау сұрағы: 1. Жұрт атамекенінен неліктен қоныс аударды, қазіргі кезде оның зардаптары бар деп ойлайсыңдар ма. 3 топтан 1оқушы жауап береді, егер жауап бере алмаса басқа топ оқушы лары жауап береді.
Әр топ өз тақырыптарын қорғап болғаннан кейін, негізгі бөлімге көшіп тақырыпты нақтылайды.
3. Негізгі бөлім: Алыл шаруашылығын ұжымдастыру 1929-1932 жылдары жүргізілді. Ұжымдастыру В.И.Ленин жасаған жоспар бойынша асықпай, біртіндеп жұргізілуі тиіс еді. Шаруаларға күш көрсетпей, қайта шаруашылықты бірлесіп жүргізудің тиімді екеніне олардың көзін жеткізе отырып, ұжымшарға өз еркімен біртіндеп біріктіру керек болатын. Кеңес үкіметіне және коммунистік партия басшыларына, оны басқарып отырған Сталинге бұл бағыт ұнамады. Олар жеке шаруа қожалықтарын, ірі шаруашылықтарға біріктірсек, тезірек шаруашылықты өркендетеміз, деп ойлады.
Қазақстанда ұжымдастыру ерекше тез қарқымен жүргізілді. 1931 ж. республикадағы 122 ауданның 72 шаруашылық ұжымшарға бірікті. Ұжымшарға мүше болғаннан кейін, шаруалардың жағдайы тқмендей бастады. Кеңес мемлекетіне көп астық пен ет қажет болды, ал ол шаруалардан алынды. Оның үстіне ұжымшар мүшелеріне салықтар салынды. Қазақ ауылын тағы бір күйзелткен жағдай көшпелі халықты күштеп отырықшыландыру болды. Егіншілікпен айналыспайтындар да астық өткізуге тиіс болды. Ал етке мал өткізу де, қолда бар мал санынан бірнеше есе көп болды. Ұжымшарларға біріктіру кезінде халыққа көптеген зорлық-зомбылықтар көрсетілді. Бар мал-мүлкінен айырылып, босқынға ұшыраған қазақтар аштыққа үшырап, басқа елдерге қонысаударуға мәжбүр болды. Қоныс аудару үш бағытта жүргізілді. Қытайға, Ресейге және Орта Азияға. Шамасына қарай әркім өз бағытына жақын жерлерге жүрді.Жаппай қоныс аудару жылдарында 1млн. астам адам құрбан болды. Ұжымшарларға біріктіру кезінде қазақ халқына көз -көрмеген зорлық-зомбылықтар жүргізілді. Осындай орны толмас солақай саясат салдарынан қазақ халқы апатқа ұшырады.
Бекіту сұрақтары: 1. Ұжымдастыру науқанының мәні мен шынайы мағнасы қандай деп
ойлайсындар.
2. Қазақ зиялыларының мақсат -мүддесі не, кеңес үкіметі тұсында олардың
үміті неге ақталмады.
Қортынды: Бұл ұжымдастыру Кеңес үкіметінің ауыл шарушылығын социалистік жолмен құруында еш нәтеже бермеді, қазақ халқына қасірет әкелген кезең болды. Бүгінгі таңда елі мен жері тәуелсіздік алғаннан бері шетелде жүрген қазақтардың туған атамекеніне оралуы заңды құбылыс,оған елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі зор.
29-30.
Өзің тұрған өлкеде ұжымдастыру немесе отырықшыландыру туралы не білесің.
Қосымша материлдардан іздеп жазып келу.
Категория: Мой Казахстан | Добавил: bekka
Просмотров: 491 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 5:27 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru