Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Мой Казахстан

Достық фестивалі
[ Скачать с сервера (20.2 Kb) ] 2017-01-28, 9:34 PM
«ҚАЗАҚСТАН- БІРТҰТАС ЖЕР, БІРТҰТАС ХАЛЫҚ, БІРТҰТАС БОЛАШАҚ»
Достық фестивалі
Ақтөбе қаласы Благодар орта мектебі
Нуртаева Айнаш Аленовна

Мақсаты: 1.Қазақстан-2050» стратегиясын табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет екендігін, елдігіміздің ертеңі бір халық-бір ел- бір тағдыр деген үш сөзге сыйып тұрғандығын оқушылардың санасына жеткізу, Елбасы саясатын насихаттау
2. Елін, жерін сүюге, бірлік пен ынтымақтастықты жақтауға, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, ұлттық құндылықтарымызды мақтан етуге тәрбиелей отырып, жаңа буын өкілдерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Слайдтар, проэктор, компьютер
Өткізілу әдісі: Тарихи-достық фестивалі
Фестиваль шарты: 1.Ұлт тарихын баяндайтын слайдтар, фотогалереялар негізінде сол ұлттың Қазақстандағы өмірін баяндау
2.Ұлттық ән-би, ұлттық салт-дәстүрден көріністер
көрсету
Фестивальға қатысқан оқушыларды марапаттайтын номинациялар:
 Ұлттық би Ұлттық ән
 Ұлттық көрініс Ұлттық киім
 Ұлттық тіл Ұлттық дәстүр
 Ұлттық слайд Ұлттық өнер
Қатысушы оқушылар: 8-10 класс оқушылары
1-жүргізуші:Қазақстан–ежелгі ел,бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті.

2-жүргізуші: Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы

1-жүргізуші: Біз– қазақстандықтармыз! Біз ортақ еңбегімізбен, бірлескен ізденісімізбен, топтасқан болмысымызбен ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасын күн санап түлетіп, күн санап өркендете түсудеміз. Біз елімізбен бірге есейіп келеміз.
16 желтоқсан - Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын !

2-жүргізуші:Қазақстан – татулықтың, достықтың, бірліктің киелі бесігі. Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанымен, теңдігі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, арманы ортақ, біртұтас халыққа айналды. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарды бір тағдыр күтеді.

1-жүргізуші:
Елбасшымыз Н. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»! деп сөйлеген сөзінде:
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды» деді.
2-жүргізуші: Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір Қазақстан азаматының міндеті болып табылады.
1-жүргізуші:
Сыр бойында баулардан,
Алатаудай таулардан.
Сарыарқамдай даламда,
Көк аспанның астында
Бірлігіміз жарасқан
Қазақ, Өзбек,Қырғыздар.
Татар, Орыс,Ұйғырдай,
Ұлттары бар достасқан,
Бір шаңырақ астында
Егеменді елімде ырысымыз жарасқан
2-жүргізуші: Біздің Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Бүгінгі «Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ» атты кешімізде мектебіміздің оқушылары әр ұлттың тарихын, салт- дәстүрін және сол халықтың өнерін сіздердің назарларыңызға ұсынбақ.
1-жүргізуші: Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз - дей отырып сөз кезегін молдаван халқының окілдеріне береміз. (8 «Ә» класы-молдаван халқы туралы таныстырады, Молдавандар биін билейді )
2-жүргізуші:
Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы,- дей отырып, неміс мәдени орталығына сөз кезегін береміз. (8 «А» класы –неміс халқы туралы таныстырады, Неміс халқының биін билейді)

1-жүргізуші:
Жақсылыққа, бақытқа
Талпынған әр уақытта
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл - деп сөз кезегін украин ұлты өкілдеріне береміз.
(8 «Б» класы - украин халқы туралы таныстырады. Украин тілінде ән айтады)
2-жүргізуші:
Бұралып Гөзал билегенде
Өзбектің асқақ әні тербегенде
Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,
Құрбылар айтыңдаршы қандай пенде. Сөз кезегі өзбек ұлты өкілдеріне беріледі.
(9«А» класы- өзбек халқы туралы таныстырады. Өзбек тілінде ән айтады)
1-жүргізуші:
Қырғызым өлең десе елеңдеген.
Қара өлең үлкендерге мұра деген - қырғыз ағайындарымызға сөз береміз (9«Ә» класы- қырғыз халқы туралы таныстырады. Қырғызша ән айтады.)
2-жүргізуші:
Ағайын-туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Қымбат бізге туыстық
Баянды болсын тыныштық! Сөз кезегі шешен ұлты өкілдеріне беріледі. (9«Б» класы- шешен халқы туралы таныстырады, шешен тілінде ән айтады.)
1-жүргізуші:
Ұлыстармыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер кемелден! Сөз кезегі татар халқы өкілдеріне беріледі
(10 «А» класы- татар халқы туралы таныстырады, татар халқының ұлттық тағамын әзірлеу технологиясымен таныстырады).
2-жүргізуші:
Жер-анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде. Сөз кезегі үнді ұлты өкілдеріне беріледі.
(10«Ә» класы- шешен халқы туралы таныстырады, үнді биі биленеді).
1-жүргізуші: Сөз кезегін кәріс ұлты өкілдеріне береміз: 8»Ә» класы қазақсандағы кәрістер туралы таныстырады,өлең оқиды)
Оқушы: Корей ақыны Ен Сен Нен
1937жыл еді.
Поезд жүйткіп келеді.
Терезеден тұрмын қарап таңдана:
Дала, дала, кең дала.
Содан кейін азаптан торыққаным есімде,
Содан кейін қазақтарға жолыққаным есімде.
Құшақ жайып қарсы алғаны есімде,
Құрмет қылып ән салғаны есімде.
Жоқ, ұмытпан,
¥мыта алман жандарды ол,
Достықтың отымен жүрегімді жылытқан.
Қазакстан! Гүлстан! Ғажапстан! Күнстан!
Жеттім сенде арманыма аңсаған.
Қарыздармын. Бас иемін мен саған.
Бас иемін сенде туып,
Сенде ержетіп оқыған,
Саған келіп ес жинаған өзімдей
Кәрістердің атынан
2- жүргізуші:
Қағида еткен бабалар өсиетін,
Қазақтың шаңырағы-қасиеттім!
Ай құшақ, ақ пейілдің кеңдігіне,
Орны бар талай халық бас иетін.
1-жүргізуші. Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы. Біз осы достықты нығайта білуіміз керек, бір-бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек. Жасасын, жүрегі бауырмал қазақ елі! 2-жүргізуші: Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен.
1-жүргізуші:Енді сөз кезегін ұлт өкілдерінің өнерін тамашалаған қазылар алқасына береміз.( Марапаттаулар)
2-жүргізуші:
Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,
Көк туымды қалайша құлатармын.
Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,
Бәріміз баласындай бір атаның.
Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,
Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.
Халқымның ахуалы дұрыс болсын.
Отанымыз әрқашанда тыныш болсын!
Бәрі хормен:«Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ»
Ән: «Қазақ елі осындай». Қамшыбаева Гүлбибі 8 «Ә» класс оқушысы (Барлық оқушылар ортаға шығады. Қолдарында жалаушалар, шарлар болады.)
Категория: Мой Казахстан | Добавил: ai_na_59
Просмотров: 1291 | Загрузок: 8 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 6:12 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru