Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Технология

Сабақтан тыс шара. Тақырыбы "Шай дәстүрі".
2014-08-25, 8:58 PM
Шай дәстүрі.

Мақсаты:оқушыларды әлемдегі шай дәстүрімен таныстыру, білім мен біліктілігін жетілдіру.
Қатысушылар: 5 «Г», 4 «Г» сыныптары.
Өткізілетін орын: мектеп акт залы.
Сценарий.
І жүргізуші:
Хош келдіңіздер құрметті жолаушылар!
ІІ жүргізуші:
Сіздерді « Шай дәстүрі» саяхатына шақырамыз.
Біз сіздермен бүкіл әлемді шарлаймыз.
І жүргізуші:
Шай – әлем халықтарының сүйіп ішетін сусыны.
Шайда 2-3 % кофейн (жүрек пен нерв жүйесінің қызметін қоздырушы зат) бар, сондықтан оны көп мөлшерде қолдануға адам ағзасына зиян келтіреді. Сондай-ақ шай құрамында танин (ауыз қуырарлық сүйкімді дәм береді), және эфир майы (қайталанбас хош иісті) бар.

Сондай ақ қатар шай С, Р, В тобындағы дәрумендерге бай, онда минаралдық заттар мен микроэлементтер де аз емес.

Сахнаға 3оқушы қолдарына «С», «Р», «В» әріптерін ұстап шығады.
«С» дәрумені: Мен«С» дәрумені – лимонмен салыстырғанда шайда 4-есе көп.
«Р» дәрумені: Мен «Р» дәрумені- қан тамырларын бекітіп, олардың қызмет ету қабілетін арттырады.
«В» дәрумені- Мен «В» дәрумені- қан құрамындағы гемоглобинді ол арттырады, адам бойына қуат береді.

І жүргізуші:
Ұлы Британия.
Great Britain
5 o’clock tea
- Good morning! Dear friends
Welcome to our country!
We have a tradition “5 o’clock tea”
At 5 o’clock we drink tea with bread with butter.
Ағылшандардың ең сүйікті сусыны - ол шай. Бүкіл әлемге қарағанда Ұлы -Британияда шай ішу көрсеткіші ең жоғары. « Файф о клок» бестік шайдың уақытын айтады. Бұл дәстүр және де осы уақытта көбінесе кездесу үшін пайдаланылады. Шайды ағылшындар сүтпен ішеді. Ағылшынның шай дәстүрінің талап етуі шайды сүттің үстіне емес, шайдың үстіне сүтті құю. Осындайда шай өте қою болады.

ІІ жүргізуші : Шайдың отаны-Қытай мен Үндістан.
Үнді шайының сапасы ерекше болады. Хош иісі аңқып, дәмі тіл үйіреді. Аңыз бойынша үнді шайының тарихы мынадан.
Ежелгі аңыз бойынша үнді патшайымы Дарма үлкен саяхатқа шығады. Саяхаттың мақсаты: Дарманың бүкіл әлемге Будда дінін таратуы. Ол көп уақыт жолда жүреді, мінажат оқиды, әбден шаршайды. Бір күні әбден әлсіреп, ұйықтап қалады. Өзіне кек түсірмеу үшін Дарма қабағын кесіп алады да, жерге тастайды. Дәл сол кезде, қабағы түскен жерден керемет әдемі,нәзік ақ, хош иісті гүлдері мен жапырақтары мен бұта өскен екен. Дарма жапырақтардың дәмін көріп біртүрлі сергекті сезінді, көңіл-күйі көтерілді. Осыдан үнді шайы пайда болды деседі.

Сахнаға Рахимова Назира шақырылады. Үнді биін ұсынады.

Қытай.
Әрине шайдың отаны Қытай. Қытайлар бірінші осы өсімдікке шай атауын берді, және олар бірінші шайды сусын ретінде пайдаланды. Қытайша «цай», қазақша «шай».
Шайды арнайы ыдыста дайындайды. Шайды қайнап тұрған сумен тұндырып қояды. Шайды қантсыз ішеді.
Қытай шай дәстүрімен, және каратэ күресімен танымды.

Оқушы Абдикалиев Мұқағали каратэ күресінің жаттығуларын көрсетеді.

Жапония.
Екі оқушы қыз(Акимбекова Айдана және Сагындыкова Кербез) жапон ұлттық киімін киіп Жапония шай дәстүрін көрсетеді.. «Тядо-ю» шай дәстүрі. Жапон музыкасы.

Ресей.
Екі қыз орыс ұлттық киіммен шығады.Аринова Салтанат пен Рашитова Аида.
Частушки.
К нам гости пришли
Дорогие пришли.
Мы не зря чай заварили
Пироги пекли.
Угощение на столе,
Усаживайтест все.
Есть конфеты и цукаты,
И варенье и желе,
Пончики, ватрушки,
Пряники, хлопушки,
Шоколад и зефир,
Будет праздник на весь мир!
А я чайничала, самоварничала,
Всю посуду перебила,
Так кухарничала!
Я веселая Снегурка,
Поиграю с вами в жмурки.
Но боюсь напиться чаю,
От горячего растаю!

Мы частушки вам пропели,
Хорошо ли, плохо ли.
А теперь мы просим вас,
Чтобы нам похлопали!

Қазақстан.
І жүргізуші:
Шай қазақ қауымына өзге астардан кейінірек,ХХІ ғасырдың бас кезінде пайда болған тағам болса керек. Бірақ ол ел арасына тез тарап, халықтың сүйікті сусынына айналды.

ІІ жүргізуші:
Шай сусын қандырумен қатар, бой жылытып, қан таратып, адамның көңіл-күйін көтеретін, анау-мынау бас ауруды жазып жіберетін шипалық қасиеті бар сусын . Қазақ дәстүрінде бауырсақ, құрт, май, өрік-мейіз, қант-кәмпиттер қойып ұзақ отырып, жарастық сұхбат үстінде ішілетін шай дастарқаны қонаққа берілетін таңдаулы дастарқан саналады. Қазақтардың шайды құрметтейтіні соншалық, оны мезгіліеде ішпесе кейбіреулердің басы аурады. Ұнжырғасы түсіп, еңбекке қабілеті азаяды.
І жүргізуші:
«Ет жемесек те шай ішкендей болдық» деген мақал қазақтардың шайды еттен соңғы екінші дәрежелі ас есебінде бағалағаның қөрсетеді.
Шай қайнату, оны бабына келтіріп, қою етіп, лайықты ыдыстармен ішу қазақ қаумында үлкен салт. Осыған байланысты шайдың іші қалайыланған шәугім, ақ құман, кесе, құлақты шыныаяқ, шай қасық, қант салғыш, шай дорба, шай сүзгі, сүт құйғыш, поднос сияқты арнаулы ыдыс-аяқтары болады. Өзіне тән хош иісі мен түсін сақтау үшін әуелі шәугімге, самаурынға су қайнатылады. Ақ құманға ыстық су құйылып, оның үстіне шай салынады. Содан соң аздап бұқтырылады. Бұдан кейін әркімнің қалауы бойынша біреуге қою, біреуге сұйықтау етіп кесеге құйып.
Оқушылар дастарқан жайып, шайға жабдықтайды. Оқушылар ұлттық киіммен дастарқан басына отырады.
Домбырамен күй тарту.
ІІ жүргізуші:
Көрермендермен ойын өткізу.
Мына 8 қораптағы сөздерден (әр қорапта бір сөз) дұрыс сөйлем құрастырындар. Шығыс халқының белгілі мақал-мәтелі шығу керек.
2-3 оқушы шыгып сөздерден сөйлем құрастырады.
« Жаңа қайнатылған шай-дәру, түннен қалған шай-ауру».

Ең сонында бүкіл қатысқан оқушылар шығып шайға шақырады:
- Ш а й г а к е л і ң і з д е р!
Категория: Технология | Добавил: malikaakbaeva
Просмотров: 602 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2016-12-10, 3:38 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [165]
Педагогика [291]
Математика [779]
Физика [242]
История [335]
Классному руководителю [519]
Русский язык и литература [697]
Физическая культура [200]
Английский язык [409]
Искусство [181]
Родительский совет [14]
Биология [319]
Информатика [366]
Начальная школа [1873]
Мой Казахстан [238]
Технология [126]
Самопознание [171]
Технология труда [49]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [40]
Профессиональное образование [155]
Дошколенок [464]
География [129]
Школьная библиотека [48]
Казахский язык и литература [544]
Химия [33]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru