Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Технология

Панорамныйурок по черчению
[ Скачать с сервера (242.2 Kb) ] 2015-02-02, 9:05 AM
Панорамалық сабақ жоспары

Тақырыбы:
«Модельдің екі көрінісі бойынша үшінші көрінісін тұрғызу»

Пәні: сызу
Пән мұғалімі: Раимбекова Райгүл Ақатайқызы

2015 жыл, қаңтар

Сабақтың тақырыбы: Модельдің екі көрінісі бойынша үшінші көрінісін
тұрғызу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: Оқушылардың модельдің екі көрінісі бойынша үшінші көрінісін тұрғызу, сызбаны оқу дағдыларын қалыптастырып, шеберліктерін арттыру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың кеңістікте елестету, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып, оларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, бірлікке, ұжымда жұмыс жүргізе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: ішінара ізденіс сабағы
Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, ішінара ізденіс, топтық, өздік жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері: оқулық, слайд, стикерлер, сызба құралдары, үлестірме материалдары
Пәнаралық байланыс: геометрия, технология, қазақ тілі пәндері
Күтілетін нәтиже:
Сабақ нәтижесінде оқушылардың кеңістікте елестету, ойлау, шығармашылық қабілеттері дами отырып, берілген модельдің екі көрінісі бойынша үшінші көрінісін тұрғызу дағдылары қалыптасып, сызбаны орындау шеберліктері артады. Негізгі көріністер туралы білімдері толықтырылады.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
• Оқушылармен сәлемдесу;
• Сабаққа қатысушы оқушыларды түгендеу;
• Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
• Психологиялық дайындық жүргізу.
Шаттық шеңбері
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар , қолдарыңды бір-біріңнің иықтарыңа қойып, екі жаққа шайқалып көріңдерші.
Балалар қимылдарды орындайды.
- Қастарыңда тұрған адамның иығының қолдауын сездіңдер ме?
Оқушылар өзпікірлерін айтады.
- Әрқайсымыз сыныптас досымыздың сенімді иығын сезіндік. Сыныптастар алдарына қойған мақсатқа жету барысында бір-біріне сүйеу, тірек бола білу керек. Ендеше сендерге мызғымас бірлік, сәттілік тілеймін!
- Балалар бүгінгі сабақта сынып оқушылары 4 топқа бөлінулері қажет. Сондықтан партаның үстіндегі түрлі-түсті геометриялық фигураларды (үшбұрыш, шаршы, бесбұрыш, трапеция, дөңгелек) таңдап аламыз да, таңдап алған фигуралар бойынша парталарға бөлініп отырамыз. Топ мүшелері арасынан көшбасшы және хатшы міндетін атқаратын екі оқушы сайлану керек.

Хатшыға бағалау парағы беріледі. Топты алма-кезек әдісі арқылы бағалау дайын үлгі арқылы жүзеге асады.
Бағалау парағы


Оқушының
аты- жөні Бағалау критерийлері Барлық ұпай саны Бағасы
Графика-лық жұмыс
5 ұпай Тақы-рыптық сұрақтар
1 ұпай Топтағы ізденіс жұмысы
5 ұпай Бекіту сұрақ-тары
1 ұпай Өздік жұмыс
8 ұпай Практикалық
жұмыс
5 ұпай

1 Асанбекова Нурсель
2 Әбіл Мадина
3 Измағанбетов Шыңғыс
4 Марданов Азамат
5 Саятов Санжар
Топтың жалпы ортақ ұпай саны мен бағасы



Тапсырмалар 5 баллдық жүйеде бағаланады.
Парталар 4 топқа арналып, бөлінеді. Әр топтың партасының үстіне топ аттары жазылған парақшалар қойылады:
1-топ: «Проекция» - үшбұрышты таңдағандар
2-топ: «Көріністер» -шаршыны таңдағандар
3-топ: «Аксонометрия» - бесбұрышты таңдағандар
4-топ: «Геометриялық денелер» - трапецияны таңдағандар
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (3 мин)
- Балалар, үйге 4.4 тақырып бойынша №7 графикалық жұмыс берілген. А4 пішімінде орындалған «Аксонометриялық проекциясы бойынша модельдің үш көрінісін салу» графикалық жұмысын топтар бойынша тексеру үшін ауыстырамыз. Топ мүшелері дұрыс және қате орындалған жұмыстарды бағалап, қысқаша талдау жасайды.
ІІІ. Жан-жақты білім деңгейін тексеру (3 мин)
Үй тапсырмасы бойынша білімімізді сынап көрелік. Ендеше әр топ өз атын қорғау мақсатында ұсынылған сұрақтарға ауызша жауап береді, яғни топтың жауабы топ атын ашып көрсетуі қажет.
Әр топқа параққа жазылған сұрақтар таратылады. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
1. «Геометриялық денелер» тобына сұрақ:
Модельдің көрнекі кескіні бойынша үш көрінісін тұрғызу үшін бірінші кезекте не істеу керек?
/Модель конструкциясын зерделеу. Заттың пішініне талдау жүргізу. Оның қандай қарапайым геометриялық денелерден тұратындығын анықтау керек. /
2. «Аксонометрия» тобына сұрақ:
Үш негізгі көріністі тұрғызу үшін келесі кезеңді атаңдар.
/Басты көріністің орналасуын таңдау. Берілген аксонометриялық көріністі зерделеп, проекция бағытын, яғни басты көріністің орналасуын таңдайды./
3. «Көріністер» тобына сұрақ:
Басты көріністің орналасуын таңдағаннан кейін қандай кезең орындалады?
/Кескіндердің қажетті санын анықтау. Басты көріністің орналасуын орынды таңдап алып, кескіннің қажетті минимальды, сонымен қатар заттың пішінін толық көрсетуге жеткілікті санын анықтайды. /
4. «Проекция» тобына сұрақ:
Кескіндердің қажетті саны анықталды. Келесі кезеңде не орындалады?
/Пішім таңдау. Парақтың көлемін жоспарлау. Масштаб пен пішім таңдалады. Содан кейін сызба өрісін белгілейді: габариттік тікбұрыштар тұрғызады, ось және орта сызықтарын жүргізеді және жіңішке сызықпен болашақ кескіннің контурларын белгілейді./
(топтардың жауаптары бақылаушы парағында бағаланады. Жауап дұрыс берілмесе, қатесін өзге топ мүшелері түзетіп, топ мүшелеріне түсіндіріп береді.)

ІV. Мақсат қою. Сабақтың тақырыбы, оқушылардың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттері айтылады.
V. Жаңа оқу материалын меңгеру (15 мин)
Жоспары:
1. Модельдің екі көрінісі бойынша үшіншісін тұрғызу туралы жалпы мәлімет беру.
2.Топта ізденіс жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың жаңа сабақты түсіндіруі.
1. Мұғалім: Сызу курсының негізгі міндеттерінің бірі – сызбаны дұрыс орындап, оқу үшін заттың екі көрінісі бойынша үшіншісін тұрғызып,үйрену.
Берілген екі көрініс заттың алдынан және үстінен, алдынан және сол жағынан, кейде сол жағынан және үстінен қараған көріністер болуы мүмкін. Барлық жағдайда сызбаны орындау бір-біріне ұқсас болады.
Тетікбөлшектің жетіспей тұрған көрінісін тұрғызу үшін, оның берілген кескіндері бойынша пішінін елестету керек, содан кейін байланыс сызықтарының көмегімен жетіспейтін көріністі тұрғызады.
2. Топта ізденіс жұмысын жүргізу
Тақырыпты меңгерту мақсатында оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беріледі. Олар берілген сызбаларды оқып, ауызша сараптай отырып, тақырыпты өздері түсіндіреді.
«Проекция» тобына тапсырма:



«Көріністер» тобына тапсырма:

«Аксонометрия» тобына тапсырма:

«Геометриялық денелер» тобына тапсырма:


VІ. Жаңа оқу материалын түсінулерін тексеру (2 мин.)
Сұрақ-жауап арқылы жаңа тақырып бойынша оқушылардың жалпы түсінігі тексеріледі.
1. Не үшін заттың екі көрінісі бойынша үшіншісін тұрғызу қажет?
2. Заттың үшінші көрінісін орындау үшін оның қандай екі көрінісі берілуі мүмкін?
3. Жетіспейтін көріністі қандай тәсілмен анықтап алуға болады?
VІІ. Жаңа оқу материалын бекіту (12-14 минут)
Топтарға әр түрлі тапсырмалар беру арқылы жаңа оқу материалы бекітіледі.Өздік жұмысы орындалады.
1-тапсырма:
«Проекция» тобы
1. Тест тапсырмасы:
Көріністердің түрлерін көрсетіңіз:
А. Негізгі, қосалқы, жергілікті
В. Негізгі, қосымша, жергілікті
С.Алдыңғы, негізгі, қосымша
Д. Алдыңғы,үстіңгі, сол жақ.


2. Сөйлемдерді толықтыр:
1. Нәрсенің көрінетін бөлігінің бақылаушыға қаратылған кескінін ... деп атаймыз
3. Дұрыс көріністерін тап:

А В С Д

4. Сәйкестігін тап



Дұрыс жауаптары:
1. В (Негізгі, қосымша, жергілікті);
2. Көрініс;
3. Д;
4. 1 – Д, 2 –С, 3-В, 4-Е, 5-А.

«Көріністер» тобы
1. Тест тапсырмасы:
Проекциялық байланыста орналастыру дегеніміз не?
А. Көріністерді өзара байланыстыру
В. Көріністерді бір-біріне қатысты орналастыру
С. Көріністерді белгілеу
Д. Көріністерді белгілі бір тәртіпте орналастыру .

2. Сөйлемдерді толықтыр:
Заттың екі көрінісі бойынша үшіншісін тұрғызу сызбаны ... үшін орындалады.

3. Дұрыс көріністерін тап:


А В С Д
4. Сәйкестігін тап

Дұрыс жауаптары:
1. Д (Көріністерді белгілі бір тәртіпте орналастыру);
2. Дұрыс орындап, оқу үшін;
3. С;
4. 1 – Д, 2 –С, 3-В, 4-Е, 5-А.
«Аксонометрия» тобы
1. Тест тапсырмасы:
Заттың екі көрінісі бойынша үшіншісін тұрғызу не үшін қажет?
А. Сызбаны дұрыс орындап, оқу үшін;
В. Сызбаны дұрыс сызып үйрену үшін;
С. Үшінші көрінісі қажет болғандықтан;
Д. Проекциялау әдісін үйрену үшін.

2. Сөйлемдерді толықтыр:
Заттың бетінің жеке, шектелген орнын кескіндеу ... деп аталады.
3. Дұрыс көріністерін тап:

А В С Д

4. Сәйкестігін тап



«Геометриялық денелер» тобы
1. Тест тапсырмасы:
Негізгі көріністерді проекциялық байланыста орналастырудың қандай
жүйелері бар?
А. «А» және «В»
В. «А» және «Е»
С. «А» және «С»
Д. «А» және «К»
2.Сөйлемдерді толықтыр:
Нәрсенің қандай да болмасын бөлігін аталған көріністерде пішіні мен өлшемдерін бұрмалаусыз көрсету мүмкін болмаса, онда негізгі проекция жазықтығына параллель емес жазықтықта проекциялаумен алынатын ... қолданылады.
3. Дұрыс көріністерін тап:

А В С Д
4. Сәйкестігін тап



Дұрыс жауабы:
1. В («А» және «Е»);
2. Қосымша көріністер;
3. А;
4. 1 – Д, 2 –С, 3-В, 4-Е, 5-А.
2-тапсырма:
Берілген аксонометрия мен екі көрінісі бойынша үшінші көрінісін анықтауға арналған практикалық тапсырма орындалады.
«Проекция» тобы: «Көріністер» тобы:


Дұрыс жауабы: Дұрыс жауабы:

«Аксонометрия» тобы: «Геометриялық денелер» тобы:


Дұрыс жауабы: Дұрыс жауабы:


VІІІ. Сабақты қорытындылау (2 мин).
Рефлексия
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?

Оқушылар сабақ бойынша пікірлерін стикерге жазып, тақтадағы кестеге жабыстырады.
Оқушы білімін бағалау, үй тапсырмасын беру (3 мин)
Бағалау рейтингісі:
 20 ұпай және одан жоғары ұпай «5» -тік бағасын алады;
 15 ұпайдан 20 ұпайға дейін «4»-тік бағасын алады;
 10 ұпайдан 15 ұпайға дейін «3»-тік бағасын алады;
Топ басшылары мен хатшылары топ мүшелерінің ұпай санын есептеп, бағалау рейтингісі бойынша бағасын қояды да, бағаның қалай қойылғанына қысқаша түсіндірме береді.
Үйге: 4.5 тақырыпты оқып, 4.19, 4.20- суреттерді талдау. Келесі тақырып бойынша ізденіс жұмысын жүргізіп келу.
Категория: Технология | Добавил: Жадо
Просмотров: 1418 | Загрузок: 23 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 5:39 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru