Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Технология

Ағаш өндеу өнері «Астау жасау »
[ Скачать с сервера (238.1 Kb) · Скачать удаленно () ] 2015-07-14, 8:46 AM
Технология пәні
8-9сынып
Еңбек пәнінің мұғалімі:Сыздыков Аман Каиржанұлы
Новосел орта мектебі
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, СҚО
Ағаш өндеу өнері «Астау жасау »
Сабақтын мақсаты:
А. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, өзінің қиялын, пікірін, көзқарасын қалыптастыра отырып, ой-өрісін дамыту.
Ә. Оқушының ізденімпаздығын, іскерлігін, шеберлігін, икемділігін арттыру, жоспар құруды үйрету алдына қойған мақсаттарына жету, қабілеттерін дамыту.
Б. Ептілікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру.
Дамытушылық мақсаты: Өз бетінше жұмыс істеудегі дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту.
Білімділік:- Алынған теориалық білімдерін практикада игеру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық қолөнерді қадірлеуді, ұлттық салт-дәстүрді сақтап, қастерлеуге тәрбиелеу. Олардың бойындағы эстетикалық сезімдерін, талғамдарын дамыту.Технология пәніне деген оң көзқарас пен оған қызығушылыққа тәрбиелеу.Оқушыларды ұжымдық жұмысқа үйрету сарамандық жұмыстар орындау барысында оқушыларды еңбек сүйгіштікке, техникалық қауіпсіздікті сақтау білуге, өзіне бақылау жасай білуге қалыптастыру.
Ағаш - табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай ертеден адамдардың негізгі тұрақ жайы болған. Ерте заманнан - ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған. Олар ағаштан аң аулауға қажетті аша таяқ, найза, қада, жебе т. б. заттар жасаған. Адам ағаш өңдеуді тез үйренген. Өйткені ағаш өңдеуге оңай көнетін материал. Пышақ, балта сияқты қарапайым құралдардың көмегімен адамдар үйлерді, көпірлерді, жел диірмендерін, қамалдар мен ыдыс - аяқтар жасаған.
Қазіргі уақытта да біздер ағашсыз өз өмірімізді елестете алмаймыз. Тұрған үйіміз, үй жиһаздары, басқа да тұрмыста жиі қолданылатын заттардың көбі ағаштан жасалған.Қолөнердің ең көп тараған түрлерінің бірі - бұл ағашты көркемдеп, өңдеу. Ертеден - ақ көшпелі халық тұрмысына қажетті заттарды өздері жасап отырған. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, киім салатын сандық, әбдіре, киім ілетін - адалбақан, тостаған, саптаяқ, шара, отау, табақ пен тегештерді аса шеберлікпен жасаған.
Ағаштан жасалған бұйымдардың ішіндегі ең көп тараған түрлері жұкаяқ, күбі, ағаштан бүтіндей ойылған астау, келі - келсап, асадал. Бұл бұйымдарды шеберлер күмістен, сүйектен жасалған ою - өрнектермен әрлеген. Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Оған май қарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаш қажет, нәзік ойықша, үшбұрыш және басқа өрнектерді салу, әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі. Жұмысқа бұтақсыз жұмсақ ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді.
Өрнек дегеніміз - кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей.
Ал ою дегеніміз, бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.
Ағаш шеберлік аспаптары – ағаш ұқсату, өңдеу жұмыстарына қажетті саймандар. Кез келген жұмысты бастар алдында А. ш. құрал-саймандарын сайлап алады.


Қазақ шеберлерінің дәстүрлі саймандары:
1 - моғал ыңғыру;
2 - балта;
3 - балға;
4 - шаппа шот;
5 - үскі;
6 - пышақ;
7 - аталғы шот;
8 - тік қашау;
9 - имек қашау;
10 - имек ыңғыру;
11 - моғал ыңғыру;
12 - құстұмсық ыңғыру;
13 - бұрғы;
14 - құсқұлақ;
15 - ойыс жүзді қашау;
16 - тістеуік;
17 - самиян ыңғыру.
Ағаш ұсталары құрал-саймандарын кесу, шабу, қию, жону, керту, ою, оймыштау, қырнау, қыру, тесу, сүргілеу, тілу, қару, бояу, жылтырату, сырлау, шегелеу, желімдеу және т.б. жұмыстарда қолданды. А. ш.-нің негізгі құралдары мыналар: балта, балға, ара, шот, сүргі, бұрғы, түрпі, тез, қашау, шапқы, қырғыш, ұңғы, ыңғыру, сыдырғы, егеу, тістеуік, үскі, пышақ түрлері және т.б. А. ш. аспаптар қатарына (әр аспап туралы жеке мақаланы қараңыз) ағаш балға, шот, атауыз (қысқы), аталғы, пышақ, пәрмі, қолшығыр, тышуыр, балға, ағаш балға, ұртоқпақ (қолағаш), қырғыш, сүмсуір, қаламдықтемір (көзеуіш), ақсақтемір, қайрақ, білеу, қылау, жануыш, сүргі, зімпара, бұлғауыш, қылқалам, қуысқұлақ, белтемір, інкенже, жаңғырық, сына жатады. Бұлардың кейбірі сай- манды ұруға (ағаш балға, ұртоқпақ (қолағаш), екіншісі – өлшеуге (ақсақтемір) немесе құрал-сайманды қайрау немесе астына тосып салу (жаңғырық, сына) сияқты жұмыстарға пайдаланылады.
Осы күнге дейін айтылып жүрген деректерде астаудың ХIХ ғасырда жасалғаны туралы жазылып келді, алайда тарихи оқиғаларды саралай келе сол заманның талабымен ойлайтын болсақ «Вакуфнаме» өсиет хаты Әмір Темірдің көзі тірі кезінде жазылса, сол кезеңдерден бастап «Халим аба» тағамы дайындалса, демек астауда әрі кетсе сол ХV-ХVI ғасырларда жасалған болу керек деген тұжырым жасауға болады. Сондықтан кесенеде сақталған ағаш астаулар да Әмір Темір дәуірінен қалған Тайқазан, Шырағдандардан кейінгі ХV-ХVI ғасырлардан қалған заттай дерек, құнды жәдігерлердің бірі.
Сондай ағаштан ойылып жасалатын ыдыстардың бірі астауға тоқталып өтер болсақ, астаудың қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде алатын орны ерекше. Астаудың шүңғылдау жасалғандарына қымыз, айран, сүт, құйса, жайпақ түрлеріне бауырсақ, құрт құрғақ тағамдар салуға арналып жасалатын болған. Күнделікті тұрмыста қолданылатын астауларды мәнерлеп өрнектеу сирек кездеседі, тек қыздың жасауына қосатын не құрметті қонаққа арналатындары өрнектеліп, күміспен нақышталады. Қазақ халқының ағаш ыдыстарының бірден-бір айырмашылық белгісі, оның көлемді келетіндігі. Мысалы, бір қойдың еті түгел сиятын керсен сияқты ағаш ыдыстар, астаулар қазақ арасында жиі кездеседі. Мұндай астаулармен белгілі, елге сыйлы кісілердің жылдық асы берілген кезде киіз үйлерге епті жігіттер астау толы етті атпен жүріп таситын болған.

Астау халқымыздың байырғы уақыттан бастап қолданып келе жатқан ас тұтынатын бұйымы болып табылады. Сонымен астаумен қатар астабақ та кеңінен қолданаста болған.Астауға тек қана ет салып қана қоймай басқа да майлы дәмді астарды тартуға болады.
Астауды жасаудағы әдіс тәсілдерді меңгеру үшін ең алдымен қолөнершінің шеберлігі мен арнайы көркемдік дайындығы болса, бұйым жасауға арналған қажетті жағдайларын ұйымдастыруы қажет.
Яғни ең алдымен керекті құрал саймандарды жұмыс орынын сайлағаны дұрыс. қажетті шапқы, қашау, пышақтардың түрлі үлгілерін дайындап, астау жасауға арнайы алынған дайындаманы верстак бетінде нық қозғалмастай етіп орнатып (бекітіп) немесе қойып алып, бірақ жұмысқа кіріскен дұрыс.
Бұл жерде ағаш таңдауда ағаштың жапырақ тұқымдас түрлерін қолданған дұрыс. Мысалы қайың, терек, үйеңкі т.б. Себебі бұл ағаштар кесуге жұмсақ келеді.
Жұмыс бастамас бұрын пышақтардың жүздерін қайрап, күтім жасау қаже. Ең бастысы пышақпен жұмыс істеу барысында өте мұқияттылық және абайлық таныту керек.
Себебі, қауіпсіздік ережесі сақталмаса нәтижесінде ауыр жарақат алуыңыз әбден мүмкін. Әр пышақтың өзінің орынды қолданылуы және кесудегі арнайы әдіс тәсілдерін біліп, меңгеру қажет.
Жалпы бұйымның сырт көрініс,і кескіні, өлшемі тұтынушының қалауына байланысты. Дегенмен заттың өзіндік қолданылуындағы талап етілетін сапалық, эргономикалық, көркемдік үйлесімдігінің сақталуы қажет.
Астауды көркемдеуде ұлттық өрнектердің кез келгенін қолдануға келмейді. Негізі бабаларымыз ыдыс аяқтарды өсімдік тектес өрнектермен өрнектеген. Бірақ ағаш бұйымдарын көркемдеуде жануар текті ұлттық ою өрнектерді де қолдану өте ұтымды, әсерлі нәтиже береді.
Жоба: Астауды жасау
Категория: Технология | Добавил: amansizdikov76
Просмотров: 2217 | Загрузок: 317 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-16, 1:54 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru