Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание

Балабақша мен жанұяның рухани-адамгершілік білім беру және де тәрбиелеу жүйесінде бірлесіп әрекет қы
2014-01-30, 7:51 AM
Жакупбекова Райхан Сагитовна
тәрбиеші, «Балдырған» МДҰ КМҚК, Осакаровка кенті
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, танып ескерсе, дүниедегі жақсы жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады».
Абай.
Қазақстан жас дамыған тәуелсіз мемлекет, ол өз дамуында үлкен қадамдар жасады. Ал өсімтал мемлекет қоғамнын дамуында өзгерістер болуын талап етеді. Қоғамды өзгертуші, мемлекеттік қозғаушы күші, адамгершілікпен рухани тәрбиеленген жас ұрпақ.
Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Өмір заңының ең бір қуанышты сәті – ол дүниеге сәбидің келуі. Осы қуанышты сәттің дұрыс бағытта жалғасуы ұлкендердің үлесінде, себебі дүниеге келген сабидің болашағы ең әуелі ата-анасының, содан соң қоғамның колында.
Отбасы – бұл баланың өмір сұру ортасы. Қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеумен қарапайым біліммен қаруландыру және де шешім қабылдай білу үйренетін ең жақын адамдардың мейрім шуағын сезінетін орын. Отбасында барлығы жақсы болған жағдайда, балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің дамуы әлеуетіне көтеріле алады.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы балаға ұлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса соны айтатының, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені немесе жақындарынан естігені – ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істерімен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ.
Отбасында басталған өнегелі тәрбие балабақша қабырғасында тәрбиеші мен ұстаздардың ұлағатымен одан әрі жалғасады. Балабақшада баланы бүлдіршін кезінен адамгершілікке, имандылық пен өзіне-өзі қызмет етуге, мәдени-гигиеналық машықтарды қалыптастыруға, еңбекке, бауырмалдыққа баулуға, патриоттық сезімді қалыптастыруға, ұлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстар жүргізу барасында біз халық педагогикаға сүйенеміз. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ата-бабаларымыздың баланы бесіктен жақсы әрекеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті ар-ұяты бар адамнын, бет бейнесі иман жүзді, жарқын, биязы өзі парасатты болады. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз.
Кәзіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатта жүзеге асыруда «Бөбек» қорының төрайымы Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы біздің балабақшада пән ретінде жүргізіліп келеді.
Балабақша тәрбиешісіне арналған әдістемелік құрал, көркем шығармалар хрестоматиясы және балалардың дәптерінен тұратын бұл оқу – әдістемелік кешен «Өзін-өзі тану» курсының негізгі мақсатына қол жеткізуге бағытталған. Сабақтың негізгі мазмұнында балалардың танымдық, қызығушылықтарын қалыптастурумен қанағаттандыруға, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға арналған алуан түрлі ойындар мен жаттығулар қолданады. Мұның манызы баланың мораль ұғымымен оны бағалауға жалын адамгершілік қасиеттерге дамытудан тұрады.
Жұмыс дәптерінде берілген шығармашылық тапсырмалар педагог пен ата-аналардың арасындағы өзіндік бір тығыз қарым- қатынас орнатуға бағытталған жұмыстың бір қыры болып табылады.
Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен балабақша қызметкерлерінің бірден бір парызы оқу тәрбие жұмысын дұрыс жалғастырып қоюда ата-аналармен жұмыстың орны орасан. Ата-аналармен тығыз байланыста болу мақсатында құрылған «Отбасылық адамгершілік мектебі», қызықты тақырыптағы кездесулерде ұйымдастырылған. «Жалпы адамгершілік құндылықтар және оны балалардың бойына сіңіру», «Мейірімді әдеттерді-балалық шақтан» т.б. тақырыпта өткен кездесулер олардың «Өзін-өзі тану» курсы жайындағы ойларын білуге мүмкіндік берді.
Ата-аналар бала бойында болған өзгерістер жайында әңгімелеп, айтты. Ата-аналардан алған мағлұматтар арқылы педагог өз жұмысының нәтижесін көре білді. «Өзін-өзі тану» курсы бойынша ата-аналармен жүргізілетін әңгімелер, кеңестер, конференциялар ата-аналарды бала тәрбиесінде белсенді қатысушы болуға шақырады. Педагогтар мен ата-аналардың бірлескен отырыстары, балаларды рухани тәрбиелеудегі қиыншылықтарды анықтауға және тиімді жолдарды таңдауға мүмкіндік берді.
Педагогтардың ата-аналармен бірлескен жұмысы балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде өзінің тиімді нәтижесін берді. Қазіргі уақытта біздің ата-аналар барлық шығармашылық істердің белсенді қатысушылары. Әр мерекелік ертеңгіліктерге, ойын-сауықтарға балаларға арнайы киімдер дайындап, топты безендіруге көмектеседі.
Рухани адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа – қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеп соны мақсат тұтса ұстаздын, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам, олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым», – депті Ақан сері.
«Еліміздің күші – патшада, сәбиіміздің күші – жылауында» демекші біздің күшіміз қоршағанымыз, сеніміміз адамгершілігімізде болуы керек. Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек ұлы жеңіс болары анық.

Қолданылған әдебиетер.
1. Журнал «Өзін-өзі тану», № 2, 2012 ж.
2. «Бала мен балабақша» № 9, 2011 ж., № 6, 2011 ж., № 7, 2011 ж.
3. Баймұратова Б., Отбасындағы баланы мектепке дайында. Алматы, 2000 .
Категория: Самопознание | Добавил: Ann1986 | Теги: семья, самопознание
Просмотров: 1737 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 2:42 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru