Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание

Отбасы- бақыт мекені
2014-04-16, 11:17 AM
Сабақтың тақырыбы: «Отбасым-бақыт мекені!»

Сабақтың мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасындағы сүйіспеншілік сыйластық туралы ұғымдарын бекіту. Отбасындағы өзара сыйластық, қарым-қатынас дағдыларын дамыту, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл: әңгіме, сұрақ-жауаптар, тақпақ, ойын практикалық жұмыс.

Сабақ барысы:

Шаттық шеңбері
Амансың ба, балалар !
Амансыздар ма, қонақтар!
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, жер ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам!

-Балалар, бүгін мен сендерді осындай кең, жарық, әдемі бөлмеде кездестіргеніме сондай қуаныштымын. Ал сендер қуаныштысыңдар ма?
Ән «Қанша бала, қанша қыз?»
-Кәне, балалар өзіміздің жақсы көңіл-күйімізді, әдемі күлкімізді бір-бірімізге алақандарымыздың жылуы арқылы таратайықшы.
-Міне, қызық балалар, біздің шеңберіміздің ішінде дөңгелек пайда болыпты. Біздің шеңберімізге ұқсайды. Ол неге ұқсайды? (балалардың жауабы)

-Балалар біз бүгін «Өзін-өзі тану» әлемінің картасындағы «Отбасы» аялдамасына тоқталамыз.

-Суретте нені көрдіңдер? (сурет б-ша әңгіме)
-сіздердің өз отбасыларың бар ма?
-Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Өз отбасыларыңды неге жақсы көресіңдер?
(балалардың жауабы)
-Бүгін мен бір тамаша хат алдым. Ол хатты оқып қатты қуандым.Сендерді туыстарың өте қатты жақсы көреді екен.Туыстарың сендерді жақсы көретіндігі соншалықты, сендерді еркелетіп түрлі жақсы нәрселермен теңейді екен.
-Кәне,отбасында сендерді кімдер және қалай еркелететінін еске түсіріп, айтып көріңдерші. (балалардың жауабы)
-Өте тамаша, ендеше ақын Қ.Ысқақовтың «Кім ойлап тапқан?» өлеңін оқып берейін.
Кім ойлап тапқан?
Сөздерді ең аяулы, жақсы көріп жаттадым.
Енді білдім оларды, кімнің ойлап тапқанын.
«Күнім», «жаным»дегенді, «Құлыншағым» дегенді,
«Ботақаным» дегенді, «Қошақаным» дегенді,
«Толған айым» дегенді ойлап тапқан аналар.
Ойын «Мен отбасымды жақсы көремін»
Ойыннан соң балалардың жауабын қортындылау.
Дәйек сөз: «Күн нұрын таратады, ана мейрімін таратады.»
Мағынасын түсіндіру.
«Өзіммен-өзім» релаксация-өз үйлерін көз алдына елестету.
Өз отбасы тұратын үйді салуды ұсыну.

Қортындылау.
Біз бүгін өзімізге жақын, ең қымбат анамыз туралы,ең ақылды қамқор әкеміз туралы, ең қайырымды ата-әжеміз туралы, ең сүйкімді іні-қарындас,аға-апа туралы әңгімелестік.
Оларды сыйлауды, жақсы көруді үйрендік. Олардың бізге тек жақсылық тілейтінін білдік.Ата-аналарың, туыстарың сендердің нағыз адам болып өскедеріңді қалайды. Сондықтан да, олардың сенімін, еңбегін ақтауға тырысыңдар.
Категория: Самопознание | Добавил: ризагуль
Просмотров: 2096 | Загрузок: 0 | Комментарии: 9 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2016-12-08, 10:54 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [165]
Педагогика [291]
Математика [778]
Физика [242]
История [335]
Классному руководителю [518]
Русский язык и литература [697]
Физическая культура [200]
Английский язык [409]
Искусство [181]
Родительский совет [14]
Биология [319]
Информатика [366]
Начальная школа [1873]
Мой Казахстан [238]
Технология [126]
Самопознание [171]
Технология труда [49]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [40]
Профессиональное образование [155]
Дошколенок [462]
География [129]
Школьная библиотека [48]
Казахский язык и литература [544]
Химия [33]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru