Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание

Ата-анаң-алтын тұғырың
2014-05-04, 7:12 PM
Семей қаласының №30 ЖОББМ
Амангелдина Сагыныш Нурбековна
мектеп психологы және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Сынып: 11 «Ә»
Тақырып: «Ата-анаң-алтын тұғырың»
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық

Сабақ мақсаты: «Ата-ана» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
 Ата-анаға деген сүйіспеншілік сезіміне, ата-ананы құрмет тұтуға үйрету;
 Ата-ананы қадірлеу, ардақтау, ата-ананың үмітін ақтауға баулу;
 Махаббатқа, мейірімділікке, қамқорлыққа, тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Тыныштық сәтi.
Баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін баяу музыка қойылады.
Ой қозғау: Оқушылаға сұрақтар қойылды
Бала анасына деген махаббатын қалай жеткізеді?
Ата-ана алдындағы парыз дегенді қалай түсінесіздер?
Отбасындағы әкенің орны қандай?
Адам қай уақытта ата-ананың үмітін ақтай алады?
Өзің шеше алмаған мәселелерді ата-анаңмен еркін бөлісе аласың ба?
Анаң немесе әкең қай уақытта саған риза болады?
Дәйексөз Халық нақылы
Әке-асқар тау
Ана-ағып жатқан бұлақ
Бала-жағадағы құрақ
(Оқып талдау)

Әңгiмелеу
Оқушыларды М. Ғабдулиннің мәтінімен таныстыру. Оқулықтағы мәтіннің ішінен оқушылар өздеріне ұнған сөйлемді түртіп алады.
М.Ғабдуллин.
Ата-ананың қайсысы болса да баласына мықты денсаулық, бақытты, шат өмір тілейді. «Балам ер жетіп, елінің ер азаматы, халқының мақтанышы, абыройы, зор адамы, қажырлы қызметкер болса екен»дейді. Бүгін бесікте жатқан нәресте ертең, ер жеткен соң, еліне қызмет етеді деп қуаныш білдіреді. «Мал бақ, адал кәсіп ет, ел-жұртыңды шапқыншы жаудан қорға» деген халықтық тілек –мүдде ананың әуенді ән-өлеңімен жыр болады.
Ол сөздер: Халқынды сүй, халқын үшін отқа түс-күймейсің, суға түс-батпайсың, әрқашан да халықпен бірге бол, бәрінен де халық мүддесін жоғары ұста, ел қорғауда және тұрмыс-тіршілікте халықтың ер-азаматы, қамқоршы ұлы бол, халық үшін ерінбей еңбек ет!-дегенді білдіреді.
Бұдан халықтың өткен кездегі арманы мен тілегі айқын көрінеді. Ал осы: Арманға жету үшін не істеу керек?-деген сұрауға халықтың берер жауабы да айқын. Өзінің көп ғасыр бойына өмірде сыналған тәжірибесіне сүйене отырып, «алдағы ұлы арманға жеткізетіндей дұрыс тәрбиелеу керек» дейді халық. «Баланы жастан», «ұядан не көрсе, ұшқанда соны ілер» деумен, халық баланы жасынан дұрыс жолға сала тәрбиелеу ісіне айрықша мән береді. Сонда ол баланың өсе келе «дүние кірпіш болып» қалануын, өмірде, тіршілігінде шын мәнінде қызмет атқара алатын ер-азамат болып шығуын көздейді.

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқушылар «Ата-ана» мен «бала» тобына бөлініп. Олардың көзқарасы тұрғысынан ата-ана мен баланың арасында келіспеушілік тудыратын жағдайлардың тізімін жазып, талдайды.

Топпен ән айту.

«Ана туралы жыр» сөзі Ғ. Қайырбековтікі, әні: Ш. Қалдаяковтікі
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың,
Қанатын самғаған.
Балалық құштарым,
Өзіңе арнаған.
Қайырмасы:
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісің,
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сабимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен тангимын.
Өтеуге борышым,
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай, күнін,
Қолыма түспеді.

Үй тапсырмасы.
«Ата-анам-берік қорғаным» тақырыбына эссе жазыңыздар.
Соңғы тыныштық сәтi.
Тыныштық сәті кезінде мұғалім төмендегідей мәтінді айтып тұрады, ал оқушылар мұғалімнің айтқанын орындайды.
Мұғалімнің сөзі:
-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,
бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезесіңдер.
Ал енді көздеріңді ашыңдар.
Оқушылар өз қалпына түскен соң мұғалім сабақты бітіреді
Категория: Самопознание | Добавил: amangeldina
Просмотров: 4199 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 7:55 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru