Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание

Ар-ұждан- адамдық өлшемі
2014-05-05, 11:13 AM
Семей қаласының №30 ЖОББМ
Амангелдина Сагыныш Нурбековна
мектеп психологы және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Өзін-өзі тану пәні
Тақырып: «Ар-ұждан- адамдық өлшемі»
11 «Ә» сынып
Құндылық: ар, ұждан, намыс, ұят, аброй
Қасиеттер: өзін-өзі тәбиелеу, жан сұлулығы
Ресурстар: АТК, плакаттар, стикерлер, фломастерлер, нақыл сөздер

Сабақ мақсаты:
«Ар-ұждан» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, адам туы ар-ұждан туралы түсінігін дамыта отырып, ар-ұждан тазалығына баулу.
Міндеттері:
 адам өміріндегі ар мен ұжданның мәнін аша отырып, адам өмірін реттеуші, адами абзал қасиеттердің өлшемі екенін таныту.
 ар тазалығына жету үшін өз әркетін талдап кемшілігін танып, жан сұлулығы арқылы адамдық биігіне өздігінен көтерілуге баулу. Өзін тәрбиелеуге жетуі.
 өмірлік әрекетіне, өз мінез құлқына сараптама жасап, өзіндік бағдарын анықтай алу, мүмкіндігін дамыту.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды үш топқа бөлу.
2. Тыныштық сәтi.
Баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін баяу музыка қойылады.
3. Ой қозғау:
1-топ «Ар»
2-топ «Намыс»
3-топ «Аброй»
Әр топ ақылдаса отырып өздерінің топтарының атаулары бойынша мысал келтере отырып, ойларын ортаға салады.
4. Дәйексөз.
Нақыл сөз
Ақылды болсаң, арыңды сақта,
Ар-ұждан керек әр уақытта
Оқылады мағынасы талданады.
5. Әңгiмелеу Б. Момышұлы
Ар-жақсылық пен зұлымдықты, шындық пен жалғандықты, әділдік пен әділетсіздікті және басқаларды анытайтын адамгершілік ұғым. Бұл-адамның іс-әрекетін ақиқат, шындық пен әділдік жөніндегі ұғымдар түсінігіне байланысты реттейтін, парыздың қаншалықты орындалған немесе орындалмағанын анықтайтын, нені істеп, неден бас тартуға тура келетінін көрсететін сзім.
Қысқасын айтанда, ар- парыздың бақылаушысы, адам өмірін реттеуші.

6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Халқымыздың перзенті Б.Момышұлы туралы жазылған «Атақ пен Шатақ» атты кітаптан алынған «Көлеңке» деген әңгімесін топтарға бөліп, оқыту топтарға сұрақ қою.
 Б. Момышұлының өз өмірінің көлеңке жағын байқауына түрткі болып тұрған не? (1 топ)
 Адамның өз кемшілігін білуі не үшін қажет? (2 топ)
 Ар-ұждан адамға табиғаттан берілетін қасиет пе? ( 3топ)
7. Топпен ән айту.
Оқушылар М. Шахановтың өлеңін оқиды
Ар алдында адал ақпыз десек те
Сан сұрақтар алар кейде жағадан
Мүмкін, бізді таңар шулап өсекке,
Мүмкін, бізді түсінбейді көп адам.
Алуан ұғым алуан жаққа тарады,
Сан көңілдің тұйығына малтыдым.
Ғашық болып көрмегендер бар тағы,
Олар бізді қайдан ұқсын алтыным.
Көзімді алмай маздап жанған оттардан,
Саған сенем, саған сенім артамын.
Қорықпаймын түсінігі жоқтарда
Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын.
8. Үй тапсырмасы.
«Ар ұжданыма саяхат» тақырыбында эссе жазу
9. Соңғы тыныштық сәтi.
Тыныштық сәті кезінде мұғалім төмендегідей мәтінді айтып тұрады, ал оқушылар мұғалімнің айтқанын орындайды.
Мұғалімнің сөзі:
-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,
бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезесіңдер.
Ал енді көздеріңді ашыңдар.
Оқушылар өз қалпына түскен соң мұғалім сабақты бітіреді
Категория: Самопознание | Добавил: amangeldina
Просмотров: 7905 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 3.3/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 3:16 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru