Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание

Жасөспірімнің өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін арттыру мәселесінің теориялық-әдіснамалық негіздері
2014-05-05, 4:58 PM
Әлеуметтік педагогикалық және психологиялық аспектіде жасөспірімдік кезеңбасқа жас кезеңдерімен салыстырғанда, білімділіктің неғұрлым жоғары деңгеймен және танымдық мотивацияның жоғары деңгеймен ерекшеленеді. Сонымен бірге жасөспірімдік кезең - әлеуметтік қауым, яғни ол әлеуметтік белсенділік пен интеллектуалдық және әлеуметтік кемелділіктің жеткілікті үйлесімді арақатынасымен сипатталады. Жасөспірімдік кезеңнің осы ерекшілігін есепке алу – мұғалімнің әр оқушыға педагогикалық қарым-қатынас серіктесі ретіндегі, оқытушы үшін қызықты тұлға ретіндегі қатынастарының
негізінде жатыр. Тұлғалық, іс-әрекеттік тұрғыдан жасөспірім оқушы белсенді, өз іс-әрекетін өз бетінше ұйымдастыратын педагогикалық өзара әрекеттесу субъектісі ретіндеқарастырылады. Оған танымдық және коммуникативтік белсенділіктің нақты, тұлғалықбағдарланған міндеттерін орындау деген ерекше бағыттылық тән.
Өзiндiк сана-сезiм және өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің педагогикалық мәні мен онызерттеудегі теориялық көзқарастарды бірге топтастыратын болсақ, онда олардың ортақпікірлері бірегеді. Яғни, жеке өзіндік сана-сезім мәселесі даму тарихының ментальдырефлексиямен синтезделген адамның өзіндік болмысы ретіндегі көзқарас И. Кант, И.Фихте, Г. Гегель, М. Хайдеггер, М. Шеллер, А. Шопенгауер, П. Рикер, М. Фуко, В. Библержәне М. Бахтиннің философиялық еңбектерінде табылған. Бұл идеялар әлеуметтікғылымдар үшін жалпы болып табылатын сәйкестілік ішкі өзін-өзі жүзеге асыру жәнесыртқы контексттің нәтижесі ретіндегі көзқарастың пайда болуында маңызды рөлгеие болды. Оларшетелдік (Э. Гоффман, Э. Дюркгейм, Ч. Кули, С. Мадди, Дж. Мид, С.Московичи, А. Мумендий, Ж. Пиаже, Э. Эриксон т.б.) және кеңестік ойшылдардың (Н.А.Антонова, В.Д. Балин, М.С. Каган, С.Л. Рубинштейн, И.С. Кон, А.Г. Спиркин, В.В. Столин,И.И. Чеснокова, А.Р. Лурия, B.C. Мухина, В.А. Ядов) тұлғалық және әлеуметтік жетілуін зерттелуіне ықпал етті. Кеңестік психологияда өзін өзітәрбиелеужөніндегітүсініктер өзін-өзі тануды зерттеулер шеңберінде дамыды. Бүгінгі таңда, кеңестік ғалымдардың СЛ. Рубинштейн, И.С.Кон, А.Г. Спиркин, В.В. Столин, И.И.Чеснокова, А.Р. Лурия, B.C.Мухина, т.б. зерттеулерінің арқасында өзін-өзі тәрбиелеуді зерттеу саласында белгілі бір категориялық аппарат қалыптасты. Мұнда өзін-өзі тәрбиелеу, өзіне деген қатынас, өзін-өзі бағалау сияқты түсініктердің арасында байланыстар тағайындалып, сана мен өзін-өзі тәрбиелеудің ара-қатынасы сияқты сұрақтар жақсы зерттелінген. Өзіндік сана-сезім әлеуметтік-психологиялық шындық саласында психологтар (У. Джемс, Дж. Тэрнер, X.Тэджфел, Э. Дюркгейм, т.б.) назарында бұрынан бері келе жатқан тұлға жетілуіндегі құрылымындағы дәстүрлі зерттеулерінің көзі олардың терең өңделуі себебінен Л.А.Логинова, В.В. Нуркова, К. Мұздыбаев, Л.И. Анцыферова, К.А. Абульханова-Славская еңбектерінде қарастырылады. Өзін өзі тәрбиелеу мәселесімен айналысқан Қазақстандық зерттеушілер арасында Ж.М. Абдильдин, К. Марданов, А.Н. Нысанбаева,Р.К. Кадыржанова, М.С. Әженова, С.Е. Нұрмұратовты атап өтуге болады. Олардыңзерттеулері философия және оның әдіснамасымен байланысты.
Танымдық әрекеттегі өз бетіншелік жаңа біліміздеуге, оқудағы байланыс, дәлелдерді белсенді пайдалануға түрткі болатын оқу әрекеті. Танымды қәрекет жүйесі бүкіл оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқудың мазмұны мен іс-әрекет амалдарын біртіндеп күрделілендіре беретін бірізділікке негізделеді. Сондықтан мұғалім оқушының білімді меңгеруімен қатар, оның оқу-тәрбиелеуі с-әрекетін белсендіру жағына да баса назар аударуы қажет.
Оқу-тәрбие процесінің сапасын және пайдалығын көтеру міндетін шешудің негізгімәселесі оқушылар оқу әрекетін, тәрбиеленуін белсендіру болып табылады. Оның ерекше маңыздылығы мынада, оқу жылжымалы қалыптастырушы қызмет бола тұрып,тек оқу материалын қабылдауға ғана емес, оқушының танымдық әрекетке қарым-қатынасын тәрбиелеуге, қалыптастыруға да бағытталған. Іс-әрекеттің қалыптастырушы сипаты әрқашан да субъектінің белсенділігімен байланысты. Дайын күйінде алынған білім, оқушылар бақылап жатқан құбылыстарды түсіндіруге және нақты міндеттерді шешуге пайдаланған кезде қиыншылықтар туғызады. Оқушылар біліктілігінің негізгі жетіспеушілігінің бірі – теориялық білім және оны практикада қолдану қабілеттілігі арасындағы үзіндіде байқалатын формализм. Оқу процесіндегі белсенділік- мұғалімнен оқу процесін оқушылар бойында құлшыныспен өз бетімен жұмыс істеуді, білімді берік, терең игеруді, қажетті білікті, дағдыны жүйелі қалыптастыратындай және олардың байқампаздық, ойлау, сөйлеу, шығармашылық және есте сақтау қабілеттерін дамытатындай етіп құруды талап ететін дидактикалық қағида.
Тәрбиелей оқыту- біріншіден, оқушының білімі, білігі және дағдысымен бірге оның дүниеге көзқарасын, мінез-құлқын, еркін, таным қабілеттерін және басқа да қасиеттерін қалыптастыру; екіншіден, оқушылардың қоршаған ортаға бір-біріне деген сезімдік қатынастарын қалыптастыру. Бұл оқыту принциптерінің бірі. Бұл терминді педагогика ғылымына енгізген неміс философы, педагогі И.Ф.Гербарт болатын.
XVII –XIX ғасырдың ірі педагогтары Я.А.Коменский, И.Г.Пестолоцци, Ж.Ж.Руссо,А.Дистерверг, К.Д.Ушинский және т.б. оқытушының негізгі жұмысы – оқушыларды өзінше ойлау, зерттеу ізденістеріне бейімдеу деп санаған. А.Дистерверг былай деп жазған: «Нашар мұғалім шындықты хабарлап қояды, жақсы мұғалім оны табуғаүйретеді». Ал, қазақ ойшылдары мен ағартушылары Абай Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, қоғамдық қайраткер және педагогтар А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов өздерінің еңбектері мен тәжірибелерін оқушылардағы шығармашылықты дамытуға, ойларын жүйелеуге шақырған. Дәл қазіргі кезде білімнің кең көлемді қоры жиналған оқушылардың оқу әрекетін белсендіру оқушыларды тұлғалық даму әрекетіне тәрбиелеудің міндеттерінің бірі. Оның негізі мынада болып отыр, жеке тұлға әрекетте қалыптасады, басқаша айтқанда бұл туралы Қытай даналығында былай делінген: «Маған айт – мен ұмытып қаламын; маған көрсет – мен есімде сақтаймын; маған өзіме жасауға бер – мен үйренемін».
Жалпы білім беруде өзін-өзі тәрбиелеуді белсендіру жұмысы – бұл оқытушының белгілі мақсатқа ұмтылған әрекеті, мазмұнды, көлемді оқу-тәрбиелеуде қолданылатын жұмысы, сондай-ақ қызығушылығын тудыратын, белсенділігін арттыратын,шығармашылықты арттыратын білімдерді меңгертуде оқушының өзіндік үйренуі, дағдымен шеберлігін қалыптастыратын тәжірибелерді қолдануға бағытталған. Бұл ой еңбегінің құлдырауы және тоқтап қалудан сақтайтын оқыту мен тәрбиелеудің жігерлі, мақсатқа бағытталған жүйесі болып табылады. Бұл дегеніміз, тұлғалық белсенділікті арттыру жұмыстарының негізгі мақсаты – оқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу –тәрбие саласын көтеру. Жасөспірім оқушылардың өзін тәрбиелеу белсенділігі мәселесі– терең педагогикалық зерттеулердің пәні.
Сондай-ақ өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі – оқушы тұлғасының ерекшелігінің мәнінеде екенін түсіну үшін, сол субъектінің санасында танымдық нақты әлемнің көрінісініңекі деңгейінің барын, бірінен-бірі танымдық және тәрбиелеу үдерісінің әрекетті кайырмашылығы бар екенін көрсетеді. Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі жасөспірімнің әрекет етуге деген қатынасында өзбетінше әрекет етуге дайын болудан, ұмтылыстан,алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын оның тұлғалық сипаты ретінде айқындалады.
Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігінде маңызды рөл атқаратын - қызығу жасөспірімнің танымдық қажеттіліктерді сезіп, олардың мән-жайын айқын түрде түсіндірудегі жан дүниесінің ұмтылысы. Қызығу барысында адам өзінің әр нәрсені танып білу қажеттілігін қанағаттандыру үшін әр қилы әрекеттерді белсенді түрде меңгеру керектігін түсінеді.
Жасөспірімнің танып білу әрекетінің қозғаушы күші ретінде қызығу мазмұнына, кеңдігімен тұрақтылық қасиеттеріне орай топтастырылып қарастырылады.
Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігінің белгісі ретінде сенім– жасөспірімнің белгілі біртүсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі. Өз қажеттілігін орындаужолында жасөспірім дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен қоғам заңдылықтарыжөніндегі ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды.
Өзіндік тәрбие процесінде оларды да ескермеугеболмайды. Бірақ та, олардың бәрі бірегей мақсатқа – жасөспірімді жан-жақты үйлесімді қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Олай болса, жан-жақты үйлесімді дамыған жасөспірім деп – өзінің бойындағы рухани байлықты, адамгершілік тазалықты және дене жағынан жетілгендікті үйлестіре, ұштастыра білген, сана-сезімі жоғары, өмір мен білім салаларында белсенділік танытуға қабілетті, ізгіленген және әрекетшіл жасөспірімді айтуға болады.
Осыған орай, олар балаларды ақыл-ой еңбегінің неғұрлым оңтайлы әдістеріне үйретуге ерекше маңыз берді.
Категория: Самопознание | Добавил: 03000
Просмотров: 1895 | Загрузок: 0 | Комментарии: 5 | Рейтинг: 4.2/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 4:02 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru