Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание

Қанағат рақым ойлап қой 10 сынып
2015-01-15, 6:26 PM
Орынбекова Макпал Кайратовна
«Өзін-өзі тану» пән мұғалімі
ШҚО, Көкпекті ауданы, Көкжайық орта мектебі
Тақырыбы: Қанағат, рақым ойлап қой!
Мақсаты:
- қанағат және қанағатсыздық ұғымдарын салыстыра отырып ұғындыру, сақшының Отан алдындағы міндетті борышын орындаудағы тәртіп іс-қимылын түсіндіру.
- еліктіретін, қызықтыратын дүниеге өз сезімдерін тежеп, ойына, іс-әрекетіне сыни көзбен қарап, сақшы лауазымына кірісу сәтінен бастап жүйелі іс-әрекет жасауға дағдыландыру
Міндеттері: отансүйгіштікке, патриоттыққа, туған еліміздің қырағы сақшысы болуға, өз қанағт сезімдерін басқара алуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық, слайд, интерактивті тақта, суреттер
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сын тұрғысынан ойлау, тренинг, талдау, салыстыру, түсіндіру, пікірлесу.
Сабақтын барысы
Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, оқу – құралдарын тексеру.
Шаттық шеңбері
Н. Исабековтің өмірдің қадірі, адамдар арасындағы сыйластық пен сағыныш, жарасымды қарым – қатынас туралы пікірлерін ортаға салып, сабақты бастайды.
Пікірлесу
Қанағат дегеніміз не?
Қанағатшылдық сезімі адамды үнемі жақсылыққа жетелей ме?
Қанағатсыздық адамды қандай жағдайларға итермелейді?
Мәтінмен жұмыс
С.Ақатайдың әңгімесі ұсынылады.
Оқушыларға сұрақтар қою
Үш ананы бір ошақтың басына біріктірген қандай қасиет деп ойлайсыз?
Адамдар қандай жағдайда жайдары, жарқын өмір сүреді?
Жаңа ақпарат
Адамның барға риза болып, місе тұтуынан, нысаптан шықпай, нәпсіге ермеуінен қанағатшылдық қасиеті көрінеді. Бойына қанағатшыл қасиет дарыған адам өмірде кішіпейіл, қарапайым болады әрі қолдағы барына, қол жеткізген табыстарына разы болып, шүкіршілік етеді. Қанағатшылдық ашкөзділікке жол бермей, біреудің байлығына, дүниесіне сұғанақтық жасаттырмайды. Сондықтан халық: «Адамды қанағат аздырмайды», - дейді.
Қанағат ету – жетіспеушілікке, таршылыққа төзіп шыдау емес, ақылға сүйеніп, өзін – өзі тежеп, құнығудан бас тарту.
Тыныштық сәті
Балалардың денесі, ойы сергітіледі. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Осылайша екі минуттай отырады.
Дәйексөз
«Байлықтың бір көзі еңбек пен қанағат.»
Жүректен жүрекке
Оқушылар лентаны бір-біріне жалғап тілек айтып,
Жігер деген – МЕН
Күш деген – МЕН
Кешірім деген – МЕН
Ақылдылық деген – МЕН
Жарқындық деген – МЕН
Тәртіпті деген – МЕН
Намысшыл деген – МЕН
Бар ғажайып деген – МЕН
Бәрі маған байланысты
Бәрі менің қолымда
Үйге тапсырма: «Ынсап сайын береке» деген тақырыбына эссе.(жазып келу).
Категория: Самопознание | Добавил: makpal_89
Просмотров: 2903 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 2:37 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru