Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание

Өзін - өзі тану пәні сабағы "Обал мен сауап"
[ Скачать с сервера (24.3 Kb) ] 2015-02-12, 5:43 PM
"Обал мен сауап"
2 сынып Өзін - өзі тану пәні Шахарова Н.Д.
Сабақтың тақырыбы: «Обал мен сауап

Сабақтың мақсаты: «Мейірімділік» адамгершілік құндылығы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері: - обал мен сауап туралы түсінік беру;
- халықтың дәстүрлі игі әдеттеріне қызығушылықтарын
арттыру;
- мейірімділікке, үнемдей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: ойын, өзіндік жаттығулар, әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану, халықтық педагогика, әдебиет
Көрнекі құралдар: алма ағашы, алмалар, сюжетті суреттер, үнтаспа, оқулық, Венн диаграммасы, даналық сөздер.

Сабақ барысы
Шаттық шеңбері: - Қайырлы күн, менің сүйікті шәкірттерім! Бүгін біз үшін ерекше күн,аптасына бір рет болатын, ыждахатпен, асыға күтетін пәніміз «Өзін-өзі тану» сабағына қош келіпсіңдер!
1 Балалар, қазір қыс мезгілі, бірақ қыс мезгілі болса да, біздің
сыныбымыздағы алма ағашы жемісін беріпті. Сол алмалардың ішінде ең тәттісі, ең үлкені бар екен. Сол тәтті алманы Меруерт бастап алып, осы алма арқылы бір-бірімізге игі тілектерімізді білдірейік.
1 Судай таза бол
2 Ағаштай мықты бол
3 Кітаппен дос бол
4 Ұстазыңа ризашылығыңды білдір
5 Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсет
6 Кешірімді бол
7 Жеті атаңды біліп жүр
8 Достарыңмен сыйластықта болып жүр
9 Ата-анаңды құрметте
10 Ақылды, білімді бол
11 Табиғатты қорғап, аялап жүр
12 Достарыңмен тату бол
13 Оқуға құштар бол
14 Ренішті ұмыта біл
15 Еріншек болмай, еңбек ет
16 Отаныңа адал бол
17 Денсаулығың мықты болсын
18 Татулықты, жарастықты жақта
19 Бірлікте, сыйластықта өмір сүр
20 Бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін
Рахмет, балалар. Енді орнымызға отырайық.
Оқулығымызда «Көк алма» деген өлең беріліпті. Қазір осы өлеңді Алтынай бастап оқысын. (Әр шумағын жеке-жеке оқыту.)
Балалар, өлең не туралы, не жайлы айтылған? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Сотқар бала туралы
Піспеген алма туралы
Сауап пенен обал
Піскен, тәтті алма туралы
Балалар, қазір бәріміз тақтаға қарайықшы, тақтада «обал, сауап» деген сөздер жазылған.
«Обал» дегенді қалай түсінесіңдер?
«Сауап» дегенді қалай түсінесіңдер?
Обал Сауап

- Құсты атуға болмайды, обал болады
- Суды ысырапсыз төгуге болмайды, обал болады
- Нанды жерге тастауға болмайды , обал болады
- Көшеде үлкен қарияларға жолдан өтуге көмектес, сауап болады
- Автобуста үлкендерге орын бер, сауап болады
- Көршіңе көмектес, сауап болады
Обал, сауап сөздерінің ортақ қасиетіне не жатады? (Оқушылардың жауаптары тыңдалып, өзім қорытынды жасаймын.)
- Нақыл сөздер
- Даналық сөздер
Егер обал, сауап сөздерінің айырмашылығын білсек, бізден жақсы
тәртіпті оқушылар шығады.

Ойын: «Обал-сауап»
Қазір біз «Обал-сауап» деген ойын ойнаймыз. Мен бір сөйлемді бастап,
қолымдағы орамалды бір оқушыға лақтырамын, орамал кімнің қолына тисе, сол оқушы сөйлемді «обал болады» немесе «сауап болады» деген сөйлеммен аяқтауы тиіс. Мысалы: - Көк шөпті жұлма, обал болады.
- Торға түскен құсты босат, сауап болады.
- Құстың ұясын бұзба,обал болады
- Ақты төкпе , обал болады
- Қарияның жүгін көтеріс, сауап болады
Оқулықпен жұмыс
Енді оқулығымыздан «Обал деген не?» деген мәтінін оқиық. (Іштей оқу)
Ал, балалар, осы мәтіннен не ұқтыңдар?
Осы мәтінді сурет бойынша Мирас әңгімелеп берсін.
Суреттегі балаларға айтар қандай ұсыныстарың бар?
Нанды жерге тастауға болмайды, обал болады
Нан болса, әнде болады
Ас атасы-нан
Нансыз өмір жоқ
Балалар, нан дастарханға қандай еңбекпен келетінін білесіңдер ме?
Көрініс: «Қайдан келдің, бауырсақ ?»
Қазір «Қайдан келдің, бауырсақ?» деген көріністі тамашалайық.
Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
-Қайдан келдің, бауырсақ ?
Деп сұрады қуыршақ.
-Дүкеннен келдім
Нан сатқан, -
Деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жапқан.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен. келдім ұн тартқан.
- Диірменге келдің қай жақтан?
- Даладан келдім кең жатқан.
Жер-анам менің көселген,
Диқандар мені өсірген
Рахмет, балалар, мінекей нан дастарханға үлкен еңбекпен келеді екен.
Нанды шашпау, аяққа баспау керек, обал болады екен.
Сергіту сәті
Енді нанға байланысты сергіту жаттығуын жасайық.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Нанды жерге тастауға болмайды, жерде жатқанын көрсек құстарға
тастау керек. Олар оны қорек етеді.

Дәйексөз
Осы мәтініміздің дәйексөзі «Обалды біліп өссең, сауапқа кенелесің» деген халық даналығынан не ұқтық, не білдік? \оқушылардың жауабы\
Қарт адамдарға көмектессең сауап болады
Досыңды ренжітуге болмайды
Үлкендерді алдауға болмайды
Ата-анаңды сыйлау керек

Өскенде ата-анаңды асырау керек, сауап болады
Жетімдерге көмектесу керек, сауап болады
«Обалды біліп өссең – сауапқа кенелесің» деген халық даналығында үлкен мән бар. Үлкен адамдар жасауға болмайтын қылықтарды «обал болады» деп айтып, кішкентай балаларды жаман әдеттерден сақтандырады. «Сауабын аласың» деп, жақсы істер жасауға үйретеді.

Сондықтан үлкен адамдардың «Обал болады, сауабын аласың» деп айтқанда тілін алып отырыңдар. Сонда сендер үлкен жақсылықтаға жетесіңдер.

Дәптермен жұмыс
Дәптерлерімізді ашып, осы дәйексөзді жазып қояйық.
Енді обал, сауапқа байланысты мысал айтайық. Осы мысалдарды дәптерге жазып аламыз.

Жүректен - жүрекке
Балалар, бәріңді «жүректен - жүрекке» атты шеңберге шақырамын.
Бүгін сендер обал, сауап туралы көптеген мағлұматтар алдыңдар. Обал, сауап туралы түйген ойларыңды, айтқан пікірлеріңді, оқыған әңгімелеріңді әрқашанда күнделікті өмірде пайдаланып жүріңдер.
Бүгінгі сендердің осы сабақтан алған білімдерің арқылы басында піспеген алмамыз пісіп, жетіліп қалыпты. Сол піскен алмаларды мен сендерге ризашылығыммен сыйлағым келіп тұр.
Категория: Самопознание | Добавил: ляззат1606 | Теги: самознание
Просмотров: 1536 | Загрузок: 22 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-16, 5:48 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru