Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Самопознание

Кешірімді бала – кішіпейіл бала
2015-08-18, 8:54 AM
Мектеп: № 29 о/м
Мерзім: 21.11.14ж.
№ 11 сабақ.
Тақырып: «Кешірімді бала – кішіпейіл бала».
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Кешірімшіл, кішіпейіл, татулық.
Мұғалiм: Жумекенова Шынар Шуреновна
Класс: 2 «В»
Оқушылар саны: 31
Сабақ мақсаты:Кешірімшіл, кішіпейіл, қамқорлық сүйіспеншілік құндылығынан туындайтыны туралы ұғындыру.
Міндеттері:
- Кішіпейіл болу арқылы сүйіспеншіліктің мәнін түсіндіру.
- Кешірімшіл қасиеттерін дамыту.
- Қамқорлыққа тәрбиелеу. Ресурстар:
оқулық,жұмыс дәптері,қаламсап, қарындаш,слайд,магнитофон
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Амандасу. Оқу құралдарына назар аудару. 5Т.
Тыныштық сәтi.(баяу әуен) «Орманға ойша саяхат». Сабақ барысын талқылау:
Үй тапсырмасын тексеру.
№11 сабақ, 43-44-бет, Р. Әбілқадырова «Кешірім» әңгімені мәнерлеп оқу, мазмұнын айту.
 Балалар өз қателіктерін қалай түсінді?
 Атай балалардың қылығын түсінді ме?
 Өздерің атайдың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
 Кешірімшіл бола білген дұрыс па?
 Кішіпейілділік қасиетін кімнен көре аламыз?
 Барлық адам бір-біріне қамқор бола ала ма?
Дәйек сөз.
«Кешірім ізгіліктің белгісі».
Халық даналығы
- Қалай түсінуге болады?
Қыздарға 2 рет,ұлдарға 2 рет айтқызу,барлығы бірге айтады.
Дәптермен жұмыс.
Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазып алады.
Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы.
«Екі түп алма ағашы»
(Аңыз әңгіме)
Бір бағбанның қолына екі түп алма ағашы түседі. Бағбан әлгі көшеттерден өздерін қай жерге отырғызғанын қалайтындарын сұрайды. Сонда біріншісі:
- Мені көлеңке емес, үнемі күннің көзі түсіп, су тиіп, елдің көз алдында болатын жерге отырғызыңыз. Және жиі қопсытып, қарап тұрғаныңызды қалаймын, - дейді.
Ал екіншісі болса:
- Маған бәрібір, сіздің онсызда бақтан басқа шаруаларыңыз жеткілікті, сондықтан маған күн түсуі де міндетті емес, - дейді.
Бағбан оларды өз тілектеріне сай отырғызады. Бірінші түп алма ағашы тез бой көтеріп, жайқалып, күн астында құлпырып өсе бастайды. Бағбан күнде оны суарып, түбін қопсытып жүреді. Өсе келе ол керемет жеміс береді. Жан-жағына төгіле пісіп, көздің жауын алады. Көрген адамдар оған таң-тамаша еді. Екінші түп алма ағашы болса, сол күйінде баяу өсіп, берген жемісін құрт басып кетеді.Адамдар оған аса мән беріп қарамайды.
 Бағбан қандай көшет отырғызды?
 Бағбанның сұрағына қай алма ағашы дұрыс жауап берді деп ойлайсыңдар?
 Екінші алма ағашы неліктен жеміс бермеді?
 Табиғатқа қандай қамқорлық жасауымыз керек?
 Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті қалай жасаймыз?
Сергіту сәті.
Жақсылардан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Шығармашылық,топпен жұмыс.
Санамақ арқылы топқа бөлу. Әуен жайлап ойнап тұрады.
Жер», «Су», «Ауа», «Өсімдік» сөздерін айта отырып, топқа бөлінеді.
Адам мен табиғаттың бір-бірімен байланыстылығы туралы пікірлері тыңда- лады. Қазір әр топ аттарына сәйкес өзінің жақсы қасиеттерін, адамға пайда- сын, адамның оларға тигізер пайдасы туралы топтық жұмыс жасаймыз.
1-тапсырма: Табиғаттың адамға тигізер пайдасы туралы жазу.
2-тапсырма: Адамның табиғатқа тигізер пайдасы туралы жазу.
Топпен ән айту.
«Саржайлау»
Н. Тілендиев
Жазира, жасыл кілем өрнектеген
Туған жерге, дариға, жер жетпеген!
Кең өлкем, әлдилей бер сен деп келем
Аңсап келем, сағынып, шөлдеп келем
Қайырмасы:
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал – баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым
Армысың, ата-қоныс, жасыл мекен!
Ұланыңмын, мен сенің қасыңда өтем
Басқаның жерұйығын неғылайын
Жерұйығы өзімнің қасымда екен!
Қайырмасы:
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал – баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым
Жадырап, жұтайыншы тау самалын
Осы еді ғой сағынып аңсағаным
Гүлдерім, шыршаларым, аршаларым
Бәріңе арнап мен бүгін ән саламын
Қайырмасы:
Саумал бұлақ - балдай дәрім
Салқын самал – баурайларың
Саялаған, беу, туған жер
Сағындырған, Саржайлауым
Үйге тапсырма.
№12 сабақ, 43-44-бет, Ә.Шынбатырова «Автобуста» әңгімені мәнерлеп оқу, мазмұнын айту.
Сабақтың соңындағы тыныштық сәтi.
(Музыка ойнап тұрады.)
Тыныштық ... бар жерде, тыныштық ... бар әлемде.
- Енді, көзімізді жұмып,осы сабақта айтылған ойлар мен ізгі істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. Бүгінгі сабақта не үйренгенімізді іштеріңізден қайталаңыздар.
- «Мен сабырлымын, ұстамдымын. Үйде де, аулада да, мектепте де өзімді сабырлы ұстаймын, ешнәрсеге ренжімеймін. Маған сабырлы, ұстамды болған өте ұнайды» деп қайталаңыздар.Енді көздеріңізді ашуларыңызға болады.Сабақ аяқталды.Сау болыңыздар!
Категория: Самопознание | Добавил: shanar64
Просмотров: 2341 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 6:32 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru