Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика

ХХІ ғасыр жас математигі
2014-06-17, 12:44 PM
Сабақтың тақырыбы: ХХІ ғасыр жас математигі
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Оқушыларға логикалық, викториналық, т.б есеп түрлерін шығарудың шапшаң түрлерін ойын арқылы үйрету, қабілетті, дарынды балаларды көрсету, олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу.
Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімін тереңдету, есептеу дағдыларын жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, адамгершілікке, ұқыптылыққа, зейінділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Барлық пәндерге деген қызығушылығын арттыру, табандылыққа, еңбекке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың түрі: интеллектуалдық ойын
Сайыстың көрнекілігі: тақырыптық сөздер, шарлар, ұлағатты сөздер, слайдтар, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, физика, жаратылыстану, информатика
Сайыс кезеңдері:
1-кезең «Бәйге»
2-кезең «Дода»
3-кезең «Тіл - өнер»
4-кезең «Жорға»
Сайыстың барысы:
Мұғалім сөзі: - Қайырлы күн, құрметті жанкүйерлер, көрермендер, ұстаздар! «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін - азаттық пен білім қажет» - деп ғалым Шоқан Уалиханов айтқандай еліміз егемендігін алып, тәуелсіздігін атап өтіп отырған бүгінгі таңда ендігі алдағы мақсат- халықтың білімін дамыту. Ол мақсатқа жету үшін еліміздің болашақ иелері жастарымыз білімді, парасатты болу қажет.
- Ғылымдардың патшасы атанғансың
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа
Жасықтан емессің сен, қаталдансың
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе ортаға
«ХХІ ғасырдың жас математигі» ойынына қатысушыларды шақырамыз.
- Жанапанова Марина (Э32)
- Есімова Самал (Э32)
- Әліпқалиева Жанар (Э31)
- Аккалиева Айнагуль (Э31)
- Құжжатов Райымбек (Э32)
- Беккалиев Мұхаммед (Э31)
Мұғалім: Бүгінгі ойынды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысайық:
- Әдіскер: Гүлжан Қожанқызы
- Жалпы пәндер бірлестігінің жетекшісі: Балғаным Ғилымқызы
- Математика пәні мұғалімі: Айгүл Ризыққызы
Бүгінгі сайыстың бөлімдерімен таныстырып өтейін.
1-кезең «Бәйге»
2-кезең «Дода»
3-кезең «Тіл - өнер»
4-кезең «Жорға». Сонымен ойынымызды бастаймыз.
Мұғалім:
1-кезең. «Бәйге» Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы карточкасын бірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1. Қазақтың тұңғыш педагог-жазушысы кім? (Ы.Алтынсарин)
2. Не ауыр? Бір кг түбіт ауыр ма, әлде бір кг темір ауыр ма? (екеуі тең)

3. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)
4. Абайдың әжесінің аты кім? (Зере)
5. Бір тәулікте не бар? (Сағат)
6. Аяқ саусақтарымен билейтін би. (Балет)
7. Ит үреді, сиыр мөңірейді, жылқы кісінейді,ал қой ше? (Маңырайды)
8. Жаздан кейін не келеді? (Күз)
9. Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут ? (15 минут)
10. –ым,-ім, -м жалғаулары қай жалғау? (Тәуелдік жалғау)
11. Қазақтың ұлы ақыны кім? (А. Құнанбаев)
12. Экватор, синтаксис, метр, ғасыр қандай сөздер? (Термин)
13. Қазақстанда тіл мерекесі қай күні тойланады? (22-қыркүйек)
14. Адамда неше саусақ бар? (Жиырма)
15. Жүз жасаған қазақ ақыны кім? (Жамбыл)
16. 12 жылда қайталанатын жас (Мүшел жас)
17. Мұсылмандар діні (Ислам)
18. Бір жылда 12 не бар? (Ай)
19. Сиырдың төлі ( Бұзау)
20. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері (Бастауыш, баяндауыш)
21.Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)
22.Екінші рет ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)
23.Жүз жыл (Ғасыр)
24. Айдос өзінің туған күнін 4 жылда бір атап өтеді. Бұл қай күн?(29 ақпан)
25.„Биік“ сөзінің антонимін ата (Аласа)
26.Астана қаласының символы (Бәйтерек)
27.Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі (Түбір)
28.Біздің пайғамбарымыз кім? (Мұхаммед)
29.„Таза бұлақ“ кімнің әңгімесі? (Ы.Алтынсарин)
30.Қазақ даласындағы ғарыш айлағы (Байқоңыр)
31.Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)
32.Әртүрлі аспаптарда ойнайтын музыканттардың үлкен тобы (Оркестр)
33.Қазақ алфавитінде М әрпінен кейін қандай әріп келеді? (Н)
35.Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)
36.Күнге ең жақын планета (Меркурий)
37.Үшінші нота қалай аталады? (Ми)
38.Қазақстанда Конституция күні қашан тойланады? (30 тамыз)
39.Буын түрлерін ата. (Ашық,тұйық. бітеу)
40.„Ғылым таппай мақтанба“ кімнің өлеңі? (А. Құнанбаев)
41.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады? (Жұрнақ)
42. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағат)

Мұғалім: 2-кезең. Дода. Ең қиыны жарыстың «Дода» келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай
Осы ойыннан көреміз ерен ерді» - дей келе, сайысымыздың бөлімі «Дода» бөліміне келіп жеттік. Енді «Дода» бөлімінде білімдеріңізді ортаға салуға мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл бөлімде 4 тақырып беріледі. Әрбір оқушы көрсетілген ұпайлар бойынша 1 тақырып таңдайды. Дұрыс жауап берсе, сол ұпай қосылады.

Қазақтың байырғы есептері 20 30 40 50
«Ақбота» есептері 20 30 40 50
«Кенгуру» есептері 20 30 40 50
Ребустар 20 30 40 50

Қазақтың байырғы есептері:
20-ұпай. Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? – деп атасы немересіне қарады. (бір пұт)
30-ұпай. Бір кемпір:
«Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып – құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те, маған бер»,
- деген екен. – «Қой, мұңымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік» - деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу? (10 адам, 5 ұры)
40-ұпай. Ұлу биіктігі 10м ағаштың басына шығуы керек. Ол күндіз 4 м. Жоғары көтеріледі, түнде 3 м. Төмен түседі. Неше күнде ұлу ағаштың басына шығады? (7 күнде)
50-ұпай. Біреу қасапқа жылқы соятын көрші-қолаңына хабарлайды. Белгіленген күні ол бордақысын сояды. Сойылған малды төңіректеп тұрғандарды көзімен санап шығып, жылқы иесі сәл ойланып қалды: «Бұлардың әрқайсысына бір жіліктен берсем, онда үш жілік ет артылып қалады. Екі жіліктен сатсам, үш адамға жетпейді. Енді қандай амалын табайын?» Сонда ет алуға келгендер неше адам? (9)

«Ақбота» есептері:
20-ұпай. Үш бала 17 бауырсақ жеді. Ең көп жегені Тимур. Аз дегенде Тимур неше бауырсақ жеген? 7
30-ұпай. Шаруа адам өзеннен қасқырды, ешкіні және шөпті өткізу керек.Қайыққа тек бір ғана адам сияды және ол өзімен не қасқырды, не ешкіні, не шөпті алып өте алады. Егер ешкі мен қасқырды тастап, шөпті алса, онда қасқыр ешкіні жеп қояды. Егер шөппен ешкіні қалдырса, онда ешкі шөпті жеп қояды.Шаруа өз жүктерін қалай алып өтеді? (ешкі, шөпті апарады да, ешкіні алып кетеді. Сосын қасқырды алып, ешкіні тастап кетеді. Соңында ешкіні алып қайтады)
40-ұпай. Торда қояндар мен тауықтар бар. Олардың 35 басы және 94 аяқтар бар.Торда қанша қоян және қанша тауық бар. (12 қоян, 23 тауық)
50-ұпай. Месопотамияда біздің эрамызға дейінгі 2005 жылда бір саны- α, он саны – β, ал алпыс саны - € таңбаларымен белгіленетін. Мысалы, 22 саны β β α α түрінде жазылатын. Сонда 124 саны қалай жазылады? € € α α α α

«Кенгуру» есептері:
20-ұпай. Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген. Ал баласы Банни 12 сәбіз жеген, шешесі неше сәбіз жеген? (28)
30-ұпай. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5)
40-ұпай. Қатар тұрған үш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6-ға тең Ол қандай сан? (1,2,3)
50- ұпай. Бір ыдысқа 3л, екінші ыдысқа 5л су сияды. Осы ыдыстарды пайдаланып, 4л суды қалай құйып алуға болады?

Ребустар.

20: Сіріңке шилерінен үй жасалған (суретті қара). Екі шиді қозғау арқылы үйді екінші жағына бұру керек.

30: Сіріңке шиінен істелген шаян жоғары өрмелеп барады (суретті қара). Үш шиді қозғау арқылы төмен қарай қалай жылжытамыз.



40: Тоғыз сіріңке шиінен жасалған таразы теңгерілмей тұр (суретті қара). Бес шиді қозғау арқылы, қалай теңестіруге болады?



50: Он сіріңке шиінен істелген екі стаканнан алты шиді қозғап, қалай үй жасауға болады?



Мұғалім: Өтілген 2 кезең бойынша ең аз ұпай жинаған топ оқушыларын (2) қошеметпен шығарып саламыз.

Жанкүйерлерге сұрақ
1. Таныс емес қалаға келген математик шашын алмақшы болды. Қалада екі ғана шаштараз бар, әрқайсысының өз орны бар. Біреуіне кіріп, ол оның орны лас екенін көріп, шебердің алқам-салқам киімін көріп, шашы қалай болса солай алынғанын байқады. Ал екіншісінде тап-таза, иесі мұнтаздай таза және шашы тамаша алынған екенін байқады. Аз уақыт ойланып, математик бірінші шаштаразға барды. Неге? (қалада екі ғана шаштараз болғандықтан әрқайсысы да бірін-бірі қырқады. Демек, біріншісі – жақсы шаштараз)
2. Бір сұлу қызға екі жігіт құда түседі. Қыз оларға: «Кімнің аты соңынан келсе, соған барамын», - дейді. Төбенің басына барған екі жігіт аттарымен жүре алмай, бір орында тұрып қалады. Қастарынан өтіп бара жатқан бір адам оларға ақыл айтады. Сол уақытта әлгі екі жігіт біріне-бірі қарамай шаба жөнеледі. Ол адам қандай ақыл айтты екен? (Аттарын айырбастау)

3 – кезең. «Тіл - өнер».
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізеді.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – дей келе, «Тіл - өнер» деп аталатын 3- бөлімде жұмбақ, мақал – мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.
Осы бөлімнен кейін ұпайы аз екі оқушы ойынмен қош айтысады.
1) Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, a ruler)
2) Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? ( он екі, двенадцать, twelve)
3) Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді.(қалам, ручка, pen)
4) Ел құлағы нешеу? (елу, пятьдесят, Fifty)
5) Отыз тістен шыққан сөз – неше рулы елге тарайды? (отыз, тридцать, thirty)
6) Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап, книга, book)
Ұпайы аз 2 оқушы шығады.

4 – кезең. «Жорға»
«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың «Жорға» 4 - бөлімінде әрбір ойыншыға жеке-жеке сұрақтар қойылады, жылдам, тез жауап беруі қажет. (Әр дұрыс жауап 10 ұпай)
1. Білгенің қанша? Білмегенің қанша? (Білгенім бір тоғыз, білмегенім 99)
2. Адамның қай мүшесі қорқақ? Қай мүшесі батыр? (Көз қорқақ, қол батыр)
3. Қарғыстың ең жаманы не? (Өзің білме, білгеннің тілін алма)
4. Қандай кілт аспанда болады? (Кісідегінің кілті аспанда)
5. Неден не жаман? (Олақтан салақ жаман)
6. Тауық түс көре ме? (Тары кіреді)
7. Адамда арқау бола ма? (Ас – адамның арқауы)
8. Қандай бас аяққа тыным бермейді (Мисыз бас)
9. «Әдепті бала арлы бала», ал әдепсіз бала ше? (Сорлы)
10. Неменеге өкпелеп жүргенде, не шықты? (Мұртқа, сақал)
11. Ер неше рет өледі? Қорқақ неше рет өледі? (Ер 1 рет, қорқақ 1000 рет)
12. Көрдім деген неше сөз? Көрмедім деген неше сөз? (Көп сөз, бір сөз)
13. Қайтсең, тегін ішесің? (Ексең егін, ішерсің тегін)
14. Түйеге жұрнақ жалғанса, кім болады? (Түйеші)
15. Өзенде, көлде, теңізде, мұхитта қандай тас болмайды? (Құрғақ)
16. Жұмыртқа қай кезде тәтті болады? (Піскен)
17. Қара мысық үйге қай кезде оңай кіреді? (Есік ашық тұрғанда)
18. Егер ақ орамалды Қара теңізге салсақ, не болады? (Су)
19. Тарелкада бес алма болды. Біреуін Асқарға, біреуін Ахатқа, біреуін Сәулеге, біреуін Ерікке, біреуін Жанарға бердік. Тарелкада не қалды? (Ауа)
20. Жыл он екі айдың 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (Ақпан)
21. Қараңғы бөлмеде керосин шамы мен шырағдан қатар тұрса, бірінші қайсысын тұтатар едің? (Сіріңкені)
22. Тастың жеңілі бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ)
23. Түкіріктен көл құрала ма? (Көп түкірсе, көл болар)
24. Ойна десе, ойынның несі түсіп қалады? (Ы)

Мұғалім:
 Шеберлікті, білімді,
Сараптап сендер көрдіңдер.
Әділқазы алқасы
Әділ баға беріңіздер – деп, сайысымыздың қорытындысын шығару үшін сөз кезегін әділқазы алқасына берейік.
 «Жас математик» атағының иегері – Беккалиев Мұхаммед
 « Озық ойлы» атағының иегері - Әліпқалиева Жанар
 «Білімі шексіз» атағына ие болған – Құжжатов Райымбек
 «Жас аналитик» атағына ие болған – Жанапанова Марина
 «Ең тапқыр » атағына ие болған – Аккалиева Айнагүл
 «Жас интеллектуал» атағына ие болған – Есімова Самал

Қорытынды. «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қ. Сәтбаев айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Біз бүгінгі шараны өткізу арқылы екі топ арасындағы жас математикті анықтадық.
Бүгінде математика барлық жерде
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер,
Жас достар зерделікпен меңгеріңдер, – деп бүгінгі ойынды аяқтаймыз.
Категория: Математика | Добавил: Nureke89
Просмотров: 1531 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 11:40 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru