Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика

Математикадан қолданбалы курс 9 сынып
2014-12-12, 6:25 PM
Түсінік хат

Негізгі орта білім деңгейінде математиканы оқыту келесі мақсаттарға жетуге бағытталған: практикалық жағдайларда қолдану және салалас пәндерді игеру үшін қажетті математикалық білім мен біліктілік жүйесін меңгеру; математикалық білім беруді жалғастыру; практикалық есептерді шығару құралы ретінде математикалық тілді меңгеру, математикалық сауаттылықты дамыту.
Математиканы оқыту барысында әртүрлі адами іс-әрекеттер саласында кездесетін кең ауқымды өмірлік есептерді шешу үшін білім мен біліктерді пайдалану дағдыларын кеңейтуге, яғни функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша жұмыстарға көңіл аудару керек.
9 сыныпта математикадан емтиханға сапалы дайындық жүргізу мақсатында оқушылардың оқу материалын тереңдету және кеңейту үшін арнайы сағат бөлінді. Курстың негізі- оқушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау, оқушылардың ойлау қабілеті мен зерттеушілік білім-білік дағдыларын дамыту, әр түрлі есептердің шығарылу жолы мен әдстерін қолдануды меңгерту.
Курсты өтуде оқушылар математикалық аппараттың негізін құрайтын біліктіліктер мен дағдыларды меңгеретін болады және оларды әртүрлі есептерді шығаруда белсенді түрде қолданады. Математикалық мәтінмен жұмыс жасау (талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық және нақты түсіндіре алатын болады.

Мақсаты:

• білім стандартында көрсетілген мақсат-міндеттерге сәйкес оқушыларды мемлекеттік емтиханға сапалы дайындау.
• оқушыларды одан әрі оқуға қажетті математикалық дайындықтың базалық деңгейімен қамтамасыз ету;
• оқушылардың кеңістіктік түсініктерін, бейнелік ойлауды қалыптастыру және логикалық ойлауды дамыту;
• математикалық іс-әрекет дағдылары негізінде практикалық қызмет дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
• функционалдық сауаттылықты дамыту;
• графикалық сауаттылықты, эстетикалық талғамды дамыту.

Міндеті:

• Негізгі орта білім беру курсының алгебра және геометрия курсы бойынша алған білімдерін жалпылау және қайталау;
• Алгебра 5-9 сынып және Геометрия 7-9 сынып курстары бойынша жекеленген тақырып бойынша білімдерін кеңейту;
• Бақылау-өлшеу материалдарын қолдана білу біліктілігін қалыптастыру.

Курстың негізгі әдістемелік ерекшеліктері:

• «Спираль әдісіне» сүйене отырып қарапайым есеп түрлерінен күрделіге көшу;
• Бір-бірімен логикалық өзара байланыста құрылған, бірінен-бірі шығатын, яғни, дұрыс шешілген алдыңғы есеп келесі есептің мағынасын түсіндіретіндей тақырыптық тесттермен жұмыс жасау; бүгінгі орындалған тест келесі тестті дұрыс орындауға және түсінуге дайындайды т.с.с;
• «Жылдамдық тесті» режимінде жаттығу тесттерімен жұмыс;
• Барлық оқушыларға бірдей көлемде мазмұны және уақыты бойынша максималды жүктеме режимінде жаттығу тесттерімен жұмыс;
• «Миға шабуыл», «Триз» дамыту технологияларын белсенді қолдану;

Курс құрылымы

Курс 34 сағатқа жоспарланған. Программаға енгізілген материалда математиканың төмендегі бөлімдерін қайталау және тереңдету қамтылған:
• Проценттер
• Өрнектер және оларды түрленіру
• Теңдеулер және теңдеулер жүйесі
• Теңсіздіктер
• Функциялар
• Мәтін есептер
• Геометрия

Ұйымдастыру формалары:

Сабақты ұйымдастыру формалары: лекция, практикалық жұмыстар, есепті шығару жолдарын іздеу әдістерін қолдануға арналған тренингтер.
Сабақтың негізгі түрі- аралас сабақ. Әр тақырып тапсырманың қойылуынан, берілуінен басталады. Теориялық материал кішігірім лекция түрінде өтеді. Теориялық материал берілген соң, оны бекіту мақсатында практикалық тапсырмалар орындалады. Сабақтар оқушылардың жеке ерекшеліктерін, материалды қабылдау және меңгеру деңгейін ескере отырып құрылады.
Оқу барысында білім тереңдігі мен есеп шығару жылдамдықтарын анықтау мақсатында 30-45 минуттық бақылау және тест жұмыстары жүргізіледі. Жүйелі түрде қайталау- өтілген материалды толықтай меңгерулерін қамтамасыз етеді.

Бағалау жүйесі және бақылау

Оқушылардың орындаған өздік, практикалық және зертханалық жұмыстарының нәтижесіне қарап өткен тақырыпты игеру деңгейін анықтау мақсатында ағымдағы бақылау жұмыстары жүргізіледі. Сапалық және сандық бағалау түрлері жүргізіледі. Сапалық бағалау оқушылардың білік дағдыларының деңгейін талдау негізінде, оқушылардың қоғамдағы тәртібі, оқу еңбегін өзіндік ұйымдастыруы, сондай-ақ өмірдің барлық жағдайына бейімделу деңгейін бағалау негізінде жүргізіледі. Сандық бағалау оқушылардың оқу материалын игеруі туралы нақты ақпаратпен қаматамасыз ету үшін жүргізіледі және ол бес балдық жүйе бойынша жүргізіледі. Қорытынды бақылау екі түрлі формада өткізіледі: дәстүрлі түрдегі сынақ және тестілеу.

Күтілетін нәтиже:

Қойылған мақсат-міндеттерге сәйкес оқушылар төмендегідей нәтижеге қол жеткізеді:
• Емтихан есептерін шығарудың жалпы және әртүрлі әдіс-тәсілдерін меңгереді;
• Ойша ізденудің әдістерін меңгереді;
• Білім-білік дағдылары қалыптасады;
• Тапсырманы орындау уақытын өзіндік бақылау;
• Тапсырманың объективті және субъективті қиындығын бағалау және оған сәйкес тапсырмаларды таңдай білу;

Жоспар


р/с Тақырыбы Сағат саны Мерзімі Өткізу түрі Білім қоры
Барлы ғы Лекция Практи кум
1 Проценттер 3 0,5 2,5 Кішігірм лекция, практикум-сабақ, тестілеу. Процентке берілген есептердің әр түрін, әр түрлі тәсілмен шығара білу қабілетіне ие болу.
2 Сандар және өрнектер.
Өрнектерді түрлендіру. 3 0,5 2,5 Кішігірм лекция, практикум-сабақ, тестілеу. Теңбе-тең түрлендіру, есептеу машықтарын дамыту.

3 Теңдеулер. 3 0,5 2,5 Аралас сабақ, топтық жұмыс Әр түрлі тәсілмен әр түрлі теңдеулерді шешу машығының қалыптасуы.
4 Теңдеулер жүйесі. 3 0,5 2,5 Кішігірім лекция, жұппен жұмыс Сызықтық және сызықтық емес теңдеулер жүйесін әр түрлі тәсілмен шеше білу.
5 Теңсіздіктер. 3 0,5 2,5 Аралас сабақ, практикум-сабақ, тестілеу. Әр түрлі тәсілмен әр түрлі теңсіздіктерді шешу машығының қалыптасуы.

6 Функциялар 3 0,5 2,5 Семинар, топтық жұмыс, тестілеу Әр түрлі функциялар, олардың графиктері туралы білімдерін жалпылау.
7 Мәтін есептер. 4 0,5 3,5 Кішігірім лекция, топтық жұмыс, тестілеу Әр түрлі тәсілмен әр түрлі мәтін есептерді шығара білу.
8 Модуль таңбасы бар теңдеулер, теңсіздіктер. 2 0,5 1,5 Кішігірім лекция, жұппен жұмыс Әр түрлі модуль таңбасы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шығара білу.
9 Параметрлі теңдеулер, теңсіздіктер. 3 0,5 2,5 Кішігірім лекция, практикум сабақ Параметрлі теңдеулер мен теңсіздіктерді шығара білу.
10 Геометрия. 4 0,5 3,5 Кішігірім лекция, практикум сабақ Әр түрлі тәсілмен әр түрлі геометриялық есептерді шығара білу.
11 Жалпы қайталау. 3 - 3 Жекелей жұмыс Тестілеу Барлық өтілген тақырыптар бойынша алған білім қорын жалпылау.
Барлығы 34с

Курстың мазмұны

1 Тақырып. Проценттер.
Процентке берілген есептерді шығару. Күрделі процент.

2 Тақырып. Сандар және өрнектер. Өрнектерді түрлендіру.
Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері. Санның стандарт түрі. Қысқаша көбейту формулалары. Көбейткішке жіктеу тәсілдері. Формуладан айнымалыны өрнектеу. Айнымалының мәнін табу.

3 Тақырып. Теңдеулер.
Әр түрлі теңдеулерді (сызықтық, квадраттық және оған келтірілген теңдеулер, бөлшек рационал және жоғарғы дәрежелі теңдеулер) шешу әдістері.

4 Тақырып. Теңдеулер жүйесі.
Теңдеулер жүйесін шешудің түрлі тәсілдері (графикалық, айнымалы аустыру, қосу әдісі). Теңдеулер жүйесін шешуде арнайы әдістерді қолдану.

5 Тақырып. Теңсіздіктер.
Әр түрлі теңсіздіктерді шешу әдістері (сандық, сызықтық, квадраттық). Интервалдар әдісі. Өрнектің анықталу облысы. Теңсіздіктер жүйесі.

6 Тақырып. Функциялар.
Функциялар, олардың қасиеттері мен графиктері (сызықтық, кері пропорционал, квадраттық және т.б.). Графигі бойынша функцияның қасиеттерін анықтау. Шамалардың арасындағы тәуелділікті сипаттайтын графикті талдау.

7 Тапсырма. Мәтін есептер.
Қозғалысқа, бірлескен жұмысқа, құймалар мен ерітінділерге берілген есептер. Геометриялық мазмұнды есептер.

8 тақырып. Модуль таңбасы бар теңдеулер, теңсіздіктер.
Санның модулі, оның геометриялық мағынасы, модульдің негізгі қасиеттері. Модуль таңбасы бар теңдеулер, теңсіздіктерді шешу жолдары.

9 Тақырып. Параметрлі теңдеулер, теңсіздіктер.
Сызықтық және квадраттық параметрлі теңдеулер мен теңсіздіктер, оларды шешу жолдары. Виет теоремасын қолдану. Берілген нүктеге қатысты квадрат теңдеудің түбірлерінің орналасуы. Сызықтық теңдеулер жүйесі.

10 Тақырып. Геометрия.
Параллель түзулер. Үшбұрыш. Төртбұрыш. Шеңбер.

11 Тақырып. Жалпы қайталау.
Бақылау-өлшеу материалдарынан есептер шығару.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. http://goo.kz/ сайтынан алынған ОЖСБ тапсырмалары
2. http://kzbydocs.com/ сайтынан алынған тесттер
3. http://www.testent.ru/ сайтынан алынған тесттер
4. Есептер жинағы. Алгебра 9 сынып. К. Дәрібаева, В. Корчевский, Алматы, «Мектеп» 2013ж.
5. Дидактикалық материалдар. Алгебра 9 сынып. А. Әбілқасымова, З. Жұмағұлова, Алматы, “Мектеп” 2013ж.
6. Дидактикалық материалдар. 9 сынып Геометрия. С. Шәкілікова, С. Жақсымбетова, Алматы, “Мектеп” 2013ж.
7. Есептер жинағы. Геометрия 9 сынып. Ж. Қайдасов, Г. Хабарова, Алматы, “Мектеп”, 2013ж.
Категория: Математика | Добавил: Алтын77
Просмотров: 3626 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 2.8/5
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 12:48 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru