Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика

5 -сынып Сабақтың тақырыбы: Бөлшектік есептер мен теңдеулерді шешу.
2015-02-20, 12:41 PM
Өзін-өзі тану гимазиясының математика пәнінің мұғалімі Байбутанова Б.К

Сабақ жоспары 5 -сынып
Сабақтың тақырыбы: Бөлшектік есептер мен теңдеулерді шешу.
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларғабөлшектік есептер мен теңде улерге байланысты есептер шығарта отырып рухани адамгершілікке баулу.
Дамытушылық: оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Баланың зейінін, есте сақтауын, байқағаштығын, көзбен мөлшерін дамыта отырып, ойын ұшқырлау. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту қоршаған ортада өзін-өзі ұйымдастыра алатын жеке тұлға қалыптастыру
Тәрбиелік: есептер мен теңдеулердіі қателеспей отырып шешкізіп ақиқат жолында жүруге итермелеу.Шындықтың шыңы - әділдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта ,түрлі-түсті карандаштар,кітап,қағаз.
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
II. Өткен сабақты еске түсіру,ү.й жұмысы:бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу тақырыбындағы есептерді тексеру. Сәуленің анықтамасын сұрау.

Түзудің берілген нүктесінен оның бір жағында орналасқан нүктелерінің жиынтығын сәуле деп атайды.Сәуле күннің нұрына өте ұқсас.Күн өзінің шуағымен бүкіл әлемге риясыз сүйіспеншілік сыйлайды.Сүйіспеншілік-дүниені өзгертуге бейім,өмір беруші қуатты энергия.(5-сынып )
Есептер шығарту:Теңдеу шешу
№20 (1-9)
Мысалы:
а+24 = 80
a=80-24
a=56
56+24=80
80=80

а+24 = 80
a=80+24
a=104
56+24=80
104=80
Біз тақтада берілгені бірдей мәндері әртүрлі теңдеулерді көріп тұрмыз.Бірінші теңдеудің мәні дұрыс,ал екіншісі қате.Егер адам үнемі ақиқат жолын таңдаса дұрыс жолда жүреді,ал өтірікті бір рет айтып дағдыланса ,ол қателік болып жалғаса береді.Ақиқат-адамды дұрыс жолмен жүруге итермелейді.(5-сынып)
1)1
№23 (1-4)
Айжан үйінен достарына кәмпит әкелуге кіріп кетті.Бір орамда кг кәмпит бар еді. Осындай 20 орамда неше кг кәмпит бар?

Логикалық есеп
Ануар өзіне әкелген тортты отбасымен бөлісіп жеді,ендіторт бөлігін анықта

Үй тапсырмасы:24,25 есептерді шығару
Категория: Математика | Добавил: Shamshiya
Просмотров: 1246 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 6:49 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru