Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика

Авторлық багдарлама
[ Скачать с сервера (201.5 Kb) ] 2015-03-11, 9:05 PM
Түсінік хат
Бүгінгі таңда еліміздін экономикалық, өндірістік дамуының тездетіп өте түсуіне байланысты техниқалық мамандық иелеріне деген сұраныс та арта түсуде. Сол себепті де мектептерде математика пәнін негізгі міндетті пән ретінде терендетіп оқыту мәселесі қойылып отыр. Мұның дұрыс бір жолы жоғарғы сынытарда математика пәнінен алған білімдерін толықтырып, тереңдетіп отыратын курстарды оқытуды дұрыс жолға қою. Жалпы мектепте математика пәнін бағдарлы курстар арқылы оқыту – оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай мамандық таңдауға, кәсіптік бағдар алуға және өзі таңдаған мамандығының болашағына сеніммен карауға жетелейді. Оқушыларды орта және жоғары кәсіптік оқу орындарына дайындау үшін орта жалпы білім беру бағдарламасындағы математика пәнін терендетіп оқытуды қамтамасыз ету болып табылады. Оқушының пәнге деген қызығушылығын ояту үшін оны өзіне қажет білімді іздестіруге керекті қасиеттермен қаруландыру.
Математика өте маңызды пән болумен қатар, өте ауыр пән болып саналады, өйткені әрбір оқушы математикалық қабілеттің иесі деп айта алмаймыз, соған қарамастан математикалық білімділікке әр окушыны үйрету қажет. Сонымен бірге 10-11 сынып оқушылары, мектептегі оқуын аяқтаған соң, жоғары математикалык дайындықты талап ететін жоғаргы оқу орындарында білімдерін жалғастырады.
Қазіргі оку үрдісі конкурстық есептерді шешу әдістерінің жеткіліксіз екендігімен ерекшеленеді. Әрбір талапкер әдетте есеп шығару жолдары мен әдістеріне ие болғанымен, сол әдістің ерекшелігін көре білмейді, осыдан келіп, көптеген қателіктерге тап болады.
Аталмыш курстың маңыздылығы-конкурстық есептердегі түсініксіз жағдайларды айкындау. Математикалық білімділіктің мағынасын негізгі бағдарламаның синхронизация нәтижесінде терендету арқылы окушылардың бірыңғай тестілеуді өте жақсы нәтижемен тапсыруын көздейді.

Бағдарламаның негізгі мақсаты
• Оқушылардың ғылымға деген қызығушылын дамыту, пәндік білімін тереңдету, оқушылардың ақыл-ойын кеңейту, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру, жүйелі түрде өздіктерінен табысты нәтижелі білім алуға бағыттау.
• Ыңғайлы математикалық әдістерді таңдауға үйрету;
• Өз бетінше бі лім алу қабілеттерін дамыту;
• Математикалық ойлауды тереңдету;
• Оқушылардың математикалық қабілеттерін, іздену дағдыларын арттыру;
• Ғылыми көпшілік әдебиеттерді өз беттерімен пайдалана білуге үйрету.
• Математикалық білімділікке ие болу, ғылыми терминологияны түсіне білу, алған білімді әр түрлі жағдайларда қолдана білу;
• Оқушылардың интеллектуалды дамуы, негізгі салыстырудың логикалық әдістеріне синтез, анализ, жүйелеудің қалыптасуы. Өзіне өзі ие болу қасиеттері мен жұмыстың рационалды әдістерін меңгеру;
• Бірыңғай тестілеуге дайындау кезінде пайда болатын қиыншылықтарда көмек көрсету;
• Бітірушілерді жоғарғы оқу орындарына түсуі үшін сапалы дайындык деңгейімен камтамасыз ету.

Бағдарламаның негізгі міндеті
• Математикалық білімге ие болу;
• Қолданбалы есептерді математикалық модельдеудің негізгі әдісі ретінде теңсіздіктер мен теңдеулерді шешу жолдарын меңгерту;
• Есептердің барлық түрлерін шешу әдістері бойынша жүйелеу;
• Функцияларды маңызды нысан ретінде алгебра және математикалық анализ тәсілдерімен оқыту;
• Функцияларды зерттеумен байланысты математиканың ортақ әдістерінің қолданбалы және политехникалық мағынасын ашу;
• Оқушылардың интеллектуалды дамуына, өз білімін өз бетімен толықтыруына жол ашу
• Оқушыларды тестілеуді жақсы деңгейде тапсыруға дайындау.

Курстың ерекшелігі:
- Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің базалық программада қарастырылмаған әдістерімен танысу.
- Математикалық үғыну деңгейін кеңейту.
- Формальды ұғынуды мазмүнды ұғынуға алмастыру, ұйымдар мен ұйғарымдарды көрнекті түрде негіздеу, математикалық ойлау мен интеллектуалды қабілеттерді қалыптастырудың негізі болып табылатын интуиция мен елестету қабілеттерін дамьггу
- Математиканы нақты өмірде қолдану дағдыларын қалыптастыру, математиканы саналы меңгеруге дағдыландыру;
- Курс әсіресе олимпиада, интеллектуальды марафондар, интеллектуальды турнирге қатысушылар үшін аса маңызды;

Курсты оқып-үйрену барысында оқушылар:
- Теңдеулер, анықталмаған теңдеулер және теңсіздіктерді шешу негіздерді білуі тиіс.
- Есептер шығаруда теориялық білімдерін қолдана білулері қажет;
- Стандарт емес есептерді шығаруды дағдыларын меңгеруді тиіс;
- Математикалық мәдениеті мен білім сапасын арттыруы тиіс.

Сабақты өткізудің формалары:
Традициялық сабақтар, лекциялар, семинарлар, іскерлік ойындар, интеллектуальды турнирлер, математикалық жарыстар.
Оқушылардың танымдық іс - әрекеттерін ұйымдастыру формалары: жекелей, топпен.
Курс оқушылардың шығармалық және зерттеушілік іс-әрекеттерін қалыптастырудың негізі болуы тиіс.
Бағдарлама 5 тақырыптан тұрады, оның құрамына 34 сабақ кіреді. Ұсынылатын курс 11 сыныптың бағдарламалық материалына сәйкес және оны тереңдетілген деңгейде кеңейтуге бағытталған.

Курстың ерекшеліктері: Математиканы нақты өмірде қолдану дағдыларын қалыптастыру, оқушыларды өздігінен болашақтағы кәсіби мақсатына ұмтылуға жағдай туғызу.

Бағыты: Жаратылыстану-математика

Өзектілігі: «Қиындығы жоғары теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару жолдары» қолданбалы курсы бағдарламасы оқушылардың теориялық білімін нығайтып, математикалық заңдылықтарды терең біліп, дәлелдей алуға, өздігінен іздендіру арқылы шығармашылық дамуын шыңдау мақсатында құрылған.
Курс бағдарламасы бойынша оқушылар күрделі модуль таңбасы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу, модульді пайдаланып иррационал теңдеулерді шешу арқылы математикадан терең білім алуға мүмкіндігі мол.

Бағдарлама 11 сынып оқушыларына арналған.
Жиілігі: Курс бағдарламасы 11 сынып оқушылары үшін аптасына 1 сағатқа есептеліп, барлығы 34 сағатқа жоспарланған.

Қажеттілігі: Математика пәні жалпы білім берудің негізгі компоненті болып табылады. Оның оқушы қатысты басты мақсаты –оқушылардың математикалық сауттылығын арттыру, олардың білімдерін тиянақты болуын қамтамасыз ету болып саналады. Оқушының ойлау қабілетін дамытуға, олардың математиканы оқуға деген ынта –талабын арттыруға жәрдем етеді.
Пәнаралық байланыс: математика, информатика, сызу, геометрия, физика.

Күтілетін нәтиже:
• Оқушылардың математикалық білімінің жоғарлауы;
• Қиындығы жоғары есептер шығару арқылы шығармашылық жұмыстану деңгейінің жоғарлауы;
• білімдерін ұшқырлау арқылы ҰБТ - дан жоғарғы нәтижеге жету;

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:
• тестік тапсырмалар;
• бақылау жұмысы;
• математикалық сынақ;
• рефераттар жазу.
Тұрақтылау ( мазмұндық ) бөлімі

Модуль таңбасы бар теңдеулер мен теңсіздіктер, теңдеулер
жүйесі - 8 сағат
Модуль таңбасы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді геометриялық тәсілмен, квадраттау тәсілімен, интервалдар әдісімен, модульдің анықтамасын және негізгі қасиеттерін пайдаланып шешу. Модуль таңбасы бар әр түрлі теңдеулер жүйесін шешу.

Параметрлік теңдеулер мен теңсіздіктер, теңдеулер жүйесі- 5 сағат
Параметрлік теңдеулер мен теңсіздіктердің аналитикалық шешу әдістері.
Параметрлік теңдеулер мен теңсіздіктердің стандарт емес түрлері.

Тригонометриялык теңдеулер мен теңсіздіктер-9 сағат
Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу жолдары.
Кері тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу жолдары.
Модуль таңбасы бар тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу.
Параметрлік тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу .

Иррационал теңдеулер, теңдеулер жүйесі мен теңсіздіктерді
шешу- 7 сағат
Иррационал теңдеулер мен теңдеулер жүйесін шешу жолдары.
Иррационал теңсіздіктер мен теңсіздіктер жүйесін шешу жолдары.
Бірнеше радикалы бар теңдеулер мен теңсіздіктертерді шешу.
Модульмен берілген иррационал теңдеулерді шешу.

Көрсеткішті және логарифдік теңдеулер мен теңсіздіктер-8 сағат
Логарифдік теңдеулер мен теңсіздіктердің шешудің әр түрлі жолдары.
Көрсеткіштік теңдеулер мен теңсіздіктердің шешудің әр түрлі жолдары
Логарифмдік теңсіздіктерді шешуде декомпозиция әдісін қолдану
Қолданылған әдебиеттер:

Оқушылар пайдаланылатын әдебиеттер:
1. А.Н.Колмогоров и др. «Алгебра және анализ бастамалары, 10-11» Алматы , «Рауан» 1996
2. А.Е.Абылқасымова и др. «Алгебра және анализ бастамалары, 11» Алматы , «Мектеп» 2006
3. С. Қаниев «Математикадан таңдамалы есептер» І, ІІ бөлімдер Алматы 1989ж
4. А.Г. Цыпкин «Справочник по методам решения задач по математике»
Москва, 1987г.
5. С.М. Никольский «Курс математического анализа» Москва «Наука» 1980г.
6. Т.Т. Абылайханов «Математика есептері» Алматы «Рауан» 1995ж.
7. Р.К. Гордин «Это должен знать каждый матшкольник», Москва
«МЦНМО» - 2006.
8. А.П. Савин, В.В. Станцио, А.Ю. Котова « Я познаю мир, математика» Москва «Астрель» 2006.
Мұғалімдер пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Н.Я.Виленкин и др. «Алгебра и математический анализ,10» Москва, Просвещение, 1992г.
2. Н.Темірғалиев «Математикалық анализ» Алматы «Мектеп» 1987ж.
3. С.Отарбаев «Математика курсындағы кейбір мәселелер» Алматы «Мектеп» 1980ж.
4. Л.Д.Кудрявцев «Современная математика и ее преподавания» М, «Наука» 1980г.
5. Л.Ф.Пичурин «За страницами учебника алгебры» Москва, «Просвещение» 1990г.
6. А.Ф.Берманд, И.Г.Араманович «Краткий курс математического анализа» Москва «Наука» 1966г.
7. Н.В.Богомолов «Практические занятие по высшей математике» Москва, «Высшая школа» 1973г.
8. Ә.Шыныбеков «Математика және физика» журналы №1994ж 9. И.Ф.Суворов «Курс высшей математики» Москва «Просвещение»1986г.
10. Ю.В. Прохоров «Математический энкциклопедический словарь» Москва «Советская энциклопедия» 1988г.
11. Я.И Перельман «Занимательная алгебра» Москва «Наука» 1979г.
12. И.М. Кипнис «Задачи на составление уравнений и неравенств»
Москва «Просвещение» 1980.
13. Е.Г. Козлова «Задачи для математического кружка» Москва МЦНМО - 2008
14.С.В.Крафцев , Н.Ю.Макаров , В.Ф.Максимов « Методы решение задач по алгебре». Москва, «Высшая школа» 1983г.
Категория: Математика | Добавил: Смагулбековна
Просмотров: 1942 | Загрузок: 82 | Рейтинг: 2.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 10:52 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru