Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика

Геометрияны оқытуда өздік жұмыстарды ұйымдастырудың рөлі
[ Скачать с сервера (22.2 Kb) ] 2015-03-13, 7:08 PM
«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» ММ «№19 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Математика пәнінің мұғалімі:
Жамалбаева Жулдыз Тлеубековна

Тақырыбы:Геометрияны оқытуда өздік жұмыстарды ұйымдастырудың рөлі

Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндікжұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс оқушылардың геометриядан түрлі тапсырмаларды, сызба жұмыстарын ешкімнің көмегінсізорындауға, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.
Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады:
1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.
2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақболмайды).
3)Міндетті түрдетексерілуікерек.
4) Жұмыссабақтыңмақсатынабайланысты (жаңаматериалдықабылдауға, өткенматериалдыбекітуге, қайталауға, білімдітиянақтауға) таңдалады.
5) Өздікжұмыстыңмақсаты, орыдауәдісіоқушыларғатүсініктіболуытиіс.
6) Өзбетіменжұмысқаоқушыларбілімдеңгейінебайланыстыәртүрліуақытжұмсайтынынескеріп, тақтаға не карточкағақосымшаматериалдардайындапәкелукерек.
7) Ескертпе, түсініктеме-карточкалар, перфокарталардайындауқажет. Оқушыларғаөзіндікжұмысретіндепәндербойыншамынадайтапсырмаларберугеболады.
8) Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;
Геометрия сабағында қолданылатын өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Олардытоптастыру - күрделімәселе. Оныңжиікездесетінбіртобы – сабақмақсатынақарайқолданылатынжұмыстүрлері:
а) Жаңабілімдімеңгеру (материалдыжан-жақтыталдау, мұғалімніңауызшабаяндауының жоспарын, конспектісінжасаут.б. тәсілдергеүйрену).
ә) Жаңабілімдібекіту (түрліжаттығулар, есепшығару, түрліжазбаша, графикалық, практикалықт.б. жұмыстар).
Оқушылардың назарын басты проблемаларды өз бетінше шешуге бағыт-бағдар бере алатын мұғалімнің жақсы нәтижеге жететінін көріп келеміз. Өздік жұмыс оқушылардың оқу танымдық іс -әрекетінің формаларының бірі. Оқушылардың танымдық іс -әрекетін геометрия сабағында білікті басқару,сабақтың әр түрлі кезеңдерінде мазмұнды жұмыстар ұйымдастыру оң нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Жаңа білімді игеру кезінде барлық оқушылар жеңіл есептерді өз бетінше шығаруы,тіректік білімді өзектендіру мақсатымен тәжірибелік мағынасы бар өздік жұмыстарды орындауы,олардың шығармашылық деңгейін арттырады. Мысалы:10- 11 сыныптарда геометрия пәні бойынша төмендегідей өзді жұмыс түрлерін алуға болады.
10 сынып
1- нұсқа 2 - нұсқа
1. Егер түзу параллель жазықтардың біреуіне перпендикуляр болса, онда ол екінші жазықтыққа да перпендикуляр болатынын дәлелдеңдер. 1. АВСД тіктөртбұрышы мен оның жазықтығына жатпайтын және барлық төбелерінен бірдей қашықтықта орналасқан Р нүктесі берілген. АРС үшбұрышының жазықтығы тіктөртбұрыш жазықтығына перпендикуляр екенін дәлелдеңдер.
2. Тікбұрышты АВС үшбұрышының ВС катеті α жазықтығында жатыр. А төбесінен α жазықтығына АР перпендикуляры жүргізілген. |РВ |= 6см, |РС | =10см деп алып, ВС катетінің ұзындығын табыңдар. 2. Теңбүйірлі АВС үшбұрышының АС табаны α жазықтығында жатыр. В төбесінен α жазықтығына ВО перпендикуляры жүргізілген. АС қабырғасындағы Р нүктесіне ОР перпендикуляры түсірілген. |АВ| =| ВС| = 26см, |АС| = 48 см болса, ВР-ның ұзындығы қандай?
3. Тік бұрышты үшбұрыштың жазықтығынан тыс жатқан А нүктесінен оның төбелеріне дейінгі қашықтық 17 см-ге тең. Гипотенузаның ұзындығы 16см. Берілген нүктеден гипотенузаға дейінгі қашықтықты табыңдар. 3. М нүктесінен α жазықтығына ұзындығы
|МО|=12см перпендикуляр түсіріліп, |МQ|=13см көлбеу жүргізілген. Q нүктесі арқылы α жазықтығында МQ-ге перпендикуляр болатын a түзуі жүргізілген. a және ОМ түзулерінің арасындағы қашақтықты табыңдар.

11 сынып

1.Дұрыс төртбұрышты призманың табан қабырғасы 5см, ал бүйір жағының диагоналі 13см. Призманың бүйір беті мен көлемін табыңдар.

2.Конустың бүйір бетінің ауданы
20 π〖см〗^2, ал жасаушысы 5см. Конустың көлемін табыңдар.

3.Шардың көлемі 36 π〖см〗^3, оған цилиндр сырттай сызылған. Цилиндрдің толық бетінің ауданын табыңдар.
1. Дұрыс төртбұрышты призманың бүйір қыры 6см, , ал бүйір жағының диагоналі 10см. Призманың бүйір беті мен көлемін табыңдар.

2.Конустың көлемі 16 π〖см〗^3, ал оның биіктігі 3см. Конустың бүйір бетінің ауданын табыңдар.

3. Сфераның ауданы 100 π〖см〗^2, оған цилиндр сырттай сызылған. Цилиндрдің көлемін табыңдар.

Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде оқушылардың оқу-танымдық іс әрекетін арттыратын анықтама,ереже, теоремаларды,қасиеттерді айқындауға көмектесетін шығармашылық тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады.
Алынған білім мен білікті тиянақтау кезінде түрлі мазмұнды танымды есептер шығарылады,мұғалімнің берген ақпараты оқушылардың білім деңгейіне сай келуі тиіс және тапсырмалардың қиындық деңгейі үлгі бойынша орындалатын белгілі амалдардан жаңа жағдайларда орындалатын объектілер мен құбылыстарды салыстыру арқылы орындауға дейін өседі.
Оқушылардың оқу-танымдық іс әрекетінің нәтижесі олардың алынған білімді өз бетінше талдап және бір жүйеге келтіре алатын шығармашылық тапсырмаларды орындауы болып табылады. Әрине, өздік жұмыстың мазмұны,формасы және оны орындау уақыты сабақтың сол кезеңіндегі
оқыту мақсатына байланысты болуы керек.Айта кететін жай,оқу процесінде өздік жұмысты көп қолдануда,оны дәл бағалай алмауы да зиянды.Сондықтан мақсаты дәл анықталған,тапсырмасы мақсатқа сай болған жұмыс қана нәтиже береді.
Қорытынды:Геометриядан оқушының өздік жұмысынұйымдастыру - оқушының өз бетімен білім алуына және танымдық қабілеттерін ашуға үйретеді және оқушының алған білімін оқу мен практикалық іс-әрекетке, есеп шығаруға қолдана білуге дағдыландырады. Өздік жұмыс жүргізе алатын бала оқу материалын терең, жан-жақты меңгере алады да, шығармашылық еңбекке бейім келеді.

Әдебиеттер:
1. «Математика және физика» оқу-әдістемелік журналы
2. Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. Алматы:Қазақстан, 1990.-172б.
3. Қ.И.Қаңлыбаев. «Геометриялық түрлендірулер».Алматы:РБК.2001.
Категория: Математика | Добавил: Тлеубековна8540
Просмотров: 2085 | Загрузок: 23 | Рейтинг: 1.5/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 5:25 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru