Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика

ТАПҚЫР МАТЕМАТИКТЕР!
[ Скачать с сервера (478.7 Kb) ] 2015-11-05, 7:57 AM
Бейсембин Дулат Қадырмаұлы
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
"Пеньково орта мектебі" КММ
математика мұғалімі
"Математика, физика және информатика" апталығына арналған сыныптан тыс іс-шара: ТАПҚЫР МАТЕМАТИКТЕР!
МАҚСАТЫ:
1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМДІЛІГІН, БІЛІКТІЛІГІН, ДАҒДЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАҒА ДЕГЕН ОЙ-ӨРІСІН КЕҢЕЙТУ.
3. ОҚУШЫЛАРДЫ ҰҚЫПТЫЛЫҚҚА, ТӘРБИЕЛІККЕ БАУЛУ.
ТОПҚА БӨЛУ.
Әділқазыларды сайлау.
1. Кім жылдам?
/Топтарға бірдей сұрақтар қойылады, қай топ сұраққа бірінші болып дұрыс жауап берсе, сол топқа
ұпай саны беріледі./
1. Жұмбақ.
Оң сандарға қол шатырдай
Калпақ болған беделі
Квадраттасаң егер оны
Белгісі оның кетеді.
(квадрат түбір)
2. Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам ?
(Парсы математигі аль-Хорезми )(787–850)
3. Кімді математика королі атаған?
(Карл Гаусс)
4. Үнділіктер оны «Сунья»,ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір
қалай атаймыз?
(0)
5. Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз?
( Айырмасы 2-ге тең жай сандар ,мысалы:5 пен7)
6. Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар.
(апта күндері)
7. Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең
болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?
(18 жас)
8. Төртінші артығын тап: 37;19;27;29 .
(27)
9. Кішкентай Есетті мысық тырнап алғанда,ол 5 мин бақырды,ал ара шағып алғанда
ол 3 мин ұзақ бақырды,өзінің анасы ұстап алып сабынмен жуындырғанда Есет ара
шағып алғандағыдан екі есе көп уақыт бақырды.Анасы Есетті 11мин
жуындырды.Есет жуынып болғаннан кейін қанша уақыт бақырды?
(5мин)
10. Үлкен ағасында 2кәмпит,ал інісінде 12 кәмпит
бар.Үлкен ағасы інісінен неше кәмпитті тартып алғанда, әділеттілік орнап,олардың
кәмпиттерінің саны теңеледі?
(5)2.Ойлан, тап!
1. Логикалық есеп.
Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан
екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. Жолаушы ешкіні, капуста және
қасқырды өзеннен қалай өткізді? Қасқырды ешкімен қалдыра алмайды, ал ешкіні
капустамен қалдыра алмайтыны белглі болса?
Шешімі:
Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Бірінші қатынағанда жолаушы өзеннің ар
жағына ешкіні апарады. Екінші қатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің
ар жағына жеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі. Үш
қатынағанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады. Капустаны қалдырады да,
өзі бер жаққа қайта оралады. Төрт қатынағанда ол ешкіні өзеннің ар жағына шығарады.
2. Логикалық есеп.
Отбасыда төрт бала бар. Олардың жастары: 5, 8, 13, 15. Балалардың аттары: Жәнібек,
Райхан, Салтанат,Жанат. Қыздардың біреуі бала- бақшаға барады. Жәнібектен
үлкен,Райханның жасына Жанаттың жасын қоссаң, үшке бөлінеді. Жанат кім? Қыз
ба, ұл ма?
Жауабы: (5+13)=18:3 Райхан > Жәнібек. Райхан он үште, Жанат бесте. Ең кішкентайы бесте,
ол-Жанат, демек ол балабақшаға барады. Жанат-қыз.
3. Ребустар.3.Суретші.
/Әр топ координаталары берілген нүктелерді координата жазықтығында тауып, оларды
тізбектей кесіндімен қосып, қандай сурет шыққанын айту./
4. Сандар сөйлейді.
/Ғалымдардың өмір жылдары шығады, топ дүрыс шешімін табу керек./
1. 1777-1855 ж.ж.
1 ТОП: (-7;0),(-5;2),(7;2),
(9;5),(10;5),(10;1),(9;0),
(-7;0),(0;2),(5;6), (7;6),
(4;2),(0;1),(6;-3)(8;-3),
(4;1),(0;1).
2 ТОП: (0;0),(-10;1),(0;16)
(-1;2),(0;0),(-9;0),(-8;-1),
(-6;-2),(-3;3),(5;3),(10;-2),
(12;-1),(-13;0),(-9;0),(0;0),
(0;16),(12;2),(0;0).ГАУСС КАРЛ ФРИДРИХ
2. 580-500 Б.Д.Д.
ПИФАГОР САМОССКИЙ
3. 625-547 Б.Д.Д
ФАЛЕС МИЛЕТСКИЙ
4. 365-300 Б.Д.Д.
ЕВКЛИД
5. 1642/1642/-1727Ж.Ж.
ИСААК НЬЮТОН
6. 1846-1716 Ж.Ж
ЛЕЙБНИЦ ГОТФРИД ВИЛЬГЕЛЬМ
7. 870-950 Ж.Ж.
ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ
5. Математиканы мақтау.
/Әр топ математика туралы бір шумақ тақпақ шығарады./
6. ӘДІЛҚАЗЫЛАРДЫҢ ШЕШІМІ. МАРАПАТТАУ.
Категория: Математика | Добавил: Кролик
Просмотров: 876 | Загрузок: 9 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 6:04 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru