Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Математика

Ондықтарды қосу және азайту
2016-01-27, 7:14 AM
Ақмола облысы
Астрахан ауданы
№4 Жалтыр орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Мажитова Алтынгуль Кабиденовна

Математика 1сынып

Сабақтың тақырыбы: Ондықтарды қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: толық ондықтармен арифметикалық амалдар орындау дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық: оқушылардың ойлау, есте сақтау, іскерлік дағдыларын, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Топпен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, еңбекқорлыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа және өсімдіктерді аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Әдісі: ізденушілік, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, топтық жұмыс, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушы назарын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық. (слайд)
Кел, балалар күлейік!
Күлкіменен түлейік.
Күлкімізді күн қылып.
Гүл өссін деп тілейік
(қолдарынан ұстап оқушылар, өз есімінің бірінші дыбысына басталатын гүл атын айтады.)
- Балалар қазір қай жыл мезгілі? (Көктем)
- Көктемнің қай айы? (Сәуір)
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Көктемнің алғашқы гүлдерін атаңдар. (Бәйшешек, қызғалдақ)
1) Оқушыларды екі топқа бөлу.
1-топ: Бәйшешек.
2-топ: Қызғалдақ.
2) Сабақтың ережесімен таныстыру. (слайд)
Балалар, біз сендермен табиғат аясына шығамыз. Өз білімдеріңді көрсетіп, гүлшоқтарын тересіңдер.
ІІІ. Өткенді қайталау(слайд)
-1-ден, 10-ға дейін сандарды тура және кері санау .
-Қосудың компонентін атау . 5+3
-Азайтудың компанентін атау . 8-3
- Сандар қатарын оқы, әр қатардағы артық санды тап. Дәлелде.(слайд)
 2,6,10,8,4.
 0,3,7,9,5
 64,54,28,34,24.
-Сандарды оқы: 2 ондық, 4 ондық, 1 ондық, 3 ондық.
- Бұл сандардың жазылуы туралы не айталасыңдар? (Бұл сандардың жазылуында ондық деген сөз бар.)
- Осы ондықтардың әрқайсысының өзінің атауы бар екенін білесіңдер. Суретке қарап дұрыс ата. (слайд)
1онд. - 10(он)
2 онд.- 20(жиырма)
3 онд.-30(отыз)
4 онд.- 40(қырық)
5онд.- 50(елу)
6 онд. – 60(алпыс)
7 онд.- 70(жетпіс)
8 онд. – 80(сексен)
9 онд.- 90(тоқсан)
10 онд.- 100(жүз)
- Ондықтар туралы не білгілерін келеді тағы? (ондықтарды қосуға және азайтуға бола ма?).
- Бұл сұраққа жауап беру бүгінгі сабағымыздың мақсаты.
-Олай болса, сабақтың тақырыбы «Ондықтарды қосу және азайту»
ІҮ. Жаңа сабақ.
Оқушыларға бағандағы мысалдарды салыстыруды ұсынамын (слайд)
7-5 7онд.- 5 онд.
2+4 2 онд.+ 4 онд.
5-1 5 онд. – 1 онд.
Балалар ондықтарды қарапайым жай бірліктер сияқты қосады, азайтады деген қорытындыға келеді.
Ү. Оқулықпен жұмыс.
№ 1, 168 бет.
І-топ: 3 онд. + 2 онд.=5онд. ІІ-топ: 7онд.- 4онд.=3онд.
30+20=50 70-40=30
9онд.- 5онд.= 2онд. + 6 онд.=
90- 50= 20 + 60=
- Балалар, күнделікті өмірде нені ондықтармен санауға болады? (жұмыртқаны, түймені, дәрі таблеткалары, т.б.) (Слайд сәйкестіру)
- Енді мамандық иелері ретінде, өз игергендерінді ортаға саласыңдар
Сергіту сәті «Қарлығаш»
№2. Есеп шығару. (слайд)
1- топ: Аспазшылар.
Аспаз торт пісіру үшін жұмыртқаның 1 ондығын жұмсады. Кекс пісіру үшін 2 ондығын жұмсады. Аспаз барлығы неше жұмыртқа жұмсады?
2-топ: Тігіншілер.
Тігінші түйменің 4 ондығын сатып алды. Костюмге 1 ондығын қадады. Тігіншіде неше түйме қалды?
ҮІ. Логикалық тапсырма
«Артық затты тап» (оқу құралдары- жәндік, үй жануарлары- жабайы жануар)
ҮІІ. Дәптермен жұмыс.
№ 3. Өрнектер құрастыр және олардың мәнін тап. (тақтада орындау)
10+70=80
70+10=80
80-70=10
80-10=70
Оқушылардың өз беттерінше мысалдар төрттігін құрастыруын ұсынамын.
ҮІІІ. Бекіту.
«Кім жылдам?»
+ + - +
1-топ

2-топ - - - +

ІХ. Қорытындылау. (Оқушылардың жинаған гүлшоқтарын ортаға салу)
- Өте жақсы, сонымен біз мақсатымызға жеттік.
- Сабақта не үйрендік? (Ондықтарды қосуды және азайтуды)
- Алған білімдеріңді өмірде қолдануға бола ма? (ондықтармен түйме, жұмыртқаны санауға болады екен т.б.)
1) Бағалау : Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.
2) Үйге тапсырма:
Категория: Математика | Добавил: altyngulmazhitova
Просмотров: 1244 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 1:11 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru