Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Технология труда

алқа жасау
[ Скачать с сервера (17.4 Kb) ] 2015-02-16, 8:49 PM
Сабақтың тақырыбы: Алқа жасау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға алқа туралы толық мағлұмат беру;
Дамытушылық:оқушылардың жұмысты орындағандағы еріктілігін дамыту, алған білімдерін өз бетінше қолдана білуін қадағалау, эстетикалық талғамын қалыптастыру;
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: үлгілер, ескертпелер, нұсқау карталары.
Пәнаралық байланыс: сызу,бейнелеу өнері, математика, тарих
Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;


Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
Жаңа сабақ
Оқушылар бүгін біз бисерден бұйым жасауды үйренеміз. Бисердің шығу тарихына тоқталсақ бисер деген сөздің өзі ұсақ моншақтарға берілген жалпы түсінік. Ұсақ, домалақ сопақша, әр түрлі – хрусталь, шыны, керамикалық материалдардан жасалған моншақтарды бисер деп атайды екенбіз.

Стеклярустың бисерден айырмашылығы – оның ұзындығы 3 мм түтікше тәріздес болып келеді. Алқа тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен алқа суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншақтар да тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.

Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал. әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады.
Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін УІ ғасырдың ескерткіштерінен табылған.

Әйнекті массаға, кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі. Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге бисер атауы мәлім бола бастады.
Керекті құрал – жабдықтар:
• Бисер түрлері;
• Диаметрі 3 мм болатын сым;
• Сызғыш, қайшы;
• Қалың сым;
• Мулине жіп;
• Гипс немесе алебастр;
• ПВА желімі;
• Қоңыр, ақ, жасыл түсті гуашь;
• Изолент.
Сарамандық жұмыс
1. Қауіпсіздік ережесін үнемі есте сақтау керек;
2. Жұмыс киімін кию;
3. Құралдарды тексеру;
4. Шұңғылдау бір ыдысқа керекті бисерлерді қосып араластырып аламыз;
5. 60-70 см ұзындықтағы жұқа сымды аламыз;
6. Сымның бір шетін түйіндеп, екінші шетінен бисер өткіземіз;
7. Сымның бір шетінен бастап бисерлерді 7 түйірден бастап ораймыз, ара қашықтығы 1-1,5 см болу керек;
8. Осындай бұтақтық 80-90 данасын жасауымыз керек;
9. Дайын бұтақтардың 5 данасын бір-біріне біріктіріп жіппен орап, изолентпен ораймыз да талдың бір бұтағын дайындаймыз;
10. Дайын болған бұтақтарды қалың сымға біріктіріп, изолентпен ораймыз;
11. Дайын ағашты арнайы ыдысқа саламыз, ол үшін бізге гипспен ПВА желімге кішкене су қосып араластырып ыдысқа құямыз да, үстіне ағашты саламыз;
12. Осы ағашымыз 2 тәулік бойы тұру керек;
13. Гипс кепкеннен соң гуашпен бояймыз;
14. Эстетикалық талғаммен ағашымызды түрлендіреміз.
Қорытынды сұрақтар
• Бисер дегеніміз не?
• Бисердің отаны қай ел?
• Бисермен стеклярустың айырмашылығын ата?
• Пайетка дегеніміз не?
• Бисерден қандай бұйымдар жасауға болады?
• Әйнек қай ғасырда пайда болды?
Оқушы жұмысын бағалау.
• Жасалған бұйымдарды қабылдап, оқушылардың еңбегін бағалау;
• Жіберілген қателіктерді қайта түсіндіріп, оны іс жүзінде көрсету;
• Жақсы жасалған жұмыстарды атап көрсету.

Үй тапсырмасы:жұмысты үйден аяқтап келу.
Категория: Технология труда | Добавил: bakon
Просмотров: 1869 | Загрузок: 34 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 9:50 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru