Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » НВП и ОБЖ

Патриоттық тәрбие - басты мақсат
[ Скачать с сервера (23.3 Kb) ] 2016-01-28, 6:24 PM
Патриоттық тәрбие ¬- басты мақсат.
С.К.Сәрсембеков, №3 орта мектептің АӘД оқытушы – ұйымдастырушысы Ақкөл ауданы, Ақмола облысы.
«Егеменді ел тірегі – қарулы күштер» десек, сол әскери қарулы күштерге жастарды мектеп қабырғасынан даярлайтын АӘД пәні болып табылады. Қысқа мерзім ішінде қолданыстағы қаруды меңгеру, тәуелсіз демократиялық Отанымызға лайықты қорғаушы жауынгер болу – күрделі іс. Сондықтан, әрбір жасөспірім мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, өзін әскери қызметке дайындауға, Қазақстан Республикасы мен оның халқы алдындағы азаматтық борышын жауапкершілікпен ұғынуы тиіс.
Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанга, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп, қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды. Бұған шын мәнінде адамның бүкіл болмысының қатысы бар. Өзінің бүкіл халық болып, мемлекет болып құрылу тарихында талай тар жол, тайғақ кешулерді басынан кешіріп үнемі шапқыншылардың шабуылына төтеп берумен өмірін өткізген хақымыз елді, жерді қорғаудың қадірін ерте түсініп, баласын ана сүтімен бірге Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеген.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялауы, Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы және алдына стратегиялық бағдарлама қоюы жас қазақ мемлекетінің алдына үлкен мақсаттар мен міндеттерді жүктейді.
Қазақ елінің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтап қалу әрбір саналы азаматтың ісі. Қазақстан Республикасы 1991жылы 16 желтоқсанда өзінің дербес тәуелсіздігін жариялағаннан кейн «ҚР ҚҚ-ін құру » туралы Президент жарлығы шықты.
Қазақстан Республикасы әскери құрылыс тұжырымдамасында: « Біз - егеменді мемлекетпіз және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері ішкі және сыртқы саясаттың жалпы құрылымының өзегі болуға тиіс. Сондықтан бізге қазіргі заманғы қару-жарақпен жарақтанған, жоғарғы даярлықтан өткен, жақсы үйретілген, біздің егемендік мүддемізді қорғау үшін кез келген жағдайда іс - қимыл жасауға даяр тұратын армия қажет. Ал, мұндай армияны әскери құрылыстың тарихи тәжірибесіне және қазіргі заманғы көзқарастарға сүйенген ғылыми негізінде ғана құруға болады» - деп атап көрсетеді.
Қазақ елінің тұнғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров: «Қазір Қазақстан Армиясына жан-жақты дайындығы мол кадрлар көп керек. Оның үстіне армияларымыздың ұлттық дәстүрлері жетілмеген» деп, бүгінгі әскердің кемшіліктеріне тоқталды.
Болашақ ел сарбаздарын жастайынан жауынгерлікке баулу, олардын бойына отаншылдық ерлік рухты қалыптастыру қазақстандықтардың ортақ парызы, тікелей міндеті болып табылады. Ата - бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған салт дәстүрінен нәр алған қазақ елінің мыңдаған ұл - қыздары екінші дүние жүзілік соғыстың қанды майдандарында да қаһармандықтың талай қайталанбас үлгісін көрсетті.
Ұлан - байтақ даласын «найзанын ұшымен,білектін күшімен» қорғаған ата - бабаларымыз сан ғасыр бойы қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыга шоқыттырмай аман сақтап келді. Құрып кету қаупі төніп тұрған кезде бір жағадан бас, бір жеңінен қол шығарып жауға қарсы тұру нағыз отансүйгіштік қасиет болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз - Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін - өзі айқын билеуін қалыптастыру» - деп жазды.
Көпұлтты Қазақстан халқы үшін отансүйгіштік сезімінің рухани саладағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттің материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар. Отансуйгіштік рух-қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып дуниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден - бір күш.
Қазақ тарихын зерттеуші ғалым Ш.Уәлиханов отансүйгіштік сезімнің қалыптасуы туралы «менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай, мен ең алдымен, өз отбасымды, туған - туыстарымды, қадірлеймін, одан соң ауыл - аймақ, ел - жұртымды, одан соң халқымды қадірлеймін», - деген екен. «Патриотизм, - дейді Б.Момышұлы, Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман – саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін, мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан - өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым - қатынасын білдіреді».
«Отанды сүю отбасынан басталады», отансуйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы, «Еліңді сүйсең ерлік істейсің», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі», «Болат қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады», «Жүк ауырын нар көтереді,ел ауырын ер көтереді», «Ел – ырыстың орманы, ер - ырыстың қорғаны», «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» тәрізді мақал - мәтелдерден көрінеді.Одан біз ерлердің ерен ерліктері ұрпақ жалғастығын табатынын ұғынамыз. Ерлік дегеніміз адам бойындағы туа бітетін қасиет емес. Ол қоғамдық ортаның, игі дәстүрлердің ықпал етуіне байланысты қалыптасатын қасиет.
Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде қазақ жауынгерлерінің талай ерліктерінің куәсі болған Б,Момышұлы: «Ерлік табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзіңнің ар - намысынды және азаматтық абыройыңды ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең үлкен сезімін, азаматтық парызын орындау үшін осындай адамгершілік, теңдікте өзіңмен сайысқа түсе отырып, тұтас коллектив өмірінің игілігін ғана емес, қауіп - қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға - жан, қанға - қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және Отандастарыңды қауіпсіз етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу» - дейді.
Қазіргі жағдайда әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіруде өткен әскер тарихын зерттей отырып, бүгінгі өмір талабына сай оның мазмұнын, міндеттерін терең ұғыну керек. Әскери - патриоттық тәрбие берудің басқа тәрбие процестерінен өзіндік ерекшелігі бар. Себебі, әскери -патриоттық тәрбие беруде, негізінен, әр түрлі жағдайларда Отанын қорғауға даяр тұру, әскери міндетін атқаруға және күнделікті бейбітшілік сақтау үшін күреске дайындық жұмыстары қамтылады.
Әр түрлі жастағы оқушыларға әскери - патриоттық тәрбие берудің мазмұнына, мақсатына, міндеттеріне тоқтала келе, тәрбие критерийлері төмендегідей жүктеледі. Мектеп жасына дейінгілерімен жұмыс істеу жолдарына баланың әскери – патриоттық әңгімелерге араласуы, әскери ойындарға сезімталдық қатынастары, дене бітімінің өзжасына лайықты болуы жатады.
Бастауыш мектеп оқушылары үшін Отанның өткен тарихынан мағлұматы болуы, әскери ойындарда әр түрлі әскери рөлдерді орындауы, тәртіптілік жатады. Кіші жасөспірім оқушылар үшін халқымыздың революциялық, әскери және еңбек дәстүрлермен, жер бетінде болып жатқан әскери жағдайларды дұрыс бағалай білуі, еңбек және соғыс ардагерлеріне құрмет, дене бітімінің дамуы, әскери ойындарға және жарыстарға қатысу міндетті. Мектеп бітірушілер үшін өз еркімен әскери борышын өтеудің қажеттілігі, сенімді түрде әскери қызметке саналы дайындық, өмірде болып жаткан саяси - әскери жағдайларға талдау жасау, әскери талаптпарды түсіну, АӘД сабақтарында терең және нақты біліммен қарулану, әскери - патриоттық шараларға белсене қатысу міндетті.
Қазақстан Республикасы Білім министірлігінің «Қазақстан мектептеріндегі әскери-патриоттық тәрбие» деген еңбегінде оқушыларға әскери - патриоттық тәрбие берудің әр түрлі формалары мен әдістеріне, мектеп жасындағы балалардың Отан қорғауға дайындық жұмыстарына мән берілген. Халқымыздың әскери және еңбек дәстүрлері болған жерлерге шеру, «Алау» және «Жас ұлан» әскери - спорттық ойындарын ұйымдастыру жолдарына тоқталады.
«Жеткіншек ұл балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының ерекшіліктері» нұсқауында: тәрбие жұмысында жеткіншек ер балалардың ұйымдастырушылық қасиеттерін дамытып, сынып пен мектептің белсенді жұмыстарына араласуын ескермей, тек қана олардың пассивті қатысуын көздейтін жұмыс формалары мен әдістері жиі қолданылып жүр, ер балаларды ерлік, жігерлік, төзімділік, батылдыққа тәрбиелеуге көмектесетін жұмыс формалары сирек пайдаланылады - деп, атап көрсетілген.
Ұлттық негізінде ерлік және жауынгерлік тәрбие беруге байланысты халық каһарманы Б.Момышұлының «Жігітті жауынгерлік қасиеттерге тәрбиелейтін қазақтың игі дәстүрлері» атты мақаласында халықтардың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы зор екеніне тоқтала келе, жоспарын ұсынады. Одан төрт тарау мысал келтірейік.
1) Әдет және әдеп. Үлкенді сыйлау, парыз бен ар - ұятты қасиет тұту, қоғамдық тәртіпті мүлтіксіз сақтау, заңға мойын ұсынушылық, адамды бәрінен де ардақтау, адам бойындағы адамгершілік, Отанға, елге, халыққа, үй ішіне, адамға, өмірге деген сүйіспеншілік сияқты жақсы қасиеттерге тәрбиелейді.
2) Асық, жасырынбақ және жарыс, күрес, ақсүйек ойнау жастарды ептілікке, ширақтыққа, табандылыққа және басқа да жақсы жауынгерлік қасиеттерге тәрбиелейді.
3) «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Бәдік айтыс, той, айтыс тез ойлауға, тапқырлыққа тәрбиелейтін өнер саласы. Бұл арқылы жасөспірімдер мен қыздар өлеңді суырып салып айтуға машықтанады, ауыз әдебиеті мен музыкаға сүйіспеншілігін арттырады, ой - өрісін кеңітеді, өткірлік пен ептілікке үйренеді.
4) Көкпар, бәйге, аударыспақ - батылдыққа, ептілікке баулып, бұлшық етті шынықтыратын, құмарлықты оятар, есеппен тәуекелге бел байлауға, тіпті ары мен атағы үшін өлімге бас тігуге дейн баратын дәстүрлі ұлттық спорттық ойындар. Бұл ойындар ер жігіттің бойында, Отан сүйгіштік сарбаздарға қажетті игілікті, қасиетті тәрбиелейді. Отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға әсер ететін факторлар: Ұлттық сезім-өзінің ұлттық окілдігін мойындай отырып, ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халық мұраларын бағалай білу. Жоғарғы сезімдер: парыз, адамгершілік, ержүректілік, ерлік, батырлық, қаһармандық т.б. Жас ұрпақты халқымыздың құнды еңбектерімен жасынан намысты, Отанын сүйетін, адамгершілігі терең етіп тәрбиелесек ешкімнің алдында ұялмаймыз, мерейіміз үстем болады деп ойлаймын.
Әскери – патриоттық тәрбие жұмыстарын бүкіл мектеп ұжымы ұйымдасқан түрде бірлесіп, атқарғанда ғана көздеген мақсатқа жетуге болады.
Категория: НВП и ОБЖ | Добавил: sarsembekov1959
Просмотров: 1463 | Загрузок: 13 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 3:00 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru