Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Профессиональное образование

Ресми-іскери құжаттардың тілдік ерекшеліктері
[ Скачать с сервера (20.3 Kb) ] 2015-06-24, 0:05 AM
Шнайдер С.А., ИнЕУ, Павлодар қаласы
Ресми-іскери құжаттардың тілдік ерекшеліктері

Ғылым, іс қағаздарын жүргізу және заң шығару, бұқаралық ақпарат құралдары және саясат салаларында тіл түрлі қолданылады. Қоғамдық өмірдің аталған әрбір салаларында өздеріне лайық тіл, яғни лексикалық, морфологиялық, синтаксистік және мәтіндік жағынан ерекшеленетін әдеби тіл қолданылады. Әдеби тілдің осындай түрін функционалдық стиль деп атайды.
Ресми-іскери стиль жоғарыда атап өткендей заң шығару, экономика, басқару, елшілік қызмет және тағы басқа да әлеуметтік-құқықтық қарым-қатынастарға тән. Іскери стиль үлгілеріне ақпараттық жарнаманы, патенттік стиль, тұрмыстық-іскери сөйлеу (арыз, түсініктеме, қолхат, т.б.) үлгілерін жатқызады. Ұйымдастырушылық-басқарушылық құжаттама іскери жазба стилін толықтай аша алатын жазба түрі. Ұйымдастырушылық-басқарушылық құжаттама ресми-іскери стильдің негізі, іскери жазба тілінің орталығы болып табылады.
Құжат – адамдар әрекеттерін басқаратын, заңды күші бар мәтін. Осыдан мәтіннің құрылуы мен жазылуына, бұрмалаушылық мен ауыспалы мағыналарға жол бермеушілікке деген талаптар да жоғары болады. Осындай талаптарға тек алдын ала әзірленген, редакциядан өткен жазбаша тіл ғана жауап бере алады. Ал ауызша сөйлеу тілі болса, алдын ала дайындықсыз, аяқ астылық сипатта болған соң мұндай талаптарға жауап бере алмайды. Ал сол талаптарға жауап беру үлкен үрдіс болып табылады. Сол себептен де құжаттар жазылып қана қоймай, маманармен құрастырылады. Сондықтан құжаттарда әрдайым тұрақталып қалған, стандартты сөз орамдары пайдаланылады:
Бұйрықты орындау үшін..., ... Хаттамасына сәйкес..., Келісім шарт қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді..., т.б.
Іскери құжаттама тілін стандарттау құжатқа заңды күш беретін коммуникативтілік нақтылық деңгейімен қамтиды. Кез келген сөз немесе сөз тіркесінде тек бір ғана мағына мен түсінігі болуы қажет. Мәтінде осындай деңгейлі нақтылыққа қол жеткізу үшін тиісті сөздерді, атауларды, терминдерді қайта-қайта қайталап отыру қажет: Алдын ала төлеу кезінде Тапсырыс беруші төлем жасағаннан кейін үш күн ішінде Орындаушыға банкпен бекітілген көшірмесін ұсынуы немесе оған жеделхат арқылы хабарлауға міндетті. Тапсырыс беруші берілген тармақтың талабын орындамаған жағдайда Орындаушы келісім шартқа қол қойылған күннен он күн ішінде тауарды сатуға құқылы.
Осы себептермен басқа жазба тілінде кемшілік болып есептелетін және артық сөз ретінде қарастырылатын белгілер іскери жазба тілінің міндетті, ажырамас стилистикалық сипаты болып табылады. Ал ауызша іскери сөйлеу тіліне бұл сипат мүлдем тән емес, яғни диалогтік сөзде белгілі бір лексемаларды қайталап отыру сөйлеушінің қолданатын синтаксистік құрылымын жақсы ойластырып, алдын ала дайындалып алу қажеттігін көрсетеді: Онда / онда біз не істейміз / не істейміз // Біз бұл құжатты факс арқылы көрсетіп / қайда / қандай бағамен ...
Ресми-іскери стильде баяндау нақтылығы іс-әрекет дәлдігін көрсету үшін зат есім + етістікті сөз тіркестері арқылы беріледі:
толықтыру емес толықтырулар енгізу
тапсыру тапсырма беру
жауап беру жауапкершілік алу
шешу шешімдер қабылдау
түзету түзетулер енгізу
төлеу төлем жасау және т.б.
Стадартты мәтіндік материалдағы нақты логиканың болуы мен эмоцияны жоқтығы ауызша іскери тіл мен жазбаша іскери тіл арасын біршама ажыратады. Ауызша іскери қарым-қатынаста эмоция көп орын алады. Себебі, сыбайласын не әріптесін өзіне сендіру, сенімділік, тұрақтылық, құрмет сияқты сезімдерді ұялату үшін эмоцияның маңызы зор.
Мәтінде ақпаратты тек қана мәтіндік фрагменттер емес, соның қатар мәтін ресімделуінде пайдаланылған барлық элементтер, яғни реквизиттер де береді. Құжаттің белгілі бір түріне арналған, мемлекеттік стандартпен бекітіліген өзінің реквизиттер жинағы болады.
Реквизит – құжат бланкісінде, қағазда қатаң бекітілген тәртіп бойынша көрсетілетін ақпараттық элемент. Аталуы, мерзімі, тіркеу нөмірі, құрастырушы жайлы ақпарат және т.б. әрдайым бір жерде, құжат басында не соңында (құжат түріне байланысты) орналасады. Реквизиттердің саны түрлі болады, ол құжат тағы да мазмұнына байланысты.
Қазақ тіліндегі ресми-іскери іс-қағаздарына төмендегідей құжаттар жатады:
- үкім;
- Жарғы, жарлық;
- Ереже;
- хабарлама;
- бұйрық;
- нұсқау;
- ресми хаттар;
- хаттама;
- жарнама;
- хабарландыру.
Осы құжат түрлерінің мәтіндік, синтаксистік және лексикалық сараптамасы көрсеткендей, олардың әрқайсысының ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар:
Лексикалық айырмашылықтар:
Құжаттар тілі лексикасына тән сипаттарының бірі – терминдердің қолданылу деңгейінің жоғарылығы. Соның номенклатуралық лексиканың көп кездесуі:
- атаулар номенклатурасы: «Арман» ЖШС, «Олимп» ААҚ, т.б.
- лауазымдар номенклатурасы: сатылымдар бойынша менеджер, жарнама менеджері, бас директор, қаржылық директор, т.б.
Заң, экономика терминдерінен басқа ресми-іскери іс-қағаздар мәтінінде техникалық терминдер де көптеп кездеседі: датчик, қоректендіру блогы, сандық ағын, қозғалтқыш, жылу тасымалдаушы, минералды-шикізат базасы, көмекші техника, т.б. Осылардың ішінде қысқартулар көптеп кездеседі:
АБЖ – автоматтандырылған басқару жүйесі;
ПӘК – пайдалы әсеркоэффициенті;
РҚН –радиациялық қауіпсіздік нормалары.
Терминдерден басқа түрлі құқықтық актілер атаулары да қысқартылады:
АК – Азаматтық кодекс;
ҚК – Қылмыстық кодекс.
Түрлі номенклатуралық сипаттағы белгілер де қысқартылады:
ХВҚ – Халықаралық валюталық қор;
ОСК – Орталық сайлау комиссиясы.
Кәсіпорындар классификациясына жататын кәсіпорындарды иелені түрін көрсететін атаулар:
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
ААҚ – ашық акционерлік қоғамы;
ЖК – жеке кәсіпкерлік.
Лауазымдар номенклатурасы да қысқартылады:
м.а. – міндетін атқарушы.
Ресми-іскери құжаттар мәтінінде дөрекі сөздер, ауыз екі сөйлеу стиліне тән сөйленімдер мен жаргондар қолданылмағанымен, кей кездері іскери хаттарда кәсіби жаргон сөздер орын алып жатады, ол көбінесе орыс тілінде жиі кездесетін құбылыс: неучтенка, кадровик, платежка, накидка, т.б.ал қазақ тілінің ресми құжаттар тілінде көбінесе мұндай тілдік бірліктерге жол беріле қоймайды.
Грамматикалық айырмашылықтар:
Ресми-іскери құжаттардың грамматикалық стильдік нормаларына грамматикалық құрылымдардың бейімделуі жатады және осы таңдалған нұсқа белгілі бір құжат құрастырылуында тұрақты бекітіледі де, әрдайым қолданылатын болады. Мысалы, бұйрық мәтінінде әрбір тармақ адресаты атау септігінде, ал орындалуы тиіс іс-әрекетті барыс септігінде атаудан басталады.
Бұйрық
Қаныш Сәтбаев атындағы КазҰТУ-ға жұмысқа қабылдау туралы
Гүлсім Бақытжанқызы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасына штаттық кестеге сәйкес оқытушылық қызметіне қабылдансын.
Осыған байланысты белгілі бір септік тұлғасына сай бекіген формалардың қолданылу ретін бақылап отырған жөн.

Кесте 1
Ресми-іскери құжаттарда септік жалғауларының қолданылуы

Атау септікте (кім? не?) Ілік септік (кімнің? ненің?)
үшін
туралы
арқылы үрдісінде
құрметіне
күшіне
Барыс септікте (кімге? неге?) Шығыс септік (кімнен? неден?)
қатысты
сәйкес
сай бастап
кейін
соң

Яғни, көріп отырғанымыздай көбінесе ресми қағаздар тіліндегі септеулік шылаулардың қолданылуы оның қандай грамматикалық формаларды пайдаланатынын шешеді.
Синтаксистік айырмашылықтар:
Ресми-іскери құжаттар тілінде жай сөйлемдер маңызды роль атқарады. Жай сөйлемдердің іскери құжаттар тілінде қызмет етуінің бір ерекшелігі олардың құрмалас сөйлем арқылы беретін ақпарат жеткізе алу мүмкіндіктері. Оған ненің арқасында қол жеткізуге болады? Әрине, сөйлемнің ұзақтығы мен семантикалық ауқымдылығы арқасында. Себебі, кей кезде жекелеген сөз тіркестері де салалас не сабақтас бағыңынқылар беретін ақпаратты ұсына алады.
Екі жақты келісім жағдайында, берілген келісім шарттың ажырамас бөлігі болйып табылатын келісім шарт жағдайын өзгерту мүмкіндігі бар.
Егер екі жақты келсімге қол жетсе ...
Белгіленген мерзімге дейін салық төленбеген жағдайда салық төлеуші несие үміткер бола алмайды.
Егер салық берілген мерзімге дейін төленбесе ...
Осы үлгілерде көріп тұрғанымыздай сөз тіркесі бір сөйлемді алмастырып, оның қызметін атқара алады екен. Осындай жағдайда қолданылған сөз тіркесі тек сөйлемді қысқартып қабылдау үшін тиімді етіп қана қоймай, оның нақтылығын, айтылған ойдың бір жақтылығын көрсету үшін де тиімді.
Ресми құжаттардағы сөздердің орын тәртібіне келетін болсақ, олар өзінің қатң тұрақтылығы, яғни консервативтілігімен ерекшеленеді. Қазақ тіліндегі барлық синтаксистік заңдылықтар мұнда да сақталады. Яғни, бастауыш пен баяндауыштың сөйлемде орналасу тәртібі және т.б. заңдылықтар ресми құжаттар тілінде де орын алған.
Қорыта келе айтатын болсақ, аталған лексикалық, грамматикалық, синтаксистік ерекшеліктер ресми-іскери құжаттар тілінде қолданыс табуы кездейсоқ жағдай емес. Ресми құжаттардің кәсіби коммуникацияда өз ролін дұрыс әрі нақты орындауы үшін қажетті стильдер мен нормалар қабылдауы, олардың өзгеріп, не өзгермей тұрақты болып қала беруі қалай да болса осы кәсіби коммуникация үшін қызмет атқаруларының бір сипаты болып табылады. Ал әрбір қызметтің негізгі мақсаты мен міндеті бір – көздеген нәтижеге қол жеткізу. Сол жолда түрлі амал-тәсілдерді дұрыс қолдана білу, тіл қызметінің мәртебесін көтеріп, орнын жоғарылатпақ.
Категория: Профессиональное образование | Добавил: 1234563893 | Теги: құжаттар тілі., ресми құжаттар, ресми-іскери құжаттар
Просмотров: 3168 | Загрузок: 39 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 11:31 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru