Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Профессиональное образование

БАЛҚЫТЫП ПІСІРУ. Кәсіби қазақ тілі пәні
2015-09-21, 8:02 PM
Сабақтың тақырыбы: Балқытып пісіру. Осы шақ.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардан автогенді пісіру тәсілдері туралы сұрай отырып, балқытып пісіру туралы білімдерін толықтыру.
2. Дамытушылық: Түрлі әдіс тәсілдер қолдана отырып, оқушылардың ойлау, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік: Жұмысқа адал жұмыс істеуге, өздері таңдап алған мамандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу .
Пәнаралық байланыс: технология, орыс тілі
Көрнекі құралдар: тест тапсырмалары, карточкалар, терминдік сөздік (машинажасау) Алматы «Мектеп» 2007
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, аудару, еске түсіру, оқу түрлері, қайталау т.б.
Өтетін орны: қазақ тілі кабинеті.

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу
Кезекшіні тыңдау.Оқушыларды тізімдеу,сабаққа дайындығын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру:
1.Ақаулық және ацетилен – оттекті пісіруді жаттау.
2.Жаңа сөздерді жаттау.
3.Жаңа сабақты зерделеу:Балқытып пісіру.Осы шақ.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Металдар мен қорытпалар, сондай-ақ пластмасса, шыны, керамика және әр текті металдар балқытып біріктіріледі. Балқытып біріктіру кезінде қыздыру көздерін пайдаланып біріктіруге кері процесс те (мысалы, металдарды отпен немесе термиялық кесу) жүзеге асырылады. Балқытып біріктірудің қарапайым тәсілдері біздің заманымыздан бұрынғы 8 – 7 мыңыншы жылдары белгілі болған. Мысалы, Мысыр пирамидаларынан қалайымен біріктірілген алтын бұйымдар, ал Помпей қаласын қазу кезінде жапсарлары біріктірілген қорғасын су құбырлары табылды. Оларда қосылатын бөлшектер алдын ала қыздырылып, одан әрі бір-біріне жанши отырып біріктірілген не қыздырылған бөлшектердің арасына балқыған металл құйылған. Ал темір мен оның қорытпаларынан жасалған бұйымдар ұсталық көрікте «шоқтануға» дейін қыздырылып, одан әрі олар бір-біріне соғу арқылы біріктірілген. 19 ғасырдың соңына дейін тек осы екі тәсіл ғана іс жүзінде кеңінен таралды. Балқытып біріктірудің жылдам дамуына 1802 жылы орыс ғалымы Василий Петров ашқан электр доғасы (доғалық разряд) себепші болды. 1882 жылы орыс инженері Николай Бенардос балқымайтын электродпен (көмір немесе графит) балқытып біріктіру тәсілін, ал 1888 жылы орыс инженері Николай Славянов балқитын электродпен балқытып біріктіру тәсілін ұсынды. 1949 жылы электр шлагымен балқытып біріктіру тәсілі Украинада Электрлік балқытып біріктіру институтында жасалды. Осы институтта академик Евгений Патонның жетекшілігімен флюс қабаты астында және ғарыш кеңістігінде балқытып біріктіру жұмыстары жүзеге асырылды. 20 ғасырдың 50-жылдарының аяғында Францияда металдарды тығыз электрондар шоғының көмегімен балқытып біріктіру тәсілі, ал соңғы жылдары балқытып біріктіру процесінде оптикалық кванттық генератор-лазер пайдаланыла бастады. Қазіргі уақытта балқытып біріктірудің алпыстан астам тәсілдері бар. Қосылыс аймағындағы материалдардың физикалық күйіне байланысты балқытып біріктірудің барлық тәсілдерін шартты түрде: балқыту арқылы балқытып біріктіру және қысым арқылы балқытып біріктіру деп бөлуге болады.

Жаңа сөздер:
Балқу – плавление
Қатты зат – твердое вещество
Балқу температурасы – температура плавления
Балқыма, балқыту – плавка
Балқытпа қалдық – окисление, угар при плавке
Балқыту шойын шөміші – ковш плавильный чугунный
Термин сөздерді сөздікке жазу:
Балқу – 1) жылуды сіңірумен жүргізілетін кристалдық күйден (қатты) сұйық күйге өту процесі; 2) кристалл күйіндегі қатты заттың сұйық күйге өтуі.
Балқу температурасы – қатты фаза сұйық фазаға түрленетін температура.
Балқыма
1. балқыту процесінің жеке бір жолғы циклі, сондай-ақ осының нәтижесінде алынған өнім;
2. жоғары температурада балқыту нәтижесінде катты фазадан алынған сұйық фаза.
Балқытып біріктіру, пісіру – металл бұйымдарды балқу температурасына дейін қыздыру немесе пластикалық күйге дейін келтіру арқылы бір-бірімен біріктірілетін денелердің аралығында атомаралық (молекулааралық) байланыстардың түзілуі нәтижесінде оларды ажырамайтындай етіп біріктіретін технологиялық процесс.

Грамматика:
Осы шақ — іс-әрекет пен қимылдың сөйлеп тұрған сәтте орындалып жатқанын білдіреді. Осы Шақ іштей нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екіге бөлінеді:
• Нақ осы шақ — іс-әрекет пен қимылдың сөйлеп тұрған нақ сәтінде болуын білдіреді. Нақ осы шақ отыр, тұр, жатыр, жүр етістері арқылы жасалады.
• Ауыспалы осы шақ — көсемшенің -а, -е, -й жұрнақтары жалғану арқылы жасалып, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезде болатынын әрі ұласпалылық сипатын танытады. Мысалы, ұстаз болып істейді, күнде келеді, бала ойнайды, құс ұшады, тағы басқа.

Венн диограммасы арқылы келер шақ пен осы шақты салыстыру.


Жаңа сөздерді қатыстырып, сөйлемдер жазу.
4.Нығайту:
«Синквейн» 5 жолды өлең құрастыру арқылы сабақты қорытындылау.
Балқыма
Ыстық, суық
Ериді, балқиды, қатады,
Дәнекерлеушіге қажет зат.
Металл.
5.Бағалау: оқушылардың біліміне қарай баға қою.
6.Үй тапсырмасы:
1.терминдерді жаттау.
2.сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша синквейн жазып келу.
Категория: Профессиональное образование | Добавил: Ainur1982
Просмотров: 1437 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 4:58 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru