Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Ересектер тобына арналған технологиялық картасы
2017-11-12, 3:48 PM
Логопедтің тегі, аты, әкесінің аты: Балабекова Асель Есентаевна.
Тақырыбы: Тілдің дыбыстық мәдениеті: «О» және «Ө» дыбыстарын ажырату.
Мақсаты:О және Ө дыбыстары кездесетін сөздерге мысалдар келтіру арқылы сөздік қорларын толықтыру, осы сөздерді қатыстырып ,сөйлемдер құрастыруға үйрету.
1.Жуан және жіңішке дыбыстарды ажырата білуге үйрету.
2. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Үлкенді сыйлауға, ізеттілікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: тілдік жаттығулар, тыныс алу жаттығулары, түсіндіру,тосын сәт, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Қажетті құралдар: Айна, жапырақтар, тақырыпқа байланысты арнайы суреттер
Сөздік жұмыс:Қара дәу, төл
Қостілділік компонент:лақ – козленок

Қызмет кезеңдері Логопедтің қызметі Балалардың қызметі

Мотивациялық - қозғаушылық
Тіл жаттығуларын ұйымдастыру.
«Сағат тілі», «Алтыбақан», «Ат шауып келеді», «Тарақ», «Тіс тазалау»
Тыныс алу жаттығуларын ұйымдастыру.
«Күзгі жапырақтар» үрлеу
Балалар тіл жаттығулар мен тыныс алу жаттығуларын жасайды.
Ұйымдастыру
шылық – іздеушілік

Тосын сәт: Қонаққа Ата келеді. Ата ешкінің төлін жоғалтып алыпты. Сол төлді табуға сендерден көмек сұрап келіпті. Балалар атаға ешкінің төлін табуға көмектесеміз ба?
Төл сөзіне сөздік жұмыс жүргізеді.
Ендеше өткен тақырыптарды еске түсірейік.
Өткен тақырыпта қандай дыбыстар өттік?
Ал, балалар өткен тақырыптарды еске түсірдік, енді атаға ешкінің лағын табуға көмектесейік,орманға жаяу барайық. Балалармен орманға саяхат жасайды.
Келе жатып алдарында өзен ағып тұрады. Балаларға сұрақ қояды.
Балалар, енді не істесек болады, өзеннен қалай өтеміз?
Ендеше, тастардың көмегімен өзеннен өтеміз. Балалар тастардың артында тапсырмалар бар екен, сол тапсырмаларға жауап берсек өзеннен тастардың көмегімен өтеміз.
1 – тас: Орман сөзіндегі бірінші қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?
Өзен сөзіндегі бірінші қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?
2 – тас:О және Ө дыбыстары қандай дыбыстар? Дауысты дыбыстар қандай үйшікте тұрады?
3 – тас: Балалар О дыбысы қалай естіледі?
Ө дыбысы қалай естіледі?
Сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер, енді өзеннен тастардың көмегімен өтеміз дейді.Тастарды қойып, өзеннен өтеді.
Балалар шаршаған шығарсыңдар, қане бәріміз бой сергітіп саусақ жатығуын орындап, билейік. Бейне таспа көрсетеді.
Енді балалар бой сергіттік, ешкінің төлін іздейік. Алдарынан Қара дәу шығады. Ол көңіл күйі жоқ, отыр екен.
Балалар бұл кім деп ойлайсыңдар?
Қара дәу – ертегі кейіпкерлерінің бірі.
Қара дәудің қолында хат бар екен. Хатта не жазылғаны туралы білгілерің келеді ма?
Хатта:Балалар менің тісім ауырып отыр,сондықтан сөйлей алмаймын.
Маған көмектесіңдерші? Мүмкін сендер менің қоржынымдағы заттардың атын айтып, оларға дыбыстық талдау жасап,түсіндіріңдер, мен сендерді тыңдаған соң тісімнің ауырғанын ұмытып кететін шығармын дейді.
Сол сөздерді буынға бөліп сөйлемдер құрастыруды сұрайды.
Қоржындағы барлық заттарды алып болған соң,қоржынның ең түбінде ешкінің төлі лақтың «мә- мә» деген дыбыс естіледі.Осылайша лақты табады.
Қара дәу тісінің ауырғанын ұмытып, балаларға алғысын айтады. Ешкінің төлін қайтарып береді.
Қостілдік компонент: лақ – козленок
Балалар атаға ешкінің төлін өзіне тапсырайық.
Балалардың жауабы
Көмектесеміз дейді.
Балалар мұқият тыңдайды.
О және Ө дыбыстарын өттік
Тастардың көмегімен дейді.
О дыбысы
Ө дыбысы
Дауысты дыбыстар.
Дауысты дыбыстар қызыл үйшікте тұрады.
Одыбысы жуан естіледі.
Ө дыбысы жіңішке естіледі.
Тастарды қойып, өзеннен өтеді.
Сергіту сәтін жасайды.
Білмейміз.

Білгіміз келеді.

Ия, орындаймыз.

Жарайды көмектесеміз деді балалар.
Заттардың атын атап о және ө дыбысын анықтап,буынға бөліп, сөйлемдер құрастырады.
лақ – козленок сөзін қайталайды
Балалар ешкінің төлін атаға береді.
Рефлексивтік – түзеушілік
Ата: рахмет сендерге деп балаларға қол моторикасын дамытуға арналған суреттерді береді.
Балаларға өз алғысын білдіреді. Балалар өз ризашылықтарын білдіреді.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:
1. Тіл жаттығуларын біледі;
2. Тыныс алу жаттығуларын жасай біледі;
3. О және ө дыбыстарының дыбысталуын дұрыс айта біледі;

Қандай түсініктерді игерді:
1.О және Ө дыбыстары кездесетін сөздерге мысалдар келтіруді;
2. О және Ө дыбыстары бар сөздерді қатыстырып ,толық дыбыстық талдау жасауды;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:
1. Жуан және жіңішке дыбыстарды ажырата білуді;
2. Ертегі кейіпкерлерінің сұрақтарына жауап беру арқылы, сөйлемдер құрастыруды;
Категория: Дошколенок | Добавил: aselbala
Просмотров: 740 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 5:26 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru