Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз
2014-02-05, 10:06 PM
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз
(Балалар әдемі музыкамен залға кіріп орындарына отырады)
Жүргізуші: құрметті ата-аналар, бүгінгі мерекеге шақырылған қонақтар! Хош келіпсіздер! Бүгін ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын!
Наурызбен ұласып көктем жеткен,
Үлкен-кіші көңілін көкке өрлеткен!
Жан-жануар, табиғатты түрлетіп
Ескі жылмен реніш, өкпең кеткен! –дегендей.
Жаңа жыл тек жақсылық ала келсін, төрт түлігіміз төлдесін, ақ мол болсын, егін өсіп, ел тоқ болсын!

Жүргізуші:Балалар осы мерекеге бізге қонақ келе жатқан сияқты, қане қонақты қарсы алайық.(Осы кезде залға Көктем аруы кіріп келеді)
Көктем аруы: Сәлеметсіздерме барша жиналған қауым! Наурыз мейрамы құтты болсын ! Жаңа жыл бізді жарылқасын!
Жайнатамын бар гүлді,
Сайратамын бұлбұлды.
Төгілтіп ән-күй жырды,
Мейрамдайық бұл күнді.
Тіршіліктің бастауы
Көктем аруы – мен болам!
Жүргізуші: Ал балалар, жарыса билеп, ән салып, ойын ойнап, тақпақ айтып, өнерді ортаға салайық.
Наурыз тойы-береке
Наурыз тойы-жыр аңыз
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.
Адай Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән салайық бәріміз
Би билейік бәріміз.
Гүлназ Асатаяқ ,даулпаз сыбызғыдан
Төгілген күй толқиды домбырадан
Жырлайды қазағымның сырын шертіп
Назды әуен,сиқырлы күй,сырлы сазан.
Жазира Көктем,көктем,көктемде
Құстар келіп жеткенде
Қуанып біз қаламыз
Асия Әңімен қарсы аламыз
Салтымызды жанғыртып
Наурыз тойды тойлаймыз.
Жүргізуші: Осындай тойда қазақ халқы жиналып айтыс та өткізген
Лейла Айтыс деген халқымызда өнер болған
Әзіл шынды астарлаған өнер жағы
Бәр өнерді жаңгіртар келер ұрпақ
Биік болсын көрінер асқар тауы.
Айша Хош келдің,Наурызым,ардақты
Халқым саған бар үмітім арнапты
Жылда осылай келе берсін жанарып
Лүлге бөлеп,нұрға бөлепаймақты.
Жүргізуші:Балалар біз білеміз Наурыз мейрамы күн мен түннің теңелген күні, Самарқан тасының жібіген күні деп те жатады халқымыз.Ал, балалар бүгінгі мерекені одан әрі жалғастыра отырып, кезекті тамаша әнге берсек қайтеді.

Ән: «Көктем»

Жүргізуші: Қадірменді Көктем аруы біздің балалар сіз жайлы әдемі ән орындап берді. Мүмкін сіздің де біздің балаларға әкелген әдемі сыйыңыз бар шығар, дегенімен бүгінгі күн ерекше Ұлыстың Ұлы күні !
Көктем аруы:Балалар бүгінгі ұлы тойды тамаша бір ойынмен мерекемізді бастайық!

Ойын: «Орамал алу»
Көктем аруы:Ортаға біздің кішкентай көрермендерді шақырып ойынды қайталайық.
Жүргізуші : Әрине, қандай той ойын күлкісіз болады Көктем аруы ойыныңыз тамаша екен біраз сергіп демалып қалдық.
Көктем аруы: Рахмет сендерге балалар!

Жүргізуші: Тоты құстай құлпырып,
Билеп, билеп берейін.
Тал шыбықтай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Билеп, билеп берейін – деген кішкентай қыздарымызды ортаға шақырамыз!
БИ: «Домбыра БИІ»

Көктем аруы:Ей, балалар, балалар,
Енді маған қараңдар.
Нарызды тойлайық,
Қызық ойын ойнайық.

Ойын: «Қыз қуу»- деп аталады ортаға Бір ұл, бір қыз баланы шақырамын.
Жүргізуші:
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз,
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүрмен салтымыз – деп, бүгіні тойға Қыдыр ата мен әжелеріміз де келіп қалды, қарсы алыңыздар!(ата мен әже кіреді)
Қыдыр ата: Армысыздар,балалар
Армысыздар,халайық
Шегі жоқ бүл даңқымыз
Бақыты үшін халқымыз
Ақ пейілмен дос болам
Жамандарды қостанам
Құтты болсын Жаңа жыл
Құтты болсын Наурызым
Сәлем берем бәріне!
Әже: Сәлеметсіңдер ме балалар. Ұлыс оң болсын! Ақ мол босын ,
Төрт түлік түгел болсын! Аспанымыз ашық, жаңа жыл құтты болсын!
(шашу шашады, төрге барып жайғасады.)
Жүргізуші:Қыдыр ата, Әже Наурыз оң болсын төрлетіңіз! Жер әлемді жайнатып, Наурыз тойы біздерді шақырады әрдайым татулыққа, достыққа деп, Наурыз мерекесіне дайындап келген тақпағымызды атамызға, әжемізге айтып берейік.
Диас: Тақпақ айтам,атасы
Құлақ салып тыңдашы
Бар балаға өзіндей
Тыныш өмір сыйлашы
Елдияр: Келіндер,Наурыз тойын қарсы алайық
Билейік,жыр жырлайық,әң салайық
Каһарлы қыстан өтіп Наурыз келіп
Арқанды кеңге салшы,уа, халайық!
Ойын : «Арқан тартыс» (Атамен әже қатысады)
Ата: бүл ойыннан кейін шамалы жасарып кеткен сияқтымыз.
Әже: Дүрыс айтасың (екеуі күледі)
Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып еркіндікке жол салған бабаларымызды еске алмасақ болмас.
Саида: Төле би айтқан екен:
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді
Өзің білмесен,білгендерден үйрен
Үйренгеннен ештенен кетпейді.
Аружан: Қаз дауысты Қазыбек би айтқан екен:
Арадан шыққан жау қиын
Таусылмайтын дау қиын
Шанышқылаған сөз қиын
Дәл осындай жағдайда
Пана болмас өз үйін
Іске аспаған іс қиын
Не істерінді біле алмай
Ашиды сонда бас миың.
Мадияр: Айтеке би айтқан екен:
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды
Ашу деген ағын су
Алдын ашсаң арқырар
Ақыл деген дария
Алдың тоссаң тоқырар
Кісі бір- бірімен туыспау керек
Туысқан соң сөз қуыспау керек
Сөз қуған пәлеге жолығар
Жол қуған олжаға жолығар.
Жүргізуші: «Домбырасыз сән қайда
Домбырасыз ән қайда»,-деп біздің қазақ халқы бір тойды да өткізбеген.
Ән: «Домбыра сазы»
Жүргізуші:Қазақтың салт-дәстүрлерін біліп,есте сақтап,кезекті тағы тақпақтарға берейік:
Дарина: Қарды ертіп жылғасы
Наурыз келді жыл басы
Шуақ төқті жарық күн
Мейрамына халықтың
Мадина: Бата беріп атамыз
Бата беріп апамыз
Тәтті болып жасалған
Наурыз көжеден дәм татамыз
Ата: Жас кезімізде біз таннан кешке декті атқа мініп ; «Менім тұлпарым»-деп әңді қалай айтатын едік!
Жүргізуші: Енді «Тұлпарым» деген әңді тындайық.
Көктем аруы:Кезекті тағы біздің кішкентай көрермендерге берейік:
Ойын: «Гүл құрастыру»
Малика: Құт баурсақ шашылып
Наурыз тойы ашылсын
Бір-бірімен мынау жұрт
Көрімдігін асырсын
Айткүл: Өнім еккен дәніміз
Бүршіқ жарған базымыз
Төлдеп жатыр малымыз
Қазан толы ақ уыз.
Жүргізуші:Жасай берсін жаңа күн!
Туа берсін жаңа күн.
Дүр сілкінсің дала бір.
Құтты болсын Жаңа жыл! – деп құрметті жиналған қауым қазақтың қай тойы «Қара жорға » биісіз өтеді? Келесі кезеті біз «Қара жорға биіне » береміз
Би: «Қара жорға» (Ата-әже,көктем аруы қосылып)
Қыдыр ата: Ал, балалар қолдарыңды жайыңдар бүгінгі ұлыс күнінде батамды менің алыңдар!
Бата: Сұрасаң бата берейін,
Үстем болын мерейің!
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Құт әкелсін жеріме,
Ұлыс күні бүгінде
Бақ – дәулет қонсын еліме.
Балалар ақылды болып,
Елін – жерін қолдасын
Әумин!
Әже: Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлайық
Дастарқанға елімнің
Береке-ырыс сыйлайық!

Жүргізуші:
Ұлыс қазан толса ,
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы ісіден бата алса,
Сонда олжалы жыл болар – деп балалар әжелеріңнің пісірген наурыз көжесінен ауыз тиіңдер. Наурыз құтты болсын, қош сау болыңыздар!
Категория: Дошколенок | Добавил: bibigul_ispaeva
Просмотров: 1507 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 2.0/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 7:10 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru