Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Ақ дастарқан
2014-04-27, 8:25 PM
Тәрбие сағатының тақырыбы: Ақ дастарқан.
Мақсаты: Ұлттық тағамдар туралы түсінік беру. Ұлттық ыдыстармен таныстырып, тыйым сөздер мен мақал-мәтелдердің мағынасы түсіндіреді. «Қайдан келдің бауырсақ?» ертегісін қойып, тілдерін дамыту. Мейірімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұлттық ыдыс-аяқтар (тостаған, ожау, кеселер, самауыр, саба, ұлттық тағамдар, ертегіге керек заттар)
Барысы: Сынып безендірулі.
«Дастархан» әні орындалып тұрады.
Төрге қойылған орындықтарға балалар отырады.
- Балалар, орнымыздан тұрып сәлемдесейік.
- Сәлеметсіздер ме?
- Балалар, біз қандай мемлекетте тұрамыз?
- Қазақстан.
- Елбасымыз кім?
- Назарбаев Н.Ә.
- Қандай қалада тұрамыз?
- Булаево қаласы.
- Біз қай ұлтпыз?
- Қазақпыз.
- Қазақ өте қонақжай халық. Бар дәмді тамағын қонаққа салған. Бізде бүгін ерекше сабақ. Біздің сабаққа қонақтар келіп отыр. Бүгін ұлттық тағамдармен, ыдыстармен танысамыз.

Орнымыздан тұрып көңілімізді көтерейік.
Бір-бірлеріңе қарап күлімдейік.
Дөңгелене тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Қазақ үйді құрамыз.

- Балалар, тақтада не көріп тұсыңдар?
- Киіз үй.
- Киіз үйде не жайылып тұр?
- Дастарқан.
- Балалар дастарқанды неге ақ деп айтамыз?
- Себебі дастарқан таза болу керек.
- Дастарқанға алдымен қайылады?
- Нан
- Нан туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
 Ас атасы –нан.
 Нан бар жерде ән бар.
 Нан-тіршілік көзі.
1. Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан өмірдің ана сүті арқауы
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

2. Бір кезде болып нанға зар,
Қадірін білген адамдар.
Әулие тұтып нанды ұстап,
«Нан ұрсын» деп қарғанар
Нан ардақты адал ас
Кәрі – жас одан аттамас.

4. Нандай жоқ қой асыл дәм
Жеп үйренген жасыңнан
Дастарқаннан нан кетсе
Береке кетер асыңнан

Ей, балалар, балалар
Болмаңдар сірә нанға зар
Өмірдің алтын арқауы
Бар қасиет нанда бар.

Нанды баспа, қорлама,
Аяғыңа оң қара.
Жерде жатса көтеріп,
Сал кебеже дорбаңа.

Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастаңдар.

«Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар»

1. Нанды бір қолмен үзуге болмайды.
2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады.
3.Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің
4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.
5.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды
6.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды
7.Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.
8.Ертеңгі асты тастама
Кешкі асқа қарама.
9.Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламағандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.
10.Дастарханнан аттауға болмайды.
11.Өле жегенше,
Ағайынмен бөле же.
- Дастақанға отырарда не істейміз?
- Қол жуамыз,
- Ендеше балар, тазалық туралы жұмбақ жасырамын.

Дымқылдап күнде сен,
Қолыңа сүйкейсің.
Кетіріпкір ласын,
Тап-таза боласың. (сабын)
Иілсең иіліп,
Түйінсең түйініп.
Қарайды кісіге,
Ұқыпты ісіне,
Бұл не?

Енді балар, мына үстелде ұлттық тағамдар тұр. Сендер бір тағамнан алып, түсіндіріп, дастарқанға қойып, жайғасыңдар. Ең бірінші дастарқанға не қойылады?
Ұлттық тағамдар қойылады, түсіндіріледі.

1 Нан
2 Сары май
3 Бүйрек
4 Айран
5 Құрт
6 Ірімшік
7 Қоспа
8 Қаймақ
9 Құймақ
10 Қазақша палау
11 Печение
12 Блины
13 Конфеты
14 Алма
15 Мандарины
16 Бананы

Ойын: «Ыдыстарды тап»
Ойын шарты: Заттардың арасынан ыдыстарды табу.
Енді балалар, сендерге ата-аналар ұлттық ыдыстармен келіпті. Мұқият тыңдайық.

Астау
Ожау
Аяң
Тостаған
Торсық
Саба (піспе шелек)


Осы кезде есікті біреу қағып, топқа бауырсақ көтерген ана кіреді.
- Балалар, мен сендердің өнерлі балалар екндеріңді естіп бауырсақ пісіріп әкелдім.
- Рахмет сізге, біздің балалар бауырсақты жай жей салмайды.
Балалар біз қандай мақал мәтел білеміз?
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, біз сізге «Бауырсақ» ертегісін қойып береміз.
Ертегі қойылады.
Ән: Дастарқан
Енді Асылбайдың ақ батасын алып ақ дастарқанға жайғасайық. Балалар қолдарыңды жайыңдар.
Асылбай:
Асың, асың, асыңа,
Бақыт қонсын басыңа.
Денсаулығың зор болсын,
Дастақаның мол болсын.
Қайда барсаң алдыңда
Жарқыраған жол болсын.
Әумин!
Категория: Дошколенок | Добавил: Жулдуз
Просмотров: 1843 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 4:16 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru