Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Ертеңгілік сценарийі
2014-04-30, 1:31 PM
«Балалық шақта балдәурен» атты ертеңгіліктің сценариі
«Сәулетай» ІІ кіші тобы 2014 ж.

Ән-күй бөлмесi ертеңгiлiкке сай әдемi безендiрiлген. Ақырын музыка ойнайды.
Жүргізуші:
Күннің өзі көк жүзінен нұр алар,
Армысыздар аталар мен аналар.
Білім туын әркез биік ұстаңдар,
Армысыздар тәрбиеші ұстаздар.
Күлімдеді көкте күн,
Нұрға бөлеп аспанды.
Бақшамызда көптен күткен,
Ертеңгілік басталды.
Шақырайық ортамызға
Балғын бөбек достарды.
Келе жатыр бақшамыздың түлектері!
Ал халайық қарсы алайық құрметпенен,
Олар біздің келешектің тіректері.
Мектепке баратын балалар залға «Вальс» ырғағымен кіреді. Жүргізуші балалармен слайдтар арқылы таныстырады.

Жүргізуші: Жақсылық сыйлап баршаға,
Түлектер келді ортаға.
Тербеліп бір билесін,
Көрейік біздер тамсана.

Түлектер «Вальс» биiн орындайды. Би бiткен соң , қалған балалар залға билеп кіреді.

Жүргізуші: Тәтті шағым,
Сәтті шағым,
Арай таным – балалық.
Гүлдей өріл, ән боп төгіл,
Ғажап өмір балалық. (Т. Қажыбаев)
1-бала: Балабақша бесiгiм
Тағы бiр той жасайық.
Ашып мектеп есiгiн
Өзiңмен қоштасайық.
2-бала: Талай қызық той өткiздiк,
Бiрақ орны бөлекше.
Бақшамызбен қоштасатын
Бүгiнгi той ерекше.
1

3-бала: Бес жасқа біз толамыз,
Әдептi бала боламыз.
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетiп барамыз.
4-бала: Балалық шақта балдәурен,
Ән салайық бірге, балақан.
Қосылып билеп біздермен,
Соғылсын тез алақан.
5-бала: Бала, бала, балақай,
Айтқан сөзің данадай.
Бала, бала, балақай,
Ән салайық жалықпай.
Және орыс, ағылшын тілінде тақпақтар.
Ән «Қанша бала, қанша қыз» хормен орындалады. Балалар орындарына отырады.

Жүргізуші: Аспан тұрса күлімдеп,
Айын биік орнатып.
Ақса бұлақ гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт.
Залға билеп Бұлақ пен Аспан кіреді.
Аспан: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Аспанмын.
Балалар: Сәлеметсіз бе, Аспан!
Бұлақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Бұлақпын.
Балалар: Сәлеметсіз бе, Бұлақ!
Жүргізуші: Төрлетіңіздер тойымызға Аспан, Бұлақ.
Аспан: Балаларда мереке болған сон, мен бүгін ашықпын.
Бұлақ: Мереке болған сон, мен жан-жаққа төгіліп жерді суға толтырамын, гүлдер өссін деп.
Жүргізуші: Рахмет сендерге. Сіздердің көмегімен біздің балалар шынығып, ойнап-күліп, деңдері сау болып жүреді. Және де достармен бірге әрқашан да ән салып, билеп жүреді.

Ән «Достарым» (Б. Бейсенова) – Айлуна соло-вокал, және спорттық композициясы.
Жүргізуші: Айлуна мен спортшы-достарына ду қол шапалақ!
Аспан: Қандай керемет! Балалар сондай спортшыл, деңдері сау, дамыған!
Бұлақ: Олай болса, балалармен бір спорттық ойын өткізсек, қайтеді?
Жүргізуші: Бұл қандай ойын, Аспан?
Аспан: Бұл эстфеталық ойын «Кім жылдам?» Екі топ бала, допты алып, кедергілерден осылай өтіп, келесі балаға добын береді. Бір топ бала менің командамда, екінші топ бала – Бұлақтың командасы. Кім жылдам екенін көрейік. 2

Эстафеталық ойын «Кім жылдам?»
Бұлақ: Жарайсыңдар, балалар!
Аспан: Ойында достық женді. Барлық балалар жылдам екен.
Бұлақ: Биле, биле, жан досым,
Көңілдерге күй толсын.
Қонған бақыт басымыздан тайма,
Сендерге ашық жол болсын!
«Ча-ча-ча» биі орындалады.

Жүргізуші: Қандай тамаша би! Рахмет сендерге, Бұлақ пен Аспан.
Аспан: Сендерге рахмет, балалар, өнерлі екенсіңдер.
Бұлақ: Көріскендерімізге өте құаныштымыз, - деп, екеуі билеп кетеді.
Жүргізуші: Бала көңіл балғын шақ,
Көк жиекке жолды ашар.
Күн көзіндей жарқырар,
Еркін елдік болашақ.
Ортаға тақпақ айтатын бала шығады:
Ұл-бала: Ұланы сенсің даламның,
Сенімі – ата-анамның.
Құшағын жайған жерімнің,
Мен ата-анамды тыңдаймын.
Ән «Ата-ананы тыңдаймыз» - хормен орындалады.

Жүргізуші: Бала тілі – бал. Расында да, құрметті ата-аналар. Сіздердің назарларыңызға бейне-роликті ұсынамыз. Мұқият тыңдап, сіздердің балаларыңыз не туралы әнгімелеп тұр екенін дәләлдеп беріңіздер.
Видео-ойын «Бала тілі - бал» - ата-аналармен өткізіледі.

Жүргізуші: Келесі ойын – түлектерімізге арналады. Бұл – «Математикалық жұмбақтар», - деп, ортаға мектепке баратын балаларды шақырады. - Экранға назар аударыңыздар, балалар.
«Математикалық жұмбақтар» атты ойын – балалар экранға қарап математикалық сұрақтарға дұрыс жауап беру керек.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар. Мектепке дайынсыңдар екені белгіленді.
Көңілді музыка естіледі. Залға Көбелек пен Ара «ұшып» кіреді.
Екеу бірге: Сәлеметсіңдер ме, балалар? (балалар амандасады)
Ара: Сендерде үлкен той болатынын естіп, асығып ұшып келдік.
Жүргізуші: Келгендерін жақсы болды. Ара, Көбелек, тойымызға төрлетіңдер.
Көбелек: Біз сендерге бос қолымен келген жоқпыз. Қараңдаршы, қандай үлкен гүлдерімді әкелдім, - деп, гүлдерін жерге қояды. 3

Ара: Қандай әдемі гүлдер! Иә, балалар? Қайда менің достарым – аралар? Келіңдер, гүлдердің шырыңдарын жинайық, - деп, араларды гүлдердің артына тұрғызады.
Көбелек: Қайда менің құрбыларым – көбелектерім? Келіңдер, гүлдерге қонып ұшайық, - деп, көбелектерді гүлдерге отырғызады.

Ән «Гүлкөбелек» - кейіпкерлер балалармен бірге орындайды.
Ән біткен сон, Жүргізуші бишілерді ортада қалдырып, қалған балаларды орындықтарға отырғызады.

«Аралар мен көбелектер» - биі орындалады (кейіпкерлермен бірге)
Жүргізуші: Рахмет сендерге көбелектер, рахмет сендерге аралар. Билерің өте тамаша!
Ара: Осы гүлдерден жинаған шырындарын біз үйімізге апарамыз.
Көбелек: Дәмді бал жасаймыз. Рахмет сендерге, достар.

Жүргізуші: Құрметті түлектеріміз, кішкентай бөбектердің сендерге арналған тіліктерін қабыл алыңыздар.
Ортаға 3 бала шығады:
1-бала: Біз кішкентай бөбектер,
Айтамыз ақ тілектер.
2-бала: «4» пен «5» оқыңдар,
Бақшамызды ұмытпаңдар.
3-бала: Біз де ертең өсеміз,
Мектепке де барамыз!
Жүргізуші: Рахмет сендерге, балақайлар.
Жүргізуші: Бір өзіңсің жарық күн мен ай маған,
Сенің жаным бал тіліңнен айналам.
Бақшадағы тойымыздың бар мәні,
Сенің ғана көркіңменен жайнаған.
Деп, сөз кезегін бақшамыздың түлектерімізге береміз.
1-бала: Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
2-бала: Қолыма гүл аламын
Дайын дәптер, қаламын.
Қуанышпен шаттана,
Мен мектепке барамын.
Жүргізуші: Есте болсын ұстаздардан ұққаның,
Балабақша болда сенің құт, бағың.
Тәй-тәй басып тарыдай болып келіп ең,
Қуантады таудай болып шыққаның! 4

Балалар балабақшаның ұстаздарына, қызметкерлеріне арналған тақпақтарын айтып, гулдерді ұсынады:
1-бала: Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшамызбен қоштасып,
Біз мектепке барамыз.
2-бала: Қолыма гүл аламын
Дайын дәптер, қаламын.
Қуанышпен шаттана,
Мен мектепке барамын.
3-бала: Орын берген бақшадан,
Меңгеруші жақсы адам.
Сондықтан да біз үшін
Артық өзі басқадан.
4-бала: Витамин жеп қолынан,
Өскен сәби баламыз.
Дәрігер апай, сізге де,
Алғыс айтып барамыз.
5-бала: Тәрбиеші мен күтуші,
Анамызда біздерге.
Тек жақсылық тілейміз
Рахмет айтып сіздерге.
6-бала: Тамылжыта ән салдырып үйреткен,
Мың бұралта белімізді билеткен,
Сазгер апай, биші апайғ сіздерге алғыс айтамыз,
Мың қайтара сәби бала жүрекпен.
7-бала: Жақсысыңдар бәрің де,
Қайсысын айтып бітейін.
Қабыл алшы гүлімді,
Сендерге сыйлап кетейін, - деп, балалар гүлдерін балабақша
қызметкерлеріне сыйлайды.
Ән «Біз мектепке барамыз» - түлектердің орындауында.

Көбелек пен Ара залға үлкен торт әкеледі. Балалар қуанып, қол шапалақтайды.
Жүргізуші: Рахмет сендерге Ара, Көбелек. Осы әдемі торттың дәмін біз топта татамыз.
Жүргізуші: Көз жетіп көңіл тоймас бұл өмірде,
Жақсы жан жанған бір от, әр көңілде.
Меңгеруші Бақыт Абылқасымовна,
Айтпақшы ізгі тілек той төрінде.
Деп, осы киелі шаңырақты биік және берік ұстап келе жатқан балабақша меңгерушісі Бақыт Абылқасымовнаға сөз береміз. 4
Балаларға Дипломдарды, сыйлықтарды таратуға Көбелек пен Ара көмектеседі.
Ата-аналарға сөз берiледi.

Жүргізуші: Құрметтi қонақтар, осымен «Балалық шақта балдәурен» атты ертеңгiлiгiмiз аяқталды. Мерекемiздi топта жалғастырамыз.
Музыка ырғағымен балалар залдан шығады.
Категория: Дошколенок | Добавил: Kusycat
Просмотров: 2329 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 9:56 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru