Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

«Балалық шақ. Бақыт. Үй» отбасылық мерекелік ойын-сауық.
2014-10-05, 12:44 PM
«Балалық шақ. Бақыт. Үй»
отбасылық мерекелік ойын-сауық.
Мақсаты: Ата-аналарды сайысқа қатыстыра отырып:
1. Отбасындағы адамдардың алатын орны туралы түсінік беру.
2. Балабақша мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту.
3. Балалардың ата-анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сыйластыққа, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Музыка жазылған үнтаспа, қағаз - қаламдар, шарлар, слайд.
Әдіс-тәсіл: Тренинг жаттығулары, пікір алысу, сайыс, топтық жұмыс ойын түрінде.
Құрылымы:
1. Жылулық шеңбері.
2. Таныстыру-презентация.
3. Отбасылық өнер көрсету.
4. «Менің тату отбасым» тақырыбына сурет салу.
5. Балаларға арналған «Кім жоқ?» дидактикалық ойыны.
6. Мақал-мәтелдер сайысы.
7. Сөзжұмбақ құрау.
8. Әкелерге арналған тапсырмалар.
9. Үй тапсырмасы.
10. Марапаттау.
11. Қоштасу рәсімі.
Барысы:
Армысыздар ата-аналар, ұстаздар! Армысыңдар болашақтың бастауы, балғын шақты балалар! Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бастарыңызға бақыт тілейміз! Қазақстанда қыркүйек айында Отбасы күні аталып өтілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі Отбасы күні болып бекітілді.

«Отан-отбасынан басталады» немесе «Басты көрнекілік-отбасы, ошақ қасы» дегендей болашақ ұрпақтың жақсы тәрбие алып, елін, жерін сүйетін азамат болып өсуіне отбасы тәрбиесінің маңызды екені сөзсіз. Бүгін біздің балабақшамызда «Аружан» орталығында «Балалық шақ. Бақыт. Үй» атты отбасылық ойын-сауық өткізгелі отырмыз. Бұл сайысқа ата-аналар, балалар қатысады.
Сайысты бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстырайын.

І. Шаттық шеңбері:
Құрметті ата - аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрайық.
-Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.

Құрметті ата-аналар орындарыңызға жайғасыңыздар. Енді мен осы үш отбасына сайысқа қатысу үшін мынандай отбасы атын бергім келеді.

1. «Ынтымақ» отбасы
2. «Береке» отбасы.
3. «Бірлік» отбасы.

ІІ. Жүргізуші: Келесі кезекті отбасылық таныстыруға береміз.
Таныстыру-презентация. (Өз отбастарын таныстыру).
Әділқазылар алқасының бағасын көрейік.
ІІІ. Жүргізуші: Келесі кезекті «Біз өнерлі отбасымыз» деп отбасы өнеріне береміз.
Отбасылық өнер көрсету. (Әр отбасы өлең, би, тақпақ сияқты өнер көрсетеді).
Әділқазылар алқасының бағасын көрейік.
ІҮ. Жүргізуші: Құрметті сайыскер отбасылар, енді шығармашылыққа кезек берейік. Мына ақ параққа «Менің тату отбасым» тақырыбына сурет салыңыздар және соңынан әңгімелеп беріңіздер.
(Баяу әуен ойнау керек) Әр отбасына ақ парақ пен бояу қарындаштар таратылады.
«Менің тату отбасым» тақырыбына сурет салу.

Әділқазылар алқасының бағасын көрейік.

Ү. Жүргізуші: Балалар, мен сендерге өлең жұмбақ айтып берейін.Сендер соның шешуін айтыңдар.

Кіріңді сенің жуатын
Үйді шаштың деп қуатын
Тамағыңды дайындап
Жақсы көріп тұратын. (Ана)

– Бәрекелді балалар, өлең жұмбақты шештіңдер. Сендер ақылды, білімді балалар болып өсіп келе жатырсыңдар. Өте жақсы. Шаршаған шығарсыңдар. Ойын ойнап бір сергіп алайық.
«Кім жоқ?» – дидактикалық ойыны.
Тақтада отбасы мүшелерінің суреті ілулі тұрады. Балалар кезекпен көздерін жұмады. Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды. Балалар көздерін ашып, мұқият қарап шығып, кімнің суреті жоқ екенін айтады.
Әділқазылар алқасының бағасын көрейік.

ҮІ. Мақал-мәтелдер сайысы.
(Отбасы, бірлік тақырыбына байланысты 5 мақал-мәтел айту).
Әділқазылар алқасының бағасын көрейік.
ҮІІ. Жүргізуші:
Қатыссаңдар көтерер көңіл-күйін,
Ойынның ойнайсыздар неше түрін.
Сөздерден көп жаңа сөз құрап шықса,
Мақсатқа жетеміз-ау бізде бүгін.

Шаңырақ, Береке, Бірлік сөздеріне сөзжұмбақ құрау
Әрбір сөзге жақсы сөздермен толтыру.

Әділқазылар алқасының бағасын көрейік.

ҮІІІ. Жүргізуші: Отбасының алтын діңгегі, асқар тау әкелерге тапсырма беріледі.

1. Жеті қазынаны атаңыз. (берен мылтық, құмай тазы, ақылды әйел, Ер жігіт, жүйірік ат , қыран бүркіт , ілім- білім)
2. Бес асыл істі атаңыз. (Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым)
3. Жігіттің үш жұртын атау. (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрт)

Әділқазылар алқасының бағасын көрейік.

ІХ. Үй тапсырмасы.
Ата-аналар табиғи материалдардан жасап әкелген қолөнерлерін көрсетіп таныстырады.
Әділқазылар алқасының бағасын көрейік.

Х. Марапаттау. Құрметті әділқазылар, бүгінгі сайысты қорытындыласақ. Ата-аналарға номинация бойынша мақтау қағазы беріледі.
ХІ. Қоштасу рәсімі.
Құрметті ата - аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Әрқашан балбақшамен тығыз байланыста болыңыздар. Ойын-сауықтарға, іс-шараларға ат салысып жүлдегер болыңыздар. Рақмет сіздерге! Сау болыңыздар!.
Категория: Дошколенок | Добавил: Мейрамгул
Просмотров: 1529 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 2:36 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru