Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

«Геометриялық пішіндерді қайталау»
2014-10-05, 1:22 PM
Білім беру салалары: «Таным»
Бөлімдері : «ҚМҰҚ» Тақырыбы: «Геометриялық пішіндерді қайталау» Мақсаты : Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін тексеру. Сипап сезу мен көру арқылы пішіндерді өз бетінше ажырата білуге үйрету. Заттардың кеңістіктегі орналасу орнын айта білуге дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін арттыру.
1. Білімділік: Балаларды геометриялық пішіндерді танып, айта білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Айналаны қоршаған ортада осы пішіндерге ұқсас заттар көп екеніне балалардың көңілін аудару, зейіндерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Балаларды пішіндердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырата білуге үйрету.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Пішіндердің суреттері, ұшақ, машина, доптың суреттері.
Сөздік жұмыс: үш бұрыш, шаршы, дөңгелек, сопақ.
Билингвалдік компоненті: Дөңгелек-круг, төртбұрыш-квадрат.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивация-лық – қозғаушы-
лық

Ш.ш: 06-04 «Б»№10
«Біз бақытты баламыз»

Ғажайып сәт.
Есік тарсылы естіледі.
Тәрбиеші: Балалар сендер не естіп тұрсыңдар?
Топқа қоян келеді. Қолында дорба бар.
Тәрбиеші балалардың назарын үстел үстіндегі сиқырлы дорбаға аударып:
«Балалар дыбыс осы дорбадан шығып жатқан сияқты, сиқырлы дорбада не бар екенін білгілерің келе ме?» - деп сұрайды.
Ендеше қазір бізге қоян сиқырлы дорбаны ашып көрсетсін.
Біз бақытты баламыз, Ақпыз, сары, қарамыз. Тату-тәтті достармыз, Қыл өтпестей арамыз.
Балалар таңырқай қарайды.
Есік тарсылын естіп тұрғандарын айтады.
Балалар қоянды қуана қарсы алады. Дорбада не бар екен деп таңырқайды.

-Иә, білгіміз келеді.
Ұйымдас-
тыру-
іздестіру

Қоян дорбадан түрлі ойыншықтар алып шығады.
-Балалар, қараңдаршы, мына үйдің шатыры қандай пішінге ұқсайды?
-Машинаның дөңгелегі қандай пішінге ұқсайды?
-Үйдің терезесі қандай пішінге ұқсайды?
Ойын: «Күн мен жаңбыр»
Бұл ойында барлығымыз неге айналамыз?
Ендеше құстарым мұқият тыңдаңдар, Мен қазір, «Күн шықты!» - деген кезімде сендер не істеулерің керек?
- Жаңбыр жауды деген кезде не істейсіңдер?
- Жарайсыңдар.
- Үйдің шатыры неге ұқсайды екен?

Көк аспанға қараймын

Кеткен құсты санаймын
Үшбұрыш боп тырналар

Жылы жаққа оралар!

Сергіту сәті: 06-04 «Ә»№2 «Орнымыздан тұрайық»

1.Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек,
Менің атым- (дөңгелек)
2. Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме,
Бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)
3.Теледидар таныс екен баршаға,
Ал, пішіні ұқсайды ғой (шаршыға).

Геометриялық пішіндерден үйшік құрастыру.

-Үйдің шатыры үшбұрышқа ұқсайды.
-Машинаның дөңгелегі дөңгелек пішінге ұқсайды.
-Үйдің терезесі шаршыға ұқсайды.
- Құстарға айналамыз.

- Сыртқа ойнауға, серуенге шығу керек.
- Жаурамас үшін үйге кіреміз.

- Үйдің шатыры үш бұрышқа ұқсайды.
(қолды көлегейлеп аспанға қарау)
(саусақпен санау)
(үшбұрыш етіп төбесіне қолын ұстау)
(қанаттарын қағып, айналып ұшу)

Орнымыздан тұрайық,
Қолмен шеңбер құрайық.
Үш бұрыш та жасайық,
Иілеміз оңға,иілеміз солға.
Бір отырып,бір тұрып,
Бойымызды жазайық.

Балалар пішіндерден үйшік құрастырады.
Рефлексивті - түзетушілік
-Балалар бізге қонаққа кім келді?
-Ойыншықтар неге ұқсайды?

Белсенді қатысқан балаларды мақтайды.-Қоянмен қоштасайық. -Бізге қонаққа қоян келді.
-Ойыншықтардың бөліктері пішіндерге ұқсайды.
-Қоян сау бол
Күтілетін нәтиже Нені білу керек: Айналадағы заттардың пішінін;
Нені игереді: Геометриялық пішіндерді дұрыс атауды;
Нені біледі: Пішіндерден үйшік құрауды.
Толтырған: Нуржанова М.Ж.
Категория: Дошколенок | Добавил: Мейрамгул
Просмотров: 1590 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-17, 2:30 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru