Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

«Адам-тіршілік иесі»
2014-10-05, 2:06 PM
Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта»
Бөлімдері: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы: «Адам-тіршілік иесі»
Мақсаты: Өзін адам әлемінің өкілі ретіндегі алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
Білімділік: Адамдардың бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне (басы, шашы, қолы мен аяқтары, көздері) қарап ажырата білуге үйрету. Адамдардың ішкі құрылыстары жайлы , сезімдері туралытүсінік беру
Дамытушылық: Тілдерін дамыту . Логикалық ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: Балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Көрнекілік: Адамның дене мүшелерінің, ішкі ағзаларының суреті, плакаттар.
Қажетті құралдар: Магнитті тақта.
Сөздік жұмыс: Көз, тіл.
Билингвалды компоненті: Ағза-организм, адам-человек.
Әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
-қозғаушылық Шаттық шеңбері.
06-04-«Б»№3

Ғажайып сәт:
Топқа Дымбілмес келеді.
-Мен сендермен дос болып, бірге сурет көргім келеді.
«Қайырлы таң!»
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға.
Ертемен, ақ пейілмен,
«Қайырлы таң!» деймін мен.

Балалар Дымбілместі қуана қарсы алады.
Ұйымдастыру-іздестіру -Балалар адамдар –тіршілік иесі. Адам табиғатпен тығыз байланысты. Біздің ішкі ағзамызда қандай мүшелер бар екенін біліп, үйренейік.
Бізде өкпе бар.
Өкпемен дем аламыз.
Қане, дем алайық.
-Енді жүрегіміз қай тұста орналасқанын байқайық.
Жүрек соғу арқылы денемізге қан жібереді.
-Адамда ішек-қарын болады.Ішкен тамағымыз қарынға түседі.Тамақ ішпесек әлсіреп кетеміз.

-Ауырмау үшін тағы не істеу керек?
Адамдардың дем алатыны, қозғалатыны, тамақтанатыны, өсетіні, әңгімелесетіні туралы түсінік беру.
Адамдардың бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылығын сыртқы белгілеріне қарап ажырата білуге үйрету: басы, қолы мен аяқтары, тері және шаш қабаты, көздері мен шаштарының әр түрлілігі.
Өзінің дене бөліктері мен мүшелерінің кейбір қызметтерін түсінуге үйрету: көз, құлақ, ауыз, тіс, тіл, қол, аяқ.

Сергіту сәті:
06-04-«Ә»№42

Суреттер көрсету, әңгімелету.
Мақал-мәтел жаттайық.
«Адамның жүрген жері-гүлстан»
(мағынасын түсіндіру).

Балалар орындарында отырып тереңірек дем алып , шығарады.
Кеуде тұстың қимылын бақылайды.

Балалар қолдарын сол жақ кеуделеріне қойып, жүрек қағысын бақылайды.

-Иә, біз тамақ ішпесек қарнымыз ашады, ауырып қаламыз.
Жақсы тамақтансақ ауырмай, мықты болып өсеміз.
Жылы киіну керек, жаттығулар жасау керек.

Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы, қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына ,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.

Балалар мақалды қайталап жаттайды.
Рефлексивті
түзетушілік -Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
-Біз не жайында әңгімелеп , үйрендік.

-Жүрегіміз қай жақ тұста екен?

-Қолымызды кеудемізге қойып бақылайық.

-Денсаулықты сақтау үшін не істеу керек?
- Дымбілмеспен қоштасайық. -Бүгін Дымбілмес келді.
-Адам-тіршілік иесі екенін әңгімеледік.
-Өз денелерінен жүрек, өкпе, қарынның орналасқан жерлерін сыртынан қолмен байқайды.
-Деніміз сау болу үшін дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдану керек.
-Сау бол Дымбілмес.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Балалар «адамның –тіршілік иесі»екенін;
Нені игереді: Адамның табиғатпен тығыз байланысты екенін;
Нені біледі : Балалар ішкі ағзалардың қай тұста орналасқанын біледі.
Толтырған: Нуржанова М.Ж.
Категория: Дошколенок | Добавил: Мейрамгул
Просмотров: 2664 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 4.7/3
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 11:35 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru