Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

8 саны және цифры
2014-12-10, 6:25 PM
Базарбаева Шынар Ибадуллаевна
Алматы облысы
Қарасай ауданы
"Сандуғаш" балабақшасы

Ересектер тобы
«Ғылым» орталығы жеке, «Әдебиет», «Желілі-рольді ойындар» орталықтары біріктірілген,
«Таным», «Құрылыс» «Математика», орталықтары біріктірілген, «Өнер», «Құм және су» орталықтары ұйымдастырылған.
Білім беру салалары: «Таным», «Шығармашылық», «Қатынас», «Денсаулық», «Әлеуметтік орта».
Бөлімдері: математика, құрастыру, мүсіндеу, көркем әдебиет.
Cабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры
Сабақтың мақсаты: Балалардың 7 ге дейінгі сандарды тура және кері санай білулерін, 7 санының цифрлық таңбасын ажырата білулерін бекіту, 8 саының қалай пайда болатындығын түсіндіре отырып, 8 ге дейінгі сандарды тура, кері санауға жаттықтыру, 8 санының бірліктерден тұратындығы туралы түсіндіру, цифрлық таңбасымен таныстыру. Санамақ-жаңылтпаштарды пайдалану арқылы балалардың тлін, логикалық ойлау қаблеттерін дамыту. Жіптен, ермексаздан, таяқшалардан 7,8 сандарының конфигурациясын құрастырып жасауға үйрету арқылы сандар туралы түсініктерін бекіту. Тапсырманы орындауда ауызбіршілікке, шығырмашылыққа тәрбиелеу.
Құрал жабдықтар: Сылдырмақ, балықтар мен таяқшалардың жиыны. Әр түрлі сандардың цифрлық таңбалары. Киіз үйлердің силуеттері, жіптер, т.б қажетті құралдар.
Ұйымдастыру кезеңі.
Ертеңгілік жиын.
Сәлемдесу

Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, кәнекей бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Бүгінгі күннің жаңалықтарымен хабардар ету. Бүгін Аяулымның туылған күні, келіңдер әрқайсымыз жақсы-жақсы тілектер айтамыз. Аяулымға арнап өлеңдер оқып, ән айтып береміз. Сол сияқты бүгін 3 орталықта қандай жұмыс жасайтындықтары туралы әңгімелейді.
Орталықтарда жүгізілетін жұмыстар.
Балалар орталықтарға өз таңдаулары бойынша бөлінеді,гүлді алғандар өнер орталығына, кітапты алғандар әдебиет орталығына, үшбұрышты алғандар математика орталығына.
«Математика» орталығындағы жұмыс тәрбиешінің басшылық жасауымен өткізіледі.
«Дұрыс тыңдап орында» математика-логикалық ойын.
Тәрбиеші сылдырмақты сылдырлатып балалардан сылдырмақ неше рет дыбыс шығарғандығын сұрайды. Балалар санай отырып, неше рет соғылғанын табады. Сол санның цифрлық таңбасын көрсетеді.
Өткен сабақты қайталап, қандай цифрлармен танысқандарын, олардың неше бірліктен құралатынын еске түсіріп, тәрбиеші балықтардың су асты патшалығында өмір сүретінін әңгімелейді. Балықтар суреті тақтаға ілініп, неше балық екені саналады. Барлық саны – 7. Күндердің күнінде су патшалығына бір балық келіп қосылады. Барлығы неше балық болды? (8). Өзен жағасындағы тұрғындар 8 санын білмей, басқа су патшалығынан көмек сұрайды. Онда сегізаяқ патша болыпты. Сегізаяқ: «Егер менің тапсырмамды орындасаңдар, 8 санымен танысуға көмектесемін», - дейді.
Менің патшалығымдағылар қайда өмір сүреді? (Шаян төменгі сол жақ бұрышта, кит жоғарғы оң жақ бұрышта т. б.) Олар нешеу?
Сегізаяқ өзінің аяқтарын санатып, 8 санын үйретеді.
Балаларға 8цифрын көрсету.
Кел, балалар санайық
Жетіге бірді қосайық
Жаңа шыққан санды біз,
«Сегіз» деп енді атайық.
«Әдебиет» орталығындағы жұмыс топтың екінші тәрбиешісінің басшылығымен жүргізіледі.
8 санына байланысты жаңылтпаш жаттау Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім,
Неше кіші ішік піштім?
Тәрбиеші тақтаға жеті кесенің суретін іледі. 7 кесеге 1 кесе қоссақ, 8 кесе болады. Өзеннің оң жағасындағы киіз үй нешеу? Ал сол жағында неше киіз үй бар? Барлығы неше киіз үй? 8 цифрымен таныстыру.
Логикалық есептер шығару
Алты қонжық орманға
Бара жатты қорбаңдап,
Бірі олардың шаршады,
Әрі қарай бармады.
Қанша қонжық кетті алда?
Айтшы, бақа, бақашақ,
Міне, сені сынар шақ.
Бірге екіні қосқанда,
Қанша болмақ санасақ?
Жауап берді бақашақ:

Аулада жүрген тауықтың
Жер қазуға үшеуі,
Күнге күйіп екеуі,
Күлге аунауда үшеуі.
Сонда қанша тауық бар?

Түйенің төрт ботасы
Асыр салды алаңқайда
Екеуі кеп әлдеқайдан
Әлгілерге қосылды,
Ойын әрі созылды.
Саны олардың . . . болды?

Үйге кірді Алдияр,
Оған қоса Мадияр,
Кейін келді Айдана,
Қаншаболды бар бала?

Қызыл, сары, көгілдір-
Беткейде өскен небір гүл.
Күлгін түсті тағы бар,
Алқызыл да табылар...
Ажыратып, санаңдар,
Қанша бояу сонда бар?

Үйшікте мына бір сәулетті
Тұратын қай мықты әулетті?
Мен-тышқан-шиқылдауық,
Мен-қоян-желаяқ,
Мен-түлкі-керіммін,
Мен-қасқыр-серімін.
Бәріміз тұратын көңілді,
Қажетті сәулетті көр үйді.

Жеті алманың екеуін,
Досың сұрап алды.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалды.

Табақта бес алма,
Қолыңда үш алма.
Барлығын қосқанда,
Болады неше алма.
«Өнер» орталығындағы жұмыс ата-аналардың басшылық жасауымен жүргізіледі.
І. Сегіз таяқшаны пайдаланып, түрлі заттар құрастырады.
ІІ. Жіппен 8 санын жасау. Ермексаздан сегіз санының мүсінін жасату.
Қоңырау үнімен ортаға жиналады.
Балалардан орталықтарда не жасағандықтары туралы сұрайды.
Сергіту сәті.
Балалар орталықтармен ауысып жұмыс жасайды.
Қоңырау белгісімен ортаға жиналады. Не жасағандары жайлы айтады.
«Қай сан жоқ?» ойыны.
Балалар көздерін жұмып тұрады. Тәрбиеші бір санды сан қатарынан алып тастайды. Балалар қай санның жоғын табады.
Санамақтар
1 Рабия:
Біздің үйде бір тауық,
Бір жұмыртқа жүр тауып.
Бір сиыр бар қорада,
Бәтіш тәтем жүр сауып.
2 Рахат:
Екі аяқпен жүремін,
Екі көзбен көремін.
Екі қолым бар менің,
Екеу құлақ, білемін.
3 Аида:
Үйімде бар үш қалам,
Үшеуін де ұштаған.
Үш досымды салдым мен,
Үш балыққа ұқсаған.
4 Әділжан:
Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да...
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.
5 Зарина:
Бестік деген бағаны,
Бақыт күнде алады.
Бәрі жақсы көреді,
Беске оқыған баланы.
6 Аделя:
Алақай дер келді күн
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада енді кім?!
7 Мөлдір:
Жеті саны киелі,
Жұрттың бәрі біледі.
Жеті жасқа жеткендер,
Жығылмай-ақ жүреді
8 Зейнеп:
Сен де, мен де баламыз,
Сегіз санын саламыз.
Сегіз деген екі төрт,
Сегіз жаста ағамыз.
Қорытындылау.
- Балалар бүгін қай санмен таныстық?
- 8-ге дейін тура және кері санаңдар.
- Сегіз аяғы бар қандай жануар? Ол қайда өмір сүреді?
Мадақтау.
Сабаққа өте жақсы қатысқан балаларға қызыл жұлдызша, қалған балаларға сары жұлдызша тарату.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
Категория: Дошколенок | Добавил: shynar9842
Просмотров: 1320 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 0:59 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru