Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Жалпы ата-аналар жиналысы Тақырыбы: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
2014-12-12, 7:09 PM
Жалпы ата-аналар жиналысы
Тақырыбы: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы, ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жетуі, шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу. Өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс — әрекетіне қабілетті, еркін және жан — жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.
Ата-аналар жиналысы болатын залда музыка әуені ойналып тұрады. Жиналыс ата - аналар мен балалардың дайындаған кішігірім көрінісімен басталады.

Күн тәртібі:
1." Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту". Тәрбиешілер
2. Түрлі сұрақтар. Ата-аналар, тәрбиешілер
3. Мастер-класс "Бояуға қолды батырамыз". Ата-аналар, тәрбиешілер

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:
Шақыру билеттерін дайындау.
Слайд: "Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту".
Балабақшадағы балалардың шығармашылық жұмыстарынан көрме.
"Мастер-класс" көрсету үшін атрибуттар дайындау.
Жабдықтар:
Бояулар, қылқалам, шар (шар ішінде сұрақтар жазылған), балалар жұмыстарынан көрме (суреттер, жапсырмалар т.б).

Зал ішінде үстел,үстел үстінде сурет сабағына қажетті құралдар тұр (бояу, қылқалам т. б.).

І. Түлкішек келеді. Ол достарын сурет салуға шақырады. Аянұр келіп отырады, ал Арслан болса ұзақ келмейді,біраз уақыттан соң келеді. Арслан отырғаннан кейін, Түлкішек балаларға Гүл періштесі туралы ертегі айтып береді.
Түлкішек:
-Бүгін балалар, түймедақ гүлінің суретін саламыз.
Түлкішек суреттің салу жолын түсіндіреді, суретті салып көрсетеді.Мұқият тыңдап отырған бала суретті Түлкішек түсіндіргендей бейнелейді. Ал Арслан болса тыныш отырмай, суретті дұрыс салмайды. Түлкішек салынған екі суретті салыстырады. Аянұрдың салған суретін мақтайды.Арсланға ескерту айтады.

Жиналыстың барысы:
-Құрметті ата-аналар! Бүгінгі жиналысымыздың тақырыбы: Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Бала – біздің болашағымыз. Олай болса мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту – баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі. Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдайтын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі. Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық – тарихи іс – әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен.
«Шығармашылық» деген сөздің төркіні, этимологиялық «шығару», «ойлап табу» дегенді білдіреді. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке жету деп түсіну керек. Философиялық сөздік: «...шығармашылық – қайталанбайтын, тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс – әрекет, - деп түсіндіріледі.
Балабақшадағы балалардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіде, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейін жинақталған тәжірибесін меңгерсе, екіншіден, кез келген бала шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттіңайырмашылығы – ол баланың өзін – өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс – тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Бүгінгі күні балабақша балалары кез келген шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық керек.
Енді қойылымның мән-мағынасына оралайық. Аянұр мен Арсланның іс-әрекеттерін талқылайық. Осы екі баланың қайсысының шығармашылық қабілеті жақсы дамыған? Осы орайда, балалардың шығармашылық қабілеттерін қалай дамытамыз?

ІІ. Музыка ойналады.
Шардың ішінде сұрақтар бар. Егер сұраққа жауап бере алмасаңыз, келесі кісіге беріңіз.
(Ата-аналар өз ойларын, пікірлерін айтады, сұрақтар қояды.)
- Шығармашылық қабілет дегенді қалай түсінесіз? Баланың шығармашылық қабілетін қалай арттыруға болады?
Балалық шақ балалардың шығармашылығын арттыруға қолайлы, бұл шақта бала бәрін білгісі, үйренгісі келеді, қоршаған ортамен танысқысы келеді. Балалардың ой-өрісі ересектерге қарағанда еркін ойлайды.
-Қалай ойлайсыздар, шығармашылық қабілетті арттыру үшін, оның қандай түрлерін қолдануға болады? (сурет салу, драматизациялау, құрастыру).
Ата-аналарды назарын көремеге аудару (суреттер, қолөнер, жапсырмалар).

ІІІ.
-Құрметті ата-аналар, сіздерді балалақ шаққа оралуға ұсынамын. Өздеріңізді "мектеп жасына дейінгі баламыз" деп ойлаңыздар.
Мастер-класс "Бояуға қолды батырамыз"
Ата-аналарға өз баласының портретін саусақпен салуды ұсыну. Жұмыс соңында көрме ұйымдастыру: "Тәп-тәтті - балалар".
- Бала сезімі ерекше сезімтал болып келеді. Олар барлық нәрсені жұмсақ қабылдайды. Өз ойларын еркін айтады. Олар театр көріністерінен, ертегілерден ерекше әсер алады. Балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, олардың дүниетанымын, ой-өрісін дамытамыз.

Ата- аналарға "Қиял еліне" саяхатқа баруды ұсыну.
Ойын шарты: Сізге берілген рөлді ойнап шығуыңыз керек. Сол рөлді қимылмен көрсету керек. Мысалы, сіз-әке, сіз-ана, сіз-шәйнек т.б..
Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, 26-үй. Жаз мезгілі. Таң атып келеді. Барлығы ұйқыда.Үйдің жанына қоқыс жинайтын көлік келіп тоқтады. Автосигнализация қосылып кетті. Анасы ұйқысынан оянды. Шәйнекті газға қояды. Әкесі жуынатын бөлмеге кірді. Есік сықырлады. Баласы жылады. Анасы баласын жұбатты. Барлығы жиналды. Енді әжесіне бару керек. барлығы көлікке отырды. Есік жабылды. Матор оталды. Көлік трассада кетіп бара жатыр. Оның қасынан қатты жылдамдықпен бір көлік өте шықты. Алда пост ГАИ. Миллиционердің ысқырығы. Әйтеуір бізге емес. Трассадан бұрылды. Алдымызда ауыл. Ит үрді. Қаздар қаңқылдады. Үйректер шулады. Шошқалар қорсылдады. Кенеттен...
Енді осы оқиғаны тек қимылмен көрсетеміз.
Осындай ойындарды үйде ойнап тұру керек. Бұл ойындар баланың шығармашылық қабілетін арттыруға өте пайдалы.
-Бүгін біз, балалық шаққа бір барып қайттық.

Балаларына көп көңіл бөлетін, үнемі көмектесетін ата-аналарға алғыс хаттар тарату.
Категория: Дошколенок | Добавил: shynar9842
Просмотров: 3027 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 1:33 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru