Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Мал фермасы
[ Скачать с сервера (22.1 Kb) ] 2015-02-02, 9:37 PM
Күні: 20.01.2015ж.
Білім беру саласы: Таным.
Білім беру бөлімі: Құрастыру.
Тақырыбы: Мал фермасы.
Мақсаты: Балалардың оқу іс әрекетке деген қызығушылықтарын ояту.
Қораны құрастыру жолдарын үйрету, ақыл ойын дамыту.
Көрнекіліктері: Слайд, түрлі текшелер, жануарлар туралы дамытушылық
ойын.
Билингвалды компонент: Үй жануарлары домашние животные.
Іс әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс әрекеті

Мотивация-лық қозғаушылық Шаттық шеңбері:
Білер қазақ баласы,
Сәлем сөздің анасы.
Көп танысты көреміз,
Алдымыздан кезіккен.
Бәрінеде ізетпен,
Иіліп сәлем береміз.

Балалар менің артымнан қайталайды.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік -Балалар мен сендерге бір мақал айтқым келіп тұр:
Түйе малдың үлкені,
Жылқы малдың үркегі,
Сиыр малдың сүттісі,
Қой түліктің құттысы.
-Сонда бұл мақал не туралы болып тұр?
-Дұрыс, осы төрт түлікті біз басқаша қалай айтамыз?
-Неге біз оларды үй жануарлары дейміз?

-Ал осы үй жануарлардың адамдарға пайдалары бар ма?
-Сиырдың қандай пайдасы бар?
-Дұрыс. Қой бізге не береді?

-Жарайсыңдар. Жылқы не береді?

-Жарайсыңдар. Ал түйе не береді?

-Өте дұрыс, жарайсыңдар. Ал ешкі не береді?

-Көрдіңдер ме балалар, төрт түліктің адамдарға берер пайдасы өте көп, сондықтан біздер малды бағып-қағуымыз керек. Оларға әр қашанда қамқор болып, жемін, шөбін, суын беріп тұруымыз керек.

-Жұмбақ шешесіңдер ме?
(балаларға әр үй жануарлары туралы жұмбақ жасырамын, олардың дыбысын мен пайдасын айтып көрсетемін).
-Сиырдың төлін қалай атаймыз?
-Дұрыс. Бұзау туралы кім тақпақ айтады?

-Жарайсың Назерке. (Сиырдың суреті мен пайдасын көрсетемін).
-(Қой туралы жұмбақ жасырамын).
-Қойдың төлін қалай атайды?
-Жарайсыңдар, осы қошақан туралы кім тақпақ айтады?
-(Қошақанның суреті мен пайдасын көрсетемін).
-Өте жақсы балалар. Ал жылқының төлін қалай айтады?
Құлыншақ туралы кім тақпақ айтады?

-(Жылқының суреті мен пайдасын көрсетемін).
-Балалар кім айтады: Түйенің төлін қалай атайды?
-Ботақан туралы кім тақпақ айтып береді?
-(Түйкнің суреті мен пайдасын көрсетемін)
-Ал ешкінің төлін қалай атаймыз?
-Дұрыс.Кім лақ туралы тақпақ айтады?
-Жақсы.(Лақтың суреті мен пайдасын көрсетемін).
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.

Ғажайып сәт: Ой, балалар қараңдаршы аспаннан хат ұшып келді ғой. Ашып оқып көрейік: (хатты оқимын). Балалармен ауыл фермасындағы қораны құрастырамыз.
-Жарайсыңдар балалар, ал енді сендер айтыңдаршы, төрт түліктен басқа тағы қандай үй жануарларын білесіңдер?

-Дұрыс. Сендер олардың қалай дыбыстайтынын білесіңдер ме?
-Ал сендер ойын ойнағыларың келеді ме?
Ойын: «Үй жануарларын ажырат және дыбыста»

-Төрт түлік мал.

-Сиыр, қой, жылқы, түйе, ешкі.
-Үй жануарлары.
-Себебі, олар адамдармен бірге, олардың қораларында тұрады.

-Иә.
-Сиыр бізге етін, сүтін береді.
-Жүнін, етін береді.
-Етін, қазысын береді.
-Қымызын береді.

-Етін, түбітін береді.

-Иә.

-Бұзау.
-Назерке:
Ақ бұзауым ұнайды,
«Мө мө» деп сүт сұрайды.
Келеді өсіп күн сайын,
Тұмсығын созып қарайды.
Тілімен мұрнын жалайды.

-Қозы, қошақан.

-Раджана:
Кіп-кішкене момақан,
Қошақанды ұнатам.
Сүйеді апам қозым деп,
Қошақаным өзің деп.

-Құлыншақ.
-А.Жансұлу:
Құлыншағым құндызым,
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.
-Ботақан.
-Фая:
Айналайын ботам,
Қандай күлте жотаң.
Табандарың жалпақ,
Теріп жейсің жантақ.
-Лақ.
-Ш.Жансұлу:
Шөре-шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Секектеме деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
-Балалар қимылмен орындайды.

-Ит, мысық, тауық, әтеш, т.б.

-Иә.
-Иә.

Рефлексия-
лық-
түзетушілік -Сонымен балалар, біздер бүгінгі құрастыру оқу іс-әрекетімізде не туралы айттық?

-Біздер үй жануарларына қамқор болуымыз керек пе?
-Біздер жаңа оларға көмектесіп, не істедік?

-Өте жақсы балалар, жарайсыңдар. Сендер барлығыңызда бүгінгі оқу іс-әрекетке жақсы қатыстыңдар.
-Үй жануарлары туралы.

-Иә.
-Қора құрастырдық.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Үлкен құрылыс материалдарынан мал қорасын
құрастыруды білу керек.
Нені игерді: Құрылыс материалдарын дұрыс орналастыруды игерді.
Нені біледі: Құрылыс материалдарының негізгі бөлщектерін ажырата біледі.
Категория: Дошколенок | Добавил: Мас
Просмотров: 1706 | Загрузок: 40 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 11:24 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru