Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Асхана құралдары
2015-02-13, 5:04 PM
М. Нуржанова.
«Аружан» мектепке дейінгі шағын орталығы,
«Балдырған» ортаңғы тобының тәрбиешісі.
Семей қаласы.

«Асхана құралдары»

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімдері: «Қоршаған ортамен таныстыру»
Мақсаты: Білімділік: ыдыстар мен асхана құралдарды таныстыра отырып, салыстырмалы түрде сипаттап айтып беруге үйрету. Ыдыстардың алуан түрлі болатындығын, қажеттілігін түсіндіру.
Дамытушылық: ыдыстарды сақтау ережелерімен таныстыру. Ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Сұраққа толық жауап беруге үйрету. Тәрбиелік: тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: асханалық ыдыс-аяқтар суреттері, ойыншық ыдыстар. Сөздік жұмыс: асхана құралдары, ыдыстар. Билингвальді компонент: Ыдыс-посуда, қасық-ложка, шанышқы-вилька.

Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық

«Біз бақытты балдырған»
Қане, қане тұрамыз. Үлкен шеңбер құрамыз. Біз бақытты балдырған Біз көңілді балдырған Ойыншықпен ойнаймыз. Тату-тәтті боламыз.

Ғажайып сәт: Топқа аспазшы апай суреттер әкеледі. Балалар, суретті тамашалау үшін жұмбақ шешу керек.
Тәрбиеші, балаларға жұмбақ жасырады.

Кесе, шыны, пиала... Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз-
Бәрінің атын не дейміз? (Ыдыс)

Ыдыстардың суреттерін тамашалау.

-Ыдыстар ағаштан, металлдан, шыныдан, пластмассадан жасалады. Ыдыстың түрі өте көп. Ыдыстарды күтіп ұстау керек. Шыны ыдыстар сынып қалады, металл ыдыстан майысып қалады.

Балалар шаттық шеңберін құрып, өлең жолдарын айтады.

Балалар қызыға қарайды.

Балалар тәрбиешінің сөзіне құлақ салып тыңдайды.

Балалар жұмбақтың жауабы «ыдыс» - деп жауап береді.

-Кесе, шәйнек, ас қасық, кастрөл, таба, шанышқы, шай қасық, ожау, қантсалғыш.

Ұйымдастыру –
іздестіру

Үстел үстіне ыдыс аяқтар қойылған.

-Үстелдің үстінде не тұр?

-Осы заттардың барлығын бір сөзбен айтқан да не деп атаймыз?
-Ыдыстар өте қажет болғандықтан оны күтіп ұстау керек.
-Біз оларды не үшін пайдаланамыз?

-Балалар шайды қандай ыдысқа қайнатады?
-Шәйді қай ыдысқа құямыз?
Ал, енді балалар біз түскі асқа көже дайындау үшін қандай ыдыстарды пайдаланамыз.
Түскі ас дайындалды.
-Енді осы асты қандай ыдысқа салуымыз керек? Олар шұңғыл және жалпақ болады. Ол қандай ыдыс?
Балалар біз бірдеңе ұмыттық. Ас ішуге отырғанда ең қажетті не деп ойлайсыңдар? Оларсыз тамақ ішпейміз.
-Дұрыс айтасыңдар, қасық, шанышқы, пышақсыз ас ішу мүмкін емес. Осы құралдарды асхана құралдары деп атаймыз.
Қанеки, қайталайқ «Асхана құралдары».

Сөздік жұмыс: асхана құралдары, ыдыстар. Билингвальді компонент: пышақ-нож-найф, қасық-ложка, шанышқы-вилька.
Сергіту сәті: 06-04-«Ә»№1
Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз. Қанат қағып ұшамыз, Қарлығаштай самғаймыз.

-Балалар біз келген қонақтарға шәй беруіміз керек. Бірақ ыдыстарымыз сынып қалыпты. Осы ыдысты құрастырсақ қайтеді. Олай болса үстелге жайғасыңдар, ыдыстарды құрайық.

-Қандай ыдысты құрастырдық?
-Ыдыстарымыз әдемі болды. Рахмет сендерге, қонақтарға әдемі ыдыспен шәй беретін болдық.

Ойын «Асханада».
Шарты: бір бала аспазшы болады, бір бала- қонақ болып тамақтануға келеді.
Келген қонақты тамақтандыру керек.
-Сәлеметсізбе?, қош келдіңіз!Тамақ ішіңіз.

-Бізде палау, тауық еті, сорпа, тұшпара бар.
-Отырыңыз, (ыдыстарға тамақ салып, шәй құйып апарады). Ас болсын.

-Балалар дастархан өте киелі болғандықтан қазақ халқы барлық жағдайды, қызық-қуанышты, қайғыны осы дастархан басында шешкен.
-Ас болған жерде бата беріледі. Ендеше батаға кезек береміз.


-Кесе, шәйнек, қасық, кастрөл, саптаяқ, таба, тәрелке, шанышқы, пышақ.(бір бала бір ыдысты атайды).

-Олардың барлығын ыдыстар -деп атаймыз.

-Біз оларды тамақ пісіруге, ішуге пайдаланамыз.
-Шәйнекке қайнатады.
-Шәйді саптыаяққа құямыз.

- Көжені кастрөлге пісіреміз.

-Тәрелкелер.

-Қасық.

-«Асхана құралдары».

Балалар сөздерді қайталап айтады.

Балалар бой сергіту жаттығуын жасайды.

Балалар ыдыстарды құрастырады.

Әр бала құраған ыдыстарын айтады.

-Сәлеметсізбе, қандай тамақтар бар?
-Тұшпара беріңіз, шәй беріңіз.
-Рақмет. (тамақ ішеді)
-Тамақ өте дәмді, рақмет,

«Амандық берсін басыңа,
Қадір келсін қасыңа.
Бар екем деп тасыма,
Жоқ екем деп жасыма.
Еңбек етсең ерінбей,
Дәулет келер қасыңа. Әумин!
-Сау болыңыз.

Рефлексивті-
түзетушілік
-Асхана құралдарын атаңдаршы?
-Қандай ыдысқа тамақ пісіреді?

-Піскен асты қай ыдысқа саламыз?
-Қандай құралмен жеу керек?

-Шәйді қай ыдысқа қайнатады?

-Шанышқы, қасық, пышақ.
-Кастрөлге, табаға тамақ пісіреді.
-Піскен асты тәрелкеге салады.
-Қасықпен, шанышқымен жеу керек.
-Шәйді шәйнекке қайнатады.
Күтілетін нәтижесі:
Нені білу керек: асхана құралдарының аттарын біледі.
Нені игереді: ыдыстардың алуан түрлілігін, ыдыстарды сипаттап айтуды;
Нені біледі: дастархан мәзірін жасауды, ыдыстарды ұқыпты ұстауды.
Категория: Дошколенок | Добавил: Мейрамгул
Просмотров: 2499 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 5:02 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru