Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Наша библиотека

Главная » Файлы » В помощь учителю » Дошколенок

Жабайы жануарлар
2015-03-05, 6:27 PM
Алматы облысы
Қарасай ауданы
Қаскелең қаласы
"Сандуғаш" балабақшасының тәрбиешісі Байбосынова Салтанат Жанболатовна
Екінші кіші топ
Білім беру салалары: "Таным", "Әлеуметтік орта","Шығармашылық",
Бөлімі: экология, қоршаған ортамен таныстыру, сурет.
Тақырыбы: Жабайы жануарлар қыстыгүні (қоян, түлкі, қасқыр, тиін)
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілінде жануарлардың қалай тіршілік ететінін түсіндіру. Жануарлар дүниесіне сезімін ояту. Жабайы жануарлардың қыстағы тіршілігін, немен қоректенетін әңгімелеу. Танымдық қызығушылықтарын арттыру. Балаларға әңгімелеу арқылы сөздік қорын, ойлау қабілетін, дүниетанымын, қабылдауын атрттыру. Жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: жабайы жануарлар жайлы суреттер, слайд, ойыншықтар, бояу қаламдар, пазлылар.
Барысы:
Шаттық шеңбері
Арайлап атқан таңды сүйемін!
Шуағын шашқан күнді сүйемін!
Аялаған анамды сүйемін!
Қоршаған бар әлемді сүйемін!
Балалардың қызығушылығын ояту.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Кім қыс туралы тақпақ айтып береді?
Нұрболат:
Аппақ көше бар дала,
Аппақ ой мен қыраттар.
Ақ шатырлы қар дала,
Ақ жамылып тұр бақтар.
Балаларға жануарлардың суртерін көрсету.
- Балалар жабайы аңдар қайда өмір сүреді?
- Балалар, қараңдаршы мұнда не жасырынып қалған?
Қоян шығады:
- Сәлемет пе, қоян! Сен қандай аппақ, жап-жақсысың! Сен мұнда неге жасырынып қалғансың?
- Мен қар астында жауларымнан тығылып жатырмын.
-Балалар, қоян неден қорқады?
-Қасқыр мен түлкіден қорқады.
-Қоян, сен орманда тоңбайсың ба?
-Жоқ. Менің үйім жылы, үлпілдек жүнім бар, онымен қоса мен жылдам жүгіремін. Қасқыр мен түлкі маған қуып жете алмайды.
-Ой, ой тығылмаса болмайды!
Тәрбиеші қоянды тығып қояды.
- Балалар мынау не? Әдемі жирен тон киген, құйрығы ұзын, бұл қандай жануар?
-Түлкі.
-Түлкі, сен орманда тоңбайсың ба?
- Жоқ. Менің жүнім жып-жылы.
- Ал, сен немен қоректенесің?
-Мен тышқандарды, құстарды және қоянды аулап жеймін.
-Балалар, сендер қоянның қайда кеткенін көрсетесіңдер ме?
Балалар бұған келіспейді.
-Онда мен осы жерде отыра тұрайын.
Бір кезде қасқыр келеді.
-Балалар, таныдыңдар ма? Мынау қандай жануар?
- Қасқыр, сен орманда тоңбайсың ба?
- Жоқ. Менің жүнім жылы.
- Қасқыр сен қайда тұрасың?
-Мен апанда тұрамын.
- Қасқыр жыртқыш аң. Ол үнемі аш болып жүреді. Қасқыр өзінің жемін аулап жейді.
Бір кезде тиін көрінеді.
- Ал, мынау қандай аң? Түлкі ұқсайды екен, бірақ түлкі емес.
-О не дегеніңіз! Мен тиінмін. Бұтақтан бұтаққа секіріп, кепкен саңырауқұлақтар мен жаңғақтарды, шырша бүрлерін жеймін.
-Тиін сен кірпі мен аюды көрмедің бе? Олар қайда?
- Олар ұйықтап жатыр, күн жылынып, көктем шыққанда оянады.
-Рахмет саған, тиін.
-Балалар, бізге қонаққа қандай аңдар келді?
Балалардың әңгімесі тыңдалады.
Сергіту сәті
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
Балалар өз қалаулары бойынша орталықтарда жұмыс жасайды.
І "Өнер" орталығында балалар жануарларға арналған сыйлықтарды бояйды.
ІІ "Құрылыс" орталығында балалар пазлымен жабайы аңдарды құрастырады.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
Қорытындылау.
- Балалар, сендер не жасадыңдар?
- Балалар қасқыр, қоян, түлкі, тиін, аю, кірпіні бір сөзбен қалай айтуға болады?
- Жабайы аңдар қыста неге тоңбайды?
Категория: Дошколенок | Добавил: shynar9842 | Теги: Байбосынова
Просмотров: 1326 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 0:42 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Психология [194]
Педагогика [338]
Математика [864]
Физика [274]
История [385]
Классному руководителю [571]
Русский язык и литература [770]
Физическая культура [246]
Английский язык [456]
Искусство [204]
Родительский совет [19]
Биология [360]
Информатика [398]
Начальная школа [2040]
Мой Казахстан [258]
Технология [147]
Самопознание [197]
Технология труда [66]
Персональная рубрика учителя технологии труда Шукурова Суюнгали Сагинтаевич. Западно-Казахстанская область,Жанибекский район,СОШ имени Т.Жарокова
НВП и ОБЖ [47]
Профессиональное образование [180]
Дошколенок [574]
География [142]
Школьная библиотека [55]
Казахский язык и литература [642]
Химия [54]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru